1.Оқушылармен амандасу. Мұғалім сыныпта жағымды ахуал орнату үшін «Ыстық алақан» тренингін ұйымдастырады.(оқушылар өздерінің алақандарын бір-біріне жақын ұстап,мейірімді сөздер айтады,мысалы,«Сен әдемісің,ақылды-сың» және т.б.)
2.Сыныпты топтарға бөлу. Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің басшысын және топтың атауын таңдайды.
3.Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту, проблемалық жағдай туғызу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін «Жұптас-бөліс»әдісін қолданылады. Төмендегі сұрақ талданады:1.Бренд дегеніміз не? 2.Брендтің құрамдас элементте-рін сипаттаңыздар. Оқушылармен әңгімелесу барысында мұғалім сабақтың тақырыбын анықтайды. Олар сабақтың мақсаты мен міндеттерін болжайды.
Сабақтың ортасы-тақырыпты өз бетімен меңгеру 10 минут
1.«Сұрақтарға жауап берейік» дағдысы. Топтық жұмысты ұйымдастырыңыздар.Берілген сұрақтарды талқылаңыздар.
1.Мақсатына байланысты жарнаманың қандай түрлері бар?
2.Орналастыру орны мен түрлеріне қарай жарнаманың қандай түрлері болады?
3.Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнаманың мазмұнын қалай сипаттауға болады?
4.Сыртқы жарнама дегеніміз не?
5.Кездейсоқ жарнаманың мазмұнын қалай сипаттауға болады?
6.Кәдесыйлық жарнаманың мазмұнын қалай сипаттауға болады?
7. ATL дегеніміз не?
8. BTL дегеніміз не?
2)Оқушылар бірін-бірі толықтыра отырып,жұптар өз кезегінде жауаптарын береді. Олар мұғаліммен негізгі идеяларды талқылайды,оларды дәптерлеріне жазады.
2.«Ойланайық, талқылайық» дағдысы.Топ ішінде талқылаңыздар.ATL және BTL-ге бөлу қалай қалыптасты?Пікір алмасу.
Сергіту сәті 2 минут
«Жеті шырық» жаттығуы ( жақсы баяу музыкамен орындалады) Ыңғайлы отырып, көзіңізді жұмыңыз, терең демалыңыз. Сізден шамалы бір метр қашықтықта жеті жанып тұрған шырық бар екенін елестетіп көріңіз....мүмкіндігінше баяу, терең дем алаңыз.
Енді осы шырақтардың біреуін өшіру қажет деп ойлап көріңіз.Демді толығымен шығарып, оның бағытына қарай барынша үрлеңіз. Шырақ жалыны дірілдеп барып өшеді. Сіз қайтадан баяу тыныс алып, қалған шырақтарды біртіндеп үрлеп өшіресіз.