4.«Сұрақтарға жауап берейік» дағдысы. Мұғалім тақтадағы сұрақтарды көрсетеді және оларға оқулықтан жауап табуды сұрайды (жеке жұмыс)
Сұрақтар: Нарықтық тепе-теңдік дегеніміз не?
Экономикалық теорияда нарықтық тепе-теңдікті қарастыратын қандай тәсілдер бар?
Икемділік дегеніміз не?
Икемділік коэффициенті дегніміз не?
Икемділіктің қандай түрлері бар?
Ұсыныс икемділігінің қандай негізгі түрлері бар?
Пайда бойынша сұраныс икемділігінің негізгі түрлері қандай?
Дефицит деген не?
Профицит деген не?
5.«Ойланып, талқылайық» дағдысы 1.Неліктен икемділікті түрлерге бөлу айтарлықтай шартты болып табылады?
2. Неліктен бұрынғы экономистер нарықтық тепе-теңдікті өздігінен теңдік нүктесіне келе алатын жағдай ретінде қарастырған?
3. Неліктен Леон Вальрас нарықтық тепе-теңдікті сандық бағалаумен байланыстыра қарастырды?
4. Неліктен Маршалл бойынша баға сұраныс және ұсыныс көлемінің қызметі болып табылады?
5. Неліктен профицит өнімнің бағасын төмендетуге себеп болады?
6.«Талдап, салыстырайық» дағдысы. Топтық жұмыс. «Құндылықтар спектрі» әдісін пайдаланып, тапсырмаларды орындаңыздар:
Вальрас және Маршалл бойынша нарықтық тепе-теңдікті орнату тәсілдерінің айырмашылығы неде?
Вальрас және Маршалл бойынша нарықтық тепе-теңдікті орнату тәсілдерінің ұқсастығы неде?