Сабақтың тақырыбы: Кәсіпкерліктің принциптері мен формасы. Сабақтың мақсаты



Дата09.08.2017
өлшемі49,29 Kb.
#23218
түріСабақ
Атырау облысы Индер ауданы Көктоғай ауылы Б.Нысанбаев атындағы орта мектебінің бейнелеу өнері,сызу,технология пәндерінің мұғалімі Сабыргалиева Гулжан Тулеуовна

Сыныбы: 8



Сабақтың тақырыбы: Кәсіпкерліктің принциптері мен формасы. Сабақтың мақсаты:  рыноктық экономика жағдайында жұмыс істейтін  кәсіпкерлік және оның мәні, мақсаты, міндеті туралы  мағлұмат  беру.

Сабақтың міндеттері:



 Білімділік:  кәсіпкерлік және кәсіпкерлік қызметтің экономикадағы формасы туралы білім беру.
Дамытушылық : оқушыларды табыс табу мақсатында тәуекелділікке және жұмыс барысын дұрыс ұйымдастыра білуге баулу.
Тәрбиелік : кәсіпкер болуға, іскерлікке қабілетті болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілдері: проблемалық ситуация тудыра отырып түсіндіру, ой-қиялға үңілу, ынтымақтастықта оқыту.

Сабақтың көрнекілігі: тірек –сызбалар, сурет-сызбалар, үлгі беттері, таратпа материалдар, слайдтар.

Пәнаралық байланыс: экономика, тарих,сурет.

Сабақтың жүру барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Дайындық бөлім: оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, зейіндерін сабаққа аудару.



Өткенді қайталау(5 минут)

Өткен тарау бойынша бейне сұрақтарға жауап беру. Сұрақ қойылады, берілген жауапты тексеру үшін дұрыс жауап беріледі.

  1. Белдемшелер қандай силуэте болады?(тік етекті, ең етекті , тар етекті.)

  2. Белдемшеге алынатын өлшемдер?(белдің жартылай орамы, мықының жартылай орамы, бұйымның ұзындығы, арқаның белге дейінгі ұзындығы)

  1. Белдемше неше бөліктен тұрады? (3- алдыңғы бой, артқы бой, белдік)

  2. Белдемшенің технологиялық өңделу қалай орындалады?(толық жауап)

Жаңа сабақ.

  1. Кілт сөз арқылы сабақтың тақырыбын ашу. ( кәсіп) Тақтадағы кілт сөзге назар аудару. Слайд арқылы сабақтың тақырыбын ашу. (3 минут)

  2. Сөздік қормен жұмыс: кәсіп, кәсіпкерлік, бизнес жоспар, сұраныс, ұсыныс, бәсекелестік. (5 минут)

Жаңа сабақты баяндау. (10 минут)

Кәсіпкерліктің мәні, мақсаты, міндеті.

Өмір сүріп отырған ортамыз көз ілестірмес жылдамдық пен өзгеруде. Осыдан жиырма жыл бұрын мамандардан басқа адамдар қолданбайтын, «кәсіпекер», «бизнес», «коммерция» деген ұғымдар қазіргі кезде күнделікті қолданатын ұғымдарға айналды.

Рыноктық экономика жағдайында жеке адамдардың табыс табу жолдары мынадай:

  • Жалдама жұмысшы жалақысы.

  • Бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік сатып, табыс табу.

  • Бағалы қағаздар иегері ретінде табыс табу.

  • Банк пайызы ретінде табыс табу.

Шынайы кәсіпкерліктің бастамасы адамдардың бәріне бар, бірақ әр адамда әрқалай дамыған. Егер музыкалық қабілет туа беріледі десе, кәсіпкерлік жүре пайда болатын формасы.

Кәсіпкерлік қызмет экономиканың шаған формасына жатады әрі ол ұжымда жүзеге асады. Кәсіпкерлік қызметті: кәсіпкер, кәсіпорын және тұтынушы жүзеге асырады.

Кәсіп орындарды өндірістік, коммерциялық, қаржылық деп бөледі. Өндірістік кәсіпорын материялдық және рухани құндылықтарды дайындайды. Коммерциялық кәсіпорын тауар түрлерін алып сатумен айналысады. Қаржы кәсіпкерлігінде алып – сатудағы зат - ақша болып табылады.

Кәсіпкерліктің принциптері мен формасы.

Өз жұмысын жүргізу үшін кәсіпкерге ерте ме, кеш пе жұмысшы жалдау қажет. Осы сатыдан бастап кәсіпекер менеджер рөлін атқарады. Жұмысты дұрыс жүргізуге бірнеше маңызды кеңестер ұсынайық.

  • Сыпайылық

  • Ұсақ – түйекке араласпау.

  • Жұмыста ең маңыздысы анықтық және дәлдік.

  • Жарнама және сапа.

  • Шыншылдық, әділеттілік.

Өз ісінде меншік иесінің рөлі. Бұл рөл қандай жеке меншіктің иесі болуыңа байланысты, меншіңтің иесі - жалғыз адам, толық құқықты иегер. Бірақ көптеген кәсіпорындардың ұжымдастыру формасы басқаша- қоғамдық, акционерлік, серіктестік. Серіктестікт е әр адамның өз үлесі болады. Ал акционерлік қоғамда әр адамның әр түрлі үлестегі пакет акциясы болады. Бұл басқаруға қатысуға мүмкіншілік береді. Шешім қабылдау дауысқа салумен жүзеге асады, әрбір қатысушының дауыс саныпакетакциясының үлес санына тең.

Ашық акционерлік қоғам (ААҚ)-шығаратын акцияға ашық жазылуға, оларды еркін сатуға құқылы. ААҚ акционерлерінің санына шек қойылмайды.

Жабық акционерлік қоғам (ЖАҚ) - акцияны тек құрылтайшылар арасында бөліседі.

Серіктес шаруашылық – капитал айналымы бар коммерциялық ұйым. Оларды жауапкершілігі шектеулі серіктестікке бөледі.

Сергіту сәті: Президенттің жолдауын тыңдау( 2014 жылғы, үзінді бейне баян 3 минут)



Тапсырма орындау: Тест. Егер сен бизнесмен болсаң. Нәтижесін бағалау. Жауаптарға балл беріледі.

Сабақты қорытындылау: Не білдім? Не үйрендім? Не үйренгім келеді? Сұрақтарына жауап беру арқылы қорытындылау (3мин)

Оқушыларды бағалау:Оқушыларға тартылған бағалау парғындағы бағаларды талдай отырып бағалау.(2 минут)

Үйге тапсырма: Кәсіпкерлік әдеп туралы сызбанұсқаны сылып толтыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет