- Өріс өлшемі (Размер поля) – берілген өріс үшін кесте бағанының тақырыбын анықтайды.
- Өріс форматы – өріс мазмұнын бейнелеу тәсілін береді.
- Қолтаңба – сәйкес өріс атына басқа баған тақырыбын береді.
Бұл пайдаланылатын өріс атына қарағанда ұзын және түсінікті баған тақырыбының болуы керек жағдайда пайдалы.
Енгізу маскасы (Маска ввода) – енгізілген символдарды тексеруді автоматтандыруға мүмкіндік беретін формат береді.
Енгізу маскасы деректердің позицияда қандай мөлшерде және қандай типте енгізілетінін көрсететін тұрақты символдардан (жақша, нүкте немесе дефистер) және арнайы символдардан тұрады. Енгізу маскасы деректердің анықталған форматқа және де әр позицияға енгізілген мәннің берілген типіне сәйкестігін қамтамасыз етеді. Енгізу маскасын беру үшін пайдаланылатын символдар 2-кестеде көрсетілген.