Сабақтың тақырыбы: Кестелік процессор құралдарымен деректер қорының кестесін құру. Іздеу,сұрыптау, қорытынды мәнін шығару



Дата01.06.2017
өлшемі50,41 Kb.
#17370
түріСабақ
Сыныбы: 9 «а»

Сабақтың тақырыбы: Кестелік процессор құралдарымен деректер

қорының кестесін құру.

Іздеу ,сұрыптау, қорытынды мәнін шығару

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: MS Access мәліметтер базасының негізгі объектілері

жайлы білімін қалыптастыру;

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын,танымдық

белсенділігін,ұқыптылығын арттыру;

Тәрбиелік:Оқушыларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу;

Сабақтың типі: Білім,іскерлік дағдыны жетілдіру

Сабақтың түрі: Интерактивті

Қолданылатын программалар:


  1. Microsoft Access программасы

  2. Microsoft Word программасы

  3. Microsoft Excel программасы

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Үй тапсырмасын сұрау «Ақпараттық диктант»

  3. Жаңа сабақ

  4. Зертханалық жұмыс. Оқушылар кестесін құру.

  5. Сергіту сәті

  6. Сабақты бекіту. Сауалнама

  7. Үйге тапсырма беру

  8. Бағалау

Ақпараттық диктант.

  1. Access программасы – бұл мәліметтер базасын басқару жүйесі

  2. Басқару жүйесі дегеніміз - көлемді мәліметтер жиынын тұтынушыларға ыңғайлы түрде бейнелеп, белгілі бір форматта сақтап қана қоймай, оны ары қарай өңдеуге арналған программалар кешені.

  3. Мәліметтер базасы (МБ) -информациялық жүйенің өңделетін объектісі, қоршаған ортаның белгілі бір саласының немесе бір пән аймағының нақты объектілері жайлы берілген мәліметтер жиыны.

  4. Әрбір кесте бекітілген бағаналар санынан және бірнеше (айнымалы) жолдар санынан тұрады.

  5. Макет – алдын ала жасалған бағаналар сипаттамасы (ені, мәлімет типі, келісім бойынша мәні, т.с.с.).

  6. Кестенің әрбір жолы жазба деп аталады. Жолдар рет-ретімен нөмірленіп отырады.

  7. Әрбір бағана өріс болып саналады, онда нақты мәлімет болады

  8. MS Access объектілері : кесте,форма,сұраныс,басылым,макрос және модуль

  9. Мәліметтер типтері: мәтіндік,сандық,ақшалай,санауыш,дата/уақыт,

логикалық,мемо өрісі,ole объектісі өрісі, гиперсілтеме,алмастыру шеберлері

Бірінші бағанға өріс атаулары енгізіледі. Егер қолтаңба қасиеті еңгізілмесе, онда болашақ кестенің сәйкес бағаны өріс атауымен аталады. Әрбір өрістің атауынаң жанында мәліметтер типі бағанында оның типі көрсетілген. Ол үшін сол ұяшыққа тышқан батырмасы пайда болады, оның ішіне кіріп тізімнен қажетті типті таңдап аламыз.


Бланкінің төменгі жағында өріс қасиеттерінің тізімі орналасқан. Оның кейбіреулері өзі алдын-ала берілген. Жалпы алғанда өріс қасиеттерін енгізу міндетті емес. Оны өз қалауымызша баптауымызға болады.
Кестені құрған кезде түйінді өрісті енгізген дұрыс. Сол арқылы кестелер арасындағы байланысты ұйымдастыруға болады. Қандай да бір өрісті түйінді өріс ретінде беру үшін, өріс атауына тышқанның оң жақ батырмасын басып, шыққан жанама менюден Түйінді өріс (Ключевое поле) бөлімін таңдап алу керек.
Дайын болған кесте Мәліметтер базасы (База данных) терезесіндегі кестелер тізіміне қосылады. Құрылған кесте осы терезеде тышқанның батырмасын екі рет басу арқылы ашылады. Жаңа кесте ешқандай жазбалары жоқ бағандардың атауынан тұрады. Мәліметтер әдеттегідей толтырылады. Ұяшықтан ұяшыққа өту ТАВ пернесі арқылы жүргізіледі. Кестенің төменгі жағында Өту батырмалары (Кнопки перехода) панелі орналасқан. Жазбалар саны өте көп болған жағдайда кестеде жылжу үшін осы панельдің элементтерін пайдаланған дұрыс. Енгізу барысында мәліметтер ұяшықтан тысқа шығып кесте, бізге белгілі әдіспен, яғни тышқанның нұсқағышын бағандардың шекарасына орналастырып, қажетімізше жылжытамыз.
Кестеге мәліметтер енгізілгеннен кейін оны сақтаудың қажеті жоқ, барлық мәліметтер автоматты түрде сақталынады.
Кестенің құрылымын өзгерту қажеттілігі туған жағдайда, оны Конструктор режимінде ашу қажет.
3. Зертханалық жұмыс.
Дербес компьютермен жұмыс
Тақырыбы: Конструктордың көмегімен негізгі кестелерді құру.
Логика - есептері
 Берілген фигурада неше үшбұрыш бар?
 Қорада тауықтар және қояндар бар. Оларда барлығы 15 бас, 50 аяқ болса, қорада неше тауық, неше қоян бар? 
 Аспанда бес туйеқұс ұшып барады. Олардың екеуін аңшы атып алды.
 Неше түйе құс ұшып кетті? 
 4 қасқыр 4 қойды 4 сағатта жейді. Ал 10 қасқыр 10 қойды неше сағатта жейді? 

Зертханалық жұмыс


Тақырыбы: Конструктордың көмегімен негізгі кестелерді құру.
1. Microsoft Access программасын іске қосыңыз ( Пуск–Программы– Microsoft Access).
2. Microsoft Access терезесінде Жаңа мәліметтер (Новая база данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз. ОК батырмасын шертіңіз.
3. Жаңа мәліметтер базасының файлы (Файлы новой базы данных) терезесінде Мои документы бумасын таңдап алып, файлға Оқушылар деп ат беріңіз. Жаңа Оқушылар мәліметтер базасының терезесі ашылады.
4. Кестелер панелін ашыңыз.
5. Конструктор режимінде кесте құру белгісіне екі рет шертсеңіз кесте құрылымын даярлау бланкісі ашылады.

Сергіту сәті. Үш тілде айту – қазақ, ағылшын, орыс 


Бір сарайда тұрады екен,
Бес атаның баллары.
Қыдырмашы біреуі,
Бір күн бар да, бір күн жоқ.
Соны есепке алсақ,
Ұзын саны 107 (пернетақта,клавиатура, keyboard,)

Жануарға ұқсас аты бар,


Бағдар көрсетер заты бар.
Кілемше үстінде тұрады.
Ең қажет құрылғы. (тінтуір,мышь,mayse)
Төрт бұрышты әйнек, тұнып тұрған әлек. (монитор,дисплей, displai)
Ақпараларды қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады. (принтер,басып шығарғыш, принтер,)
Қабат, қабат қаптама
Ақылың болса аттама (кітап, книга, book)
Жақтаулар арқылы шектелген
Экрандағы төртбұрышты аймақ (терезе, окно, windows)
Аса қажет өмірге халық үшін
Пайдаланамын күн сайын жарық үшін (ток, ток, energy)
6. Сабақты бекіту. 
Тест сұрақтары
1. Microsoft Access деген не?
А) мәліметтер базасын қолданушыға арналған программа.
В) компьютер мен адамның өзара сұхбаттасы құралы.
С) мәтіндік редактор.
Д) амалдық жүйе.
2. Microsoft Access қандай программалық жасақтамаға жатады?
А) жүйелік.
В) қоданбалы.
С) қызметтік.
Д) оқытушылық.
3. Ақпарат сақталынатын Microsoft Access программасының негізгі объектілері.
А) кесте.
В) қалып.
С) сұраныс.
Д) есеп.
4. Кесте құруды неден бастаған дұрыс.
А) макетін беруден.
В) өрістерін енгізуден.
С) мәліметтерді енгізуден.
Д) жазбаларды енгізуден.
5. Microsoft Access мәліметтер базасының қандай терезесінде орнатылған байланыс параметрлері беріледі?
А) Мәліметтер схемасы терезесінде.
В) Байланыс терезесінде.
С) Бас терезесінде.
Д) Мәліметтер базасы терезесінде.
6.Деректер типі болып табылады
А) Мәліметтер 
В) Байланыс терезесінде
С) Мәтіндік, сандық, ақшалай, дата/уақыт, логикалық
Д) Өрістер, жазбалар
7. «Жаңа кесте» диалог терезесінде нұсқалар тізімі
А) кестелер режимі 
В) конструктор
С) кесте шебері
Д) барлығы дұрыс

Дұрыс жауаптар


1) А 2) В 3) В 4) В 5) А 6) С 7) Д
7. Үйге тапсырма беру. Microsoft Access кесте құру, кесеаралық байланыс. Кесте құру.
8. Сабақты қорытындылау.
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет