Сабақтың тақырыбы «Кәусар бұлақ тұнығынан»



Дата21.07.2017
өлшемі95,71 Kb.
#21753
түріСабақ



Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы

Golden fish 1-топ

Өзін-өзі тану

Тыңдаушы: Айтова Г.Н.

Тренер: Еркін Б.Е.

Сабақ жоспары № 3

Сынып: 6 «а» Оқушы саны: 13


Апта

Күні

Сабақ 3 сабақ

Сабақтың тақырыбы

«Кәусар бұлақ тұнығынан»


Сілтеме

Өзін-өзі тану оқулығы.Б.А.Әрінова, Ж.Б.Қажығалиева, Ж.Ж.Әкімбаева, Р.О.Ізғұттынова

Алматы «Бөбек», 2016 ж.

Самопознание. Kz журналы, №3 (27) Наурыз 2012 ж.


Жалпы мақсаты

Қазақстанның бірінші ханымы, «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті, «Өзін- өзі тану пәнінің» авторы С.А.Назарбаева жайлы көптеген мәліметтер айту, аналарды құрметтеуге, сыйлай білуге үйрету, балалардың «мейірімділік», оқушыларға ананың қоғамдағы, өмірдегі, ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы түсінік беру, «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, мейірбандылыққа тәрбиелеу.


Күтілетін нәтижелер

әлемдегі барлық жақсылық пен игі істердің ең асыл сезім-ана махаббатынан тарайтындығын түсінеді;

-балалардың жүрегінде анаға деген сүйіспеншілік, қадір-құрмет сезімдерін дамиды;




Сабақ түрі

Аралас сабақ.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары:

−Жеке, жұппен, топпен жұмыс;

−Ой қозғау;

−Диалогтік оқыту;

− «топтастыру» әдіс-тәсілдері


Керекті жабдықтар

Интербелсенді тақта, суреттер, Бейнеролик, үлестірмелік карточкалар, аудиотаспа




Сабақ барысы:

Уақыт

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Модульдер көрінісі

5минут

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

А) оқушылармен амандасып оқу құралдарын тексеремін

Ә) Көңіл күйлерін сұраймын.







АКТ

2 минут




Оқушыларды жемістер арқылы үш топқа бөлемін

Алма, шие ,банан




Оқушылар жемістер таңдау арқылы топқа бөлінеді

АКТ


8 минут


Тыныштық сәті. Нұрға бөлену

Тыныштық сәтін жанға жайлы сазды әуенмен бастау. Жаймен көзіңізді ашуға болады. 


Рахмет. 
Әуен аяқталған соң оқушылардың көңіл-күйін, қандай сезімде болғандары туралы пікірлерін тыңдау.

Құрметті оқушылар, бүгінгі сабақтың қонақтары, бүгінгі ашық сабағымыз Қазақстан Республикасының

бірінші ханымы, қайырымдылық «Бөбек» қорының негізін қалаушы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне орай ұйымдастырылып отырған «Ана» деп ән саламын атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер.

Олай болса, экранға назар аударып, бейнеклип тамашалайық.




Оқушылар көздерін жұмып, тыныштық атмосферасын сақтайды.



АКТ



5 минут

Бейнебаян «Алтын жүректі ана» деп аталады


Бейнебаянды тамашалап, сын тұрғысынан ойлай отырып, талқылайды

АКТ

СТО

8 минут

2.Жаңа сабақ

Сара Назарбаева кім? деген сұраққа оқушылардан жауап алу. (оқушылар ойларын ортаға салып, кластермен жұмыс жасайды)

Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында  Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге келді. 1962 жылы Н.Ә. Назарбаевқа тұрмысқа шықты, үш қызы, немерелері, шөберелері бар.

Ол Президенттің  зайыбы  ғана емес,ең алдымен  әйел, ана және балаларға қамқор жан. Балаларға жақсылық жасау үшін оларды сүйе білу қажет.
“Балалар  Жаратқанның жер бетіне жіберілген ең ғажайып құбылыс.Сол үшін біз, үлкендер,балаларға ерекше құрметпен қарап,айырықша қамқорлық жасауымыз керек”-дейді Сара Алпысқызы.

САРА АЛПЫСҚЫЗЫ -  қоғам қайраткері, экономист. Қазіргі Бұқар жырау ауданың  Қызылжар ауылының түлегі. Қарағаңды зауыт – ЖТО-ны  бітірген.  Қарағанды металлургия комбинатанда, «Қарағанды көмір»  ӨБ-де мамандығы бойынша жұмыс істеді. 1992 жылғы ақпан айынан бастап — «Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті. Қор өсіп келе жатқан ұрпақтың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешу, балаларға адамгершілік-рухани білім мен тәрбие беруде қоғамға нақты көмек көрсетеді. «Бөбек» республикалық қоры республиканың барлық аймақтарында жетім және мүмкіндігі шектеулі балаларына, көп балалы отбасылардың балаларына қолдау және көмек көрсету бойынша балалар қорларын ұйымдастырды.

Сара Назарбаева бірқатар кітаптардың авторы: «Порфирий Корнеевич Ивановтың ”Детка“ жүйесін пайдаланумен қатысушылардың денсаулығын, адамгершілік тәрбиесін нығайту және дамытудың педагогикалық мәселелері» (1999 ж.); «Адамның денсаулығы және П.К. Ивановтың ”Детка“ жүйесі» (1999 ж. бірлескен авторлықта); «Өзіңе жол. Порфирий Корнеевич Ивановтың ілімі сау тұлғаны тәрбиелеудің әдісі ретінде» (1999 ж.); «Өмір этикасы» (2001 ж.); «Сүйіспеншілікпен» (2001 ж.).

Сара Алпысқызы Назарбаеваның жетім және мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қорғау саласында талмай еңбек еткені үшін марапаттары:

I дәрежедегі Достық Ордені (желтоқсан 2001 жыл);

«Алтын жүрек» халықаралық сыйақысының лауреаты (мамыр 2006 жыл); Өзін-өзі тану философиясына және оқу мәдениетіне зор үлес қосқаны үшін — Шыңғыс Айтматов атындағы Алтын медаль (қараша 2003 жыл);

БҰҰ-ЮНИСЕФ балалар қорының естелік медалі (желтоқсан 2007 жыл); Ихсан Дограмачи атындағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйақысы;

Жетім балалардың мәселелерін шешуде ерекше еңбегі үшін — «СОС-Киндердорф» халықаралық қорының Алтын медалі (1999 жыл);


«Unity» халықаралық сыйақысы;

Білімдерін ортаға салады

СТО

7 мин

Тапсырма «Анама сыйлық»

Оқушылар топ болып жұмыс жасайды .Әр топ аналарына сыйлық жасайды.Постерге сурет салып қорғайды




Постермен жұмыс жасайды

СТО

3 минут

3. Дәйексөз

1.«Анаңды үш рет Меккеге көтеріп апарсаң да, анаға мәңгі қарызсың»

2. «Жұмақтың кілті-анаңның табанының астында»

3. «Ана-тіршіліктің тірегі»

Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды. Н.Ә.Назарбаев









2 минут

Осы бір үш әріпті сөздің қасиеті мен құдіретін ешбір қаламгер жеткізіп бере алмайтын шығар!Аналарымыз аман болсын!

Топ болып ән орындайды:

Қарақат Абильдинаның

«Анашым» әні орындалады




АКТ




  1. Топтық жұмыс.

«Егер де мен анамды...........» тақырыбында ой бөлісу

    1. «Егер де мен анамды ренжітіп алсам.......»

    2. «Егер де мен анама қатты сөздер айтсам........»

    3. «Егер де мен анамның айтқанын тыңдамасам ...........







СТО

4 минут

Жүректен жүрекке (өлеңдер, ән айту)

Мен де бір перзентімін маң даланың

Қазақтың қара сөзі-қанбағаным

Анамның аппақ сүтін ішкендіктен

Адамдық адал жолдар таңдағаным

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтін

Кең құшағың аясындай гүл бақтың

Мен өзіңмен қайда болсам біргемін

Махабатың жүрегімде жүр менің

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің

Қандай жақсы ортамызда жүргенің

Ер жеткізіп елге берген баласын

Ақылдысың, ардақтысың, данасың

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің

Қайратыңнан қайта көрме, анашым

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды

Сен деп жаздым алғаш өлең, дастанды

Қуандым ба

Өзің бар деп қуандым

Жыладым ба

Өзің жоқ деп жас тамды

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды

Жанарыңнан көрдім алғаш дастанды

Еркелесем бір өзіңе еркелеп

Жасқандым ба

Тек өзіңнен жасқандым

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген-бәйтерегі өмірдің

Ана деген-алтын қазық, алтын бақ



Тілек айту

  1. Сабақ соңында оқушылар тілек ағашынан аналарына тілек тілейді

Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқып, талқылайды

Керібайланыс жасап, өз тілектерін жазады.

АКТ

АКТ

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет