Сабақтың тақырыбы: Киім түрлері



Дата17.02.2017
өлшемі60,23 Kb.
#9744
түріСабақ
Әбуова Жанар.Әлменқызы.

Туған жері: Атырау облысы. Қызылқоға ауданы Миялы селосы

Туған жылыі : 17.02.1980 ж

Жұмыс орны : Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектепте мұғалім

Мамандығы : Технология пәнінің мұғалімі

Еңбек өтілі : 14 жыл

Санаты :Жоғары

Сабақтың тақырыбы: Киім түрлері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жалпы киімдердің топталуы туралы мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға киімнің түрлері, олардың қолданылуы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: оқушылардың киімдер туралы дүниетанымын, көзқарасын дамыту
Тәрбиелік: киімді күтіп кие білуге, талғампаздыққа, әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілі: Түсіндірмелі, сарамандық сұрақ- жауап.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, тарих
Көрнектілігі: Киім үлгілері суреттері,буклет
Сабақ барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын, құрал - жабдықтарын түгендеу, тексеру. Зейіндерін сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тест сұрақтары арқылы еске түсіру
Тест парағы.

1.Үлгінің суретінде не көрсетілген?

А) тігістер мен бөлшектер

Б) суреттер

В) сызбалар

2. Материалдық шығын. Мұнда үлгі дайындауға нелер берілген?

А) кіріс қосымшалары

Б) шығын мәліметтері

В) мүлде берілмеген

3. Қосымша парақ- пішім беттері, контурлы сызықтар «Бурда» журналында қалай берілген?

А) Рим цифрмен

Б) жазумен

В) әріптермен

4. Пішімнің кішірейтілген сызбасы нені көшіріп алу жайлы түсінік береді?

А) сызықтар мен цифрлар, шартты белгілер

Б) мәтінді түсініктер

В) өлшемдер

5. Жайылма жоспары- қағаздағы пішім бөлшектерінің матада орналасуы қалай көрсетіледі?

А) сызықтар мен цифрлар

Б) барынша тиімді

В) нақты белгісіз

6. Үлгі атауы, өлшемі, мата шығыны, бөліктердің тізімі, тігу ерекшеліктерінің қысқаша сипаттамасы қай жерде берілген?

А) қосымша парақта

Б) үлгінің суретінде

В) түсініктеме мәтінде

3. Жаңа сабақты түсіндіру.
Киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымын бейнелейтін сәнмен тығыз байланыста болады. Адамзат қоғамы дамыға сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни сән де үнемі жаңарып отырады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамымен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білу де- өнер.

Сәндік ұғымына киімнің әсемдігі ғана емес, сонымен бірге нақты жағдайға байланысты киіне білу, адамның шұғылданатын ісіне, жас шамасына сәйкестігі де ескерілуі жатады.

Киілу мақсатына қарай киімді бірнеше топқа бөлуге болады, күнделікті жұмысқа және үйде киетін, сән- салтанатқа киілетін, спортпен шұғылдану және далада демалу, серуендеу үшін киілетен киімдер. Бұдан басқа арнайы өндірістік киімдер де болады.

Киім пайдаланыуына қарай 3 топқа бөлінеді. Тұрмыстық киімдерге күнделікт, сәндік,үй,спорттық,ұлттық киімдер,ал өндірістік киімдерге арнайы және санитарлық киімдер жатады.



Киіну мәдениетіне оны күте біліу де кіреді.Жақсы киінуге ұмтылатын кісіге жинақылық, тазалық сияқты қасиеттерге тән болуы керек. Үтіктелмеген, дақ түскен, кей жерлері майланып кеткен көйлектер мен костюмдерді, жағасы мен жеңі кірлеп, қыртыстанған кюге болмайды. Түймелердің дұрыс және берік қадалуын, киімдегі тесілген,жыртылған жерлерді дер кезінде жамап,тігіп отыруды ұмытпау керек.





4. Сарамандық жұмыс
Талғамдары бойынша киім үлгілерін түсті матадан қиып, кітапша жасату
5. Қорытынды
Ағаш көркі- жапырақ.

Адам көркі- шүберек дей келе



оқушылардың алдарындағы жұмыстарын тексеру,жақсы орындаған оқушыларды мақтау.
6. Үйге тапсырма
Киімнің әр түрін матадан қиып, жапсырмалап, буклет жасауды аяқтап келу, киімдер топтамасын жасау
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет