26.03.2017 жылы №11 жалпы білім беру орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ажибаев Жандос Амановичтің ұйымдастыруымен «Тарихи мәдени кешендерге саяхат» тақырыбындағы экскурсия ұйымдастырылды. Мектебіміздің 7-8 сынып оқушыларынан құралған жалпы саны 25 оқушы экскурсияға аттанды. Ұзындығы 100 км құрайтын «Отпан тау» (Адай ата) мәдени ескерткішіне жол тартты. Экскурсияның мақсаты мектеп оқушыларына тарихи мәдени кешендермен таныстыру, оларды құрметтеуге, сақтауға баулу болып табылады. Экскурсия барысында адай ата ескерткіші мұражайымен танысты.