VІІ Жаңа сабақты бекіту.
Өлеңді қандай бөлімдерге бөлуге болады?
(«Қыстың сипаты», « Қысқы ауыл»)
Оқушыларға әр бөлімді жеке – жеке оқыту.
Сатылай кешенді талдау арқылы өлеңнің теориялық мазмұнына көңіл бөлу.
Қыс
Өлең құрылысы
Көркемдеуіш құралдар
Тақырыбы мен идеясы
4.Сұрақтарға жауап беру: Не білдік? Не үйрендік? Не білгің келеді?
5.Оқушыларға әдебиет теориясынан білім беру.
VІІІ Сабақты қорыту:
Бағалау :
Үй тапсырмасын беру:
1.Абай «Қыс» өлеңін жаттау, өлең соңындағы сұрақтарға жауап беру.
Сабақ жоспары
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы: 28 желтоқсан
4. Тоқсан: ІІІ
5. Мұғалім: П.Әкебекова
Сабақтың тақырыбы: М. Жұмабаев «Қысқы жолда»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: М.Жұмабаевтың жыр әлемімен танысу, поэзияның тереңіне бойлау, өлеңнің, сөздің астарына, қыр – сырына мән беруге, идеясын түсініп, бағалай білуге баулу.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқулық және қосымша материалдар деректерін тиімді пайдалануға, ойын еркін айтуға, өз пікірін қорғап, айқын да айшықты тілмен сөһйлеуге дағдыландыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: портрет, тірек сызба суреттер.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1.Абай «Қыс» өлеңін жаттау, өлең соңындағы сұрақтарға жауап беру.
ІІІ. Білім тексеру:
М.Жұмабаев шығармашылығы бойынша іздену жұмыстары.
Мағжан кім?
Оның қандай шығармаларын білесіңдер?
Оқыған жері.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
«Қысқы жолда өлеңін мәнерлеп оқу.
Түсінік беру.
Мәтінмен жұмыс.
VІ. Түсінік тексеру:
Өлеңді сатылай кешенді талдау:
«Қысқы жолда»
Өлең.
5 шумақ.
21 тармақ
8 бунақ
7-8 буын
Аралас ұйқас (а-а-б-б-в-б-г-в)
а) Эпитет «Құлағын қайшыландырып»
ә) Кейіптеу.
«Екі иінінен дем алып», «Сақ – сақ күледі, долданып», «кебін жамылып», «екі санын шапақтап».
Б) Теңеу: «Аңдай ұлып»
9) Қаракөк – аттың аты.
10) Өлең табиғаттың қаталдығы адамға, малға
қауіпті екендігін білдіреді.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
1. Оқулықпен жұмыс.
«Қысқы жолда» өлеңінде қай мезгіл туралы айтылған?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс туралы тағы қандай ақынның өлеңін білесіңдер?
2.Венн диаграммасы арқылы қыс пен жаз мезгілдерін салыстыру.
VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1. Өлеңді жаттау.
2. Қыс туралы әңгіме жазу, сурет салу.
Сабақ жоспары
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы:
4. Тоқсан: ІІІ
5. Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев « Өтеген батыр»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, дастанның тақырыбы, идеясы мен мазмұнын меңгерту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушыларды пікірлерін ашық айта білуге, бір – бірімен пікір алыса білуге, талдауға , ой – өрістерін дамыта отырып өздіктерінен қорытынды жасауға машықтандыру..
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: портрет. Сызба - нұсқалар
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Қызығушылықты ояту кезеңі.
«Ой қозғау» стратегиясы.
А) Суырып салма дегеніміз не?
Ә) «Өлең сөзің даналығы» сөзіне талдау жасау
Б)Ауыз әдебиеті дегеніміз не?
В) Жамбыл жылдан ұзақ ғасыр жасаған ақын
3. «Топтастыру» стратегиясы
Ақынның ақындық, тұлғалық бейнесін жасау.
Өлең сөздің даналығы
Дара жүйрік
Суырып салма
Айтыс ақыны
өнерлі
Ауыз әдебиетін жалғастырушы
2. Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.
Жамбыл Жабаев (28.02.1846ж. Жамбыл облысы, Хан тауының етегі -22.05.1945ж.) –халық ақыны. Балалық шағы Жетісу өңірінде – осы күнгі Алматы облысының Жамбыл ауданында өткен. Анасы Ұлдан мен нағашысы Қанадан әнші, күйші өнерпаздар екен. Жамбыл жастайынан осындай өнерлі ортада өсіп, ер жеткен. Ол нағашысының соңына ере жүріп, қобыз, домбыра тартуды үйренеді. Жабай баласының бұл беталысын ұнатпай, оған тоқтам салуға тырысқан. Өнерге ұмтылған жас малшы, жалшылар бас қосқанда, түнгі күзет кезінде батырлар жыры, ертегі, аңыз әңгімелер тыңдап, оның кейбірін өзі өлеңдетіп жүрген. Сүйінбай ақынға шәкірт болып, одан бата алған, бірқатар өлең, дастандар үйренген. Содан былай ол: «Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» деп, жырды өрбіте түскен. Басқа да көптеген атақты ақын-жыршылармен кездесіп, достасқан. Жамбылдың енді бір үлкен мектебі – қазақ фольклор қазынасы болды. Ол жастайынан-ақ «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» және қырғыздың «Манас» эпосынан үзінділері, Шығыстың «Рүстем» дастанын, «Көрұғлыны», «Жүсіп – Зылиқаны» жатқа жырлады. Сүйінбай ұстазынан Сұраншы, Өтеген батырлар туралы аңыздарды үйренеді. Айтыс өнеріне Жамбыл жастайынан араласқан. Шілдехана, жиын-тойларда қыз-жігіттермен түре, сүре айтысқа түсіп, қарсыластарын көбінде жеңген. 16-17 жасынан-ақ ел аузына ілігіп, «ақын бала» атанды. Бұл жөнінде «Менің өмірбаяным» деген өмірбаяндық
толғауында былай деген. «Топ десе он жетімде тартынбадым, семсердей майдандағы жарқылдадым». Жамбыл – көптеген ақындармен айтысып, жеңіске жеткен, халқымыздың ақындық өнерін дамытуға үлкен үлес қосқан ақын. Өзінің айтуынан, шәкірттерінің жадында сақталғандарынан жазылып алынып, хатқа түскендері мыналар: Жамбыл мен Айкүміс, Бақтыбай мен Жамбыл, Бөлектің қызы мен Жамбыл, Жамбыл мен Сара ақын, Майкөтпен дидарласу, Жамбылдың Шыбыл шалға айтқаны, Жамбыл мен Бөлтірік, Жамбыл мен Сарыбас, Құлмамбет пен Жамбыл, Жамбыл мен Доспанбет, Жамбыл мен Шашубай. Бұлардың бәрі жинақтарына еніп, зерттеулер мен мақалаларда талданып келеді.
Жамбылдың ақындық, айтыскерлік даңқын шығарған – Құлмамбетпен айтысы.
«Талдау» стратегиясы.
Шығарманың композициялық құрылымына талдау жасау
Шығарманың тақырыбы- жайлы қоныс, шұрайлы жер.
Оқиғаның басталуы – Алып келсем елімді Жиделібайсын еліне қалмас еді – ау арманым.
Оқиғаның шиеленісуі – Егер де айтқаныма көнбесеңдер бұл жерді ақырында алар орыс.
Оқиғаның шарықтау шегі – Жиделібайсын дегенн жерге көшелік тіл алсаңдар жерден ауып.
Оқиғаның аяқталуы – Жұрт Өтегеннің тілін алмады, Өтеген еліне өкпелі болып Түркістанға кетті.
Шығарманың идеясы – Ел ертеңі халық қамы.
VІ. Түсінік тексеру:
Сұрақ жауап
Батырдың арманы не?
Батырдың ренжіп, қапалануы неліктен?
Өтеген батыр өз басын ойласа қиналар ма еді?
Мал жайылымына неліктен ерекше мән беріді?
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Шығарманы салыстыру.
.
Достарыңызбен бөлісу: |