Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет12/13
Дата01.08.2017
өлшемі1,96 Mb.
#22471
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

VІІІ.Сабақты қорыту.

  1. Бағалау:

  2. Үй тапсырмасын беру:



  1. Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы

  2. «Отырар» өлеңінің мазмұнын айту.


Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: М. Шаханов

«Отырар» өлеңдегі биік елжандылық

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға поэзиялық туындының сюжетін меңгерту, әдебиет теориясы тұрғысынан талдауға дағдыландыру .

2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың мәнерлеп оқу қабілетін дамыту өз беттерімен ізденімпаздығын арттыра түсу, әдеби шығарманы талдау біліктілігін арттыру.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: пікір алмасу

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: Мұхтар Шаханов портреті,

Мұхтар Шахановтың «Танакөз» жыр жинағы.

Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы

  2. «Отырар» өлеңінің мазмұнын айту.


ІІІ. Білім тексеру:
1. Сұрақтарға жауап беру.

  • Шыңғыс пен Шағатай тілдесулерінен не ұқтыңдар?

  • Шағатай әкесі Шыңғысқа не деп жауап қатты?

  • Отырарды алу үшін Шыңғыс Шағатайға қандай зұлымдықты үйретті?

  • Шыңғысхан алдына келген екі адам кімдер?

  • Қайырханға Шыңғысхан қандай баға берді?

  • Сатқынның әкесін алдырып Қайырхан не туралы сұрады?

  • Қайырхан өлім сағатын күткен кезде не деді?



ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Отырар өлеңінің ең түйінді, басты уақиғаларына тоқталу.


  1. Отырар поэмасынан алынған үзіндіні кейіпкерлер атынан диалог әдісімен мәнерлеп оқу.

  1. Автор 2) Шыңғыс хан 3) Шағатай 4) Қайыр хан 5) Қарашоқы 6)Қарашоқының әкесі

  1. Шығармадағы басты ойды, негізгі пікірді анықтау: а) өлең сюжеті бойынша оқушылардың ойын, пікірлерін тыңдау; ә) «Отырар» поэмасындағы оқиғалар ретін көрсететін өлең шумақтарын анықтау.

Дәптерге әдебиет теориясы бойынша баллада терминіне түсінік жазу.

Баллада – лиро-эпостық сипаттағы, шағын сюжетті өлең. Мұнда ақын өзінің көңіл күйін, толғанысын жырлап қана қоймайды, сол сезімді туғызған себептерді оқиғаға айналдыра суреттеп көрсетеді.


VІ. Түсінік тексеру:

  1. Тарих және география пәндері бойынша Отырар қаласына тарихи, аймақтық сипаттама беру.

  2. Өлең құрылысындағы өзгешеліктерді анықтау, дәптерге жазу.

VІІ.Жаңа сабақты бекіту.

Сабақты дүниетанымдық сұрақтар бойынша қорытындылау.



  1. Шығарманың бас қаһарманы кім?

  2. Қайыр хан мен Қарашоқының Отырар трагедиясындағы орны.

  3. Қайыр ханның соңғы арманы орындалды ма?

  4. Баллададағы ұлт трагедиясының мәні неде? Оны қалай түсіндіңдер?

  5. Қазіргі ұрпақтың міндеті мен парызы қандай болмақ?



VІІІ.Сабақты қорыту.

  1. Бағалау:

  2. Үй тапсырмасын беру:

1.Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы

2.«Отырар» өлеңі бойынша шағын ойтолғау жазу.

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Ж.Нәжімеденов «Сен ақылды болсаң екен»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға Ж.Нәжімеденов өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім бере отырып Ж.Нәжімеденов «Сен ақылды болсаң екен» өлеңінің сюжетін меңгерту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: Ф. Оңғарсынованың портреті, шығармалар жинағы.

Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Мұхтар Шахановтың өмірі мен шығармашылығы

2. « Отырар» поэмасы бойынша шағын шығарма жазу.
ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу



2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1. Ақынның өмірі жайлы мәлімет.

  • 1935 жылы Атырау облысы Теңіз ауданының «Қошалақ» ауылында туған.

  • Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының ұлт аспаптары факультетінде оқыған.

  • Мәскеудегі М. Горкий атындағы әдебиет институты жанындағы жоғары курсты бітірген.

  • Еңбек жолын Қарағанды көмір шахтасында қара жұмыс істеуден бастаған

  • Оның «Менің Қазақстаным» өлеңін күллі қазақ даласы әнге қосыла айтады.

  • «Ақ шағыл», «Кішкентай», «Даңқ пен дақпырт» романдары бар.

2.Өлеңді мәнерлеп оқу.

3.Өлең құрылысына талдау.

VІ. Түсінік тексеру:

1. Сұрақтарға жауап беру.

  • Өлеңге өздерің тақырып қойыңдар.

  • «Жақсы жанның ұнатқаны – тілегім», «Қауіптенем жамандарға ұнаудан» деген өлең жолдарын түсіндіріп ой бөлісіп көріңдер.


VІІ.Жаңа сабақты бекіту.
1. Салыстыру арқылы дәлелдеу.

2. Балалар біз бүгін не білдік, не үйрендік?




Инсерт әдісі







Білемін

Мен үшін жаңалық

Білгім келеді





















VІІІ.Сабақты қорыту.

  1. Бағалау:

  2. Үй тапсырмасын беру:



1. Жұмекен Нәжімеденов өмірі мен шығармашылығы

2. « Сен ақылды болсаң екен ... » өлеңін жаттау.

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Нәсіреддин Серәлиев «Аңсау»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға Нәсіреддин Серәлиев өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім бере отырып, жазушының «Аңсау» шығармасы туралы түсінік беру және мазмұнына, оқиғасына, тіліне талдау жасау.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың рөлге бөліп оқу қабілетін дамыту өз беттерімен ізденімпаздығын арттыра түсу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: Нәсіреддин Серәлиев портреті,

Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Жұмекен Нәжімеденов өмірі мен шығармашылығы

2. « Сен ақылды болсаң екен ... » өлеңін жаттау.



ІІІ. Білім тексеру:

  • Портрет деген не?

  • Кейіптеу деген не?



ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1. Жазушының өмірі жайлы мәлімет:


  • 1930 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы Қашқансу деген жерде дүниеге келген.

  • Журналист қызметін атқарған.

  • Әңгімелері мен повестері: «Ақ лақ пен қара лақ», «Әңгелек», «Ақбөпе», «Ақ қайың», «Ыстық күлше», т.б.

2.«Аңсау» әңгімесін бөлімдерге бөліп, ат қою, жоспарлау.
VІ. Түсінік тексеру:

1. Сұрақтарға жауап беру.

  • Қария қалаға неге келді?

  • Ол кілге жолықты?

  • Бала кімді аңсап жүр еді?

  • Тақырып неге «Аңсау» деп қойылған?

  • Баланың шешесі не себептен ұлына бөтен адамның қасына жатуға рұқсат бермеді?

  • Қалымбет қария қайтып бара жатқанда не себептен баланың түсіне сап – сары бауырсақтар кірді деп ойлайсыңдар?


VІІ.Жаңа сабақты бекіту.

  • Қарт пе баланың арасындағы әңгімені тауып оқу және жазу.

  • Кішкен баланың ақсақалмен ойнағанын тауып оқу.

  • Мәтінен портрет пен кейіптеуді табу.



VІІІ.Сабақты қорыту.

  1. Бағалау:

  2. Үй тапсырмасын беру:

1. Нәсіреддин Серәлиев өмірі мен шығармашылығы

2. «Аңсау» әңгімесін мазмұндау.

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Әлем әдебиеті. А.Пушкин

«Балықшы мен балық »

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға Александр Пушкиннің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет бере отырып, әлем әдебиетінің нұсқасы болған «Балықшы мен балық» ертегісі туралы әдеби білім беру.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: А.Пушкиннің портреті, шығармалар жинағы.

Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Нәсіреддин Серәлиев өмірі мен шығармашылығы

2. «Аңсау» әңгімесін мазмұндау.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу



2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1. Ақынның өмірі жайлы мәлімет.

  • 1799 жылы 26 мамырда Мәскеу қаласында дүниеге келген.

  • Сол кездегі жақсы ақындар: В.А.Жуковский, К.Н.Батюшков, т.б. жақсы аралсқан.

  • Бала кезінен тіл мен өнер табиғатының ортасында өскен.

  • Пушкиннің өлеңдері дүние жүзін шарлады.

  • Пушкиннің «Балықшы мен балық» ертегісін қазақтың ғұлама ғалымы Ахмет Байтұрсынұлы аударған.

2.Ертегіні мәнерлеп оқу.

3.Өлең құрылысына талдау.

VІ. Түсінік тексеру:

1. Сұрақтарға жауап беру.

  • Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин және оның шығармашылығы туралы не білесің?

  • Осы ертегіден қандай әсер алдың?

  • Бағы өскен сайын есірген балықшы кемпірдің ой – пиғалы, іс – әрекетіертегіде қалай суреттелген?



VІІ.Жаңа сабақты бекіту.


  • Ертегінің ой түйіні, берер ғибраты туралы түсініктеріңді айтып беріңдер.

  • Ертегідегі диалогтерді рөлге бөліп, мәнерлеп оқу.

  • Ертегі бойынша сценарий құрып, балықшы, балық және кемпір төлдерін ойнап көріңдер.


1. Салыстыру арқылы дәлелдеу.


VІІІ.Сабақты қорыту.

  1. Бағалау:

  2. Үй тапсырмасын беру:

1. А.С. Пушкиннің өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік.

2. «Балықшы мен балық » ертегі мазмұнын айту.

Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Д.Дефо « Робинзон Крузо» аралдағы өмірі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға жазушының « Робинзон Крузо» шығармасы туралы түсінік беру және мазмұнына, оқиғасына, тіліне талдау жасау.

2.Тәрбиелік: оқушыларды ізгілікке, ұлтжандылыққа, тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың рөлге бөліп оқу қабілетін дамыту өз беттерімен ізденімпаздығын арттыра түсу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу

Сабақтың көрнекілігі: Даниэл Дефо портреті,

Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет тарихы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

1. А.С. Пушкиннің өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік.

2. «Балықшы мен балық » ертегі мазмұнын айту.

ІІІ. Білім тексеру:


  • Портрет деген не?

  • Кейіптеу деген не?



ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Ағылшын жазушысы Даниэл Дефо «Робинзон Крузо» деп аталатын жалғыз романымен – ақ әлемге әйгілі болды. Өйткені ұлы мұхиттың бір түкпіріндегі бұрын – соңды адам баласы аяқ басып көрмеген аралдағы жалғыз жанның жанкешті тірлігі кімді болсын қайран қалдырады. Робинзон Крузоның өмір сүру үшін жасаған айла – шарғысы оқушы жігерін жанып, қайратын қайрай түседі.

Кеме теңізде апатқа ұшырап, жалғыз өзі белгісіз аралға шығып қалған Робинзонның 28 жыл бойы жалғыздықтың жапасын шеккен өмірі шытырман оқиғалы. Сондықтан Даниэл Дефоның «Робинзон Крузо» романы әлем әдебиетінің ең озық үлгілерінің біріне айналды.

Бұл кітап – «Мәңгілік кітаптар» қорына енген, дүние жүзіне мәлім шығарма. Сендерге оқуға ұсынылып отырған үзіндіде тек қана бір жылға жуық өміріндегі кездескен қиындықтарын көрсету арқылы адам адам рухының мықтылығын, сол жалғыздықтың қасіретін қандай жолмен жеңе білгенін, қажырлы еңбек ету жайларынан хабар беру мақсат етілді. Балалар, бұл кітап кітапханалардың бәрінде бар. Әрине қызыға оқитындарың сөзсіз.



2.«Робинзон Крузо» романын бөлімдерге бөліп, ат қою, жоспарлау.
VІ. Түсінік тексеру:

1. Сұрақтарға жауап беру.

  • Елсіз аралға Робинзон қалай тап болды?

  • Ол өзіне баспана жасап алу жолында не істеді?

  • Еңбек құралдарын қайтіп жасады?

  • Жұмыс істеу, аң аулау, демалу, тамақ ішу уақыттарын қалай реттеді?

  • Күнделікті өміріне қажетті тамақты қалай және қайдан тапты?

  • Егіншілік және мал өсірумен айналысты ма?

  • Дәнді қайдан алды?

  • Робинзон бірнеше күндерге созылған жауынды күндерде жұмыстың қандай түрімен айналысты?



VІІ.Жаңа сабақты бекіту.

  • Робинзон өмір сүрген аралдың ауа райы туралы мәліметті мәтінен тауып оқу.

  • Елсіз аралда жалғыз қалып, бірнеше жыл өмір сүру оңай ма?

  • Адам өзінің қорқыныш сезімдерін қалай жеңеді деп ойлайсыңдар?

VІІІ.Сабақты қорыту.

  1. Бағалау:

  2. Үй тапсырмасын беру:

  1. «Робинзон Крузо» романнан үзіндіні мазмұндау.

  2. Сабақ жоспары

1.Пән аты: Әдебиет

2.Сыныбы: 5

3.Күні, айы, жылы:

4.Тоқсан: ІV

5.Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы: Ш. Айтматов «Ерте келген тырналар»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға Шыңғыс Айтматовтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, «Ерте келген тырналар» хикаятын меңгерту.

2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, талдау, мәнерлеп оқу..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет