Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет5/13
Дата20.11.2016
өлшемі1,97 Mb.
#2193
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Сабақтың көрнекілігі: « Шешендік сөздер» кітабы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.


ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Ертегілердің бір саласы – әдеби ертегілер. Әдеби ертегілердің жазған авторы белгілі болғандықтан оны әдеби ертегілер деп атайды. Әдеби ертегілер көбінесе ел арасында ауызша айтылып келген әңгіме аңыздардың негізінде туады.

Әдеби ертегілер өлең және қарасөз түрінде айтылады. әдеби ертегілерде еңбек адамын қадірлеуді, туған елін сүйюді, биік адамгершілікті, әділетті болуды уағыздайды. Мысалы: Ә. Тәжібаевтың «Толағай» әдеби ертегісіне Толағай атты батыр бала туралы және оның атымен аталып кеткен Толағай тауы туралы халық аңызы арқау болған.

Ақын жазушылар кейде қызықты ертегілерді балаларға арнап әдейілеп те жазады. Олар да әдеби ертегілерге жатады. Мысалы: М. Жұмабаевтың «Жүсіп хан» ертегісі.


VІ. Түсінік тексеру:

Сұрақ жауап

1.Әдеби ертегілер деген не?

2. Әдеби ертегілердің халық ертегілерінен қандай айырмашылығы бар?



VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Венн диаграммасы бойынша әдеби ертегілердің басқа ертегілерден айырмашылығы мен ұқсастығын табу.





VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. Әдеби ертегілер туралы түсінік.



Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы: 5 желтоқсан

4. Тоқсан: ІІ

5. Мұғалім: Р.Қалматаева

Сабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер. Ә Тәжібаев «Толағай». Толағайдың ерекше сипаты, ерен ерлігі.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Әбділдә Тәжібаев туралы сөз, әдеби ертегінің ауыз әдебиетіндегі ертегі жанрынан айырмашылығы мен ұқсастығы туралы түсінік беру.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа, ержүректілікке тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың өз ойын жүйелі айта білуін, шапшаңдыққа, сөздік қорының молдығына назар аудару.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: « Шешендік сөздер» кітабы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Әдеби ертегілер туралы түсінік.


ІІІ. Білім тексеру:

Сұрақ жауап

1.Әдеби ертегілер деген не?

2. Әдеби ертегілердің халық ертегілерінен қандай айырмашылығы бар?



ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Ертегінің түрлерін оқушылар өздері жазады.

Хайуанаттар

туралы қиял-ғажайып ертегілер



шыншыл ертегі әдеби ертегілер

  1. Әдеби ертегі авторы Ә.Тәжібаев өмірі, шығармашылығы.

  • 1909 жылы 4- ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.

  • 1998 жылы 23 – қыркүйекте 89 жасында дүниеден өткен.

  • Ә.Тәжібаев – ақын, драматург, әдебиет зерттеуші,Қазақстанның халық жазушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор.

  • Қарсақбайдағы «Қызыл кенші», республикалық «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде қызмет атқарған.

  • Тұңғыш жинағы «Жаңа ырғақ» 1933жылы жарық көрген. 50 шақты кітаптың авторы.

  • «Толағай» әдеби ертегісі 1978 жылы жазылған

  • «Жамбыл» кинофильмінің сценарийін жазған.

  • Марапаттаулары: «Октябрь революциясы» орденімен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен екі рет, «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен.

  1. « Толағай» ертегісін оқушылардың өздеріне жекелеп оқыттыру.

VІ. Түсінік тексеру:

  1. Суретпен жұмыс:

Суреттерге қарап оның ертегіге қандай қатысы бар екені анықталады, суретке тақырып қойылады.(жұппен)
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

Салыстыру (Венн диаграммасы)





VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. Ертегіні оқып, түсінгенін өз сөзімен айту.

2.Жоспар құру, бөлімге бөліп ат қою.

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы: 9 желтоқсан

4. Тоқсан: ІІ

5. Мұғалім: Р.Қалматаева

Сабақтың тақырыбы: Мысал. А. Байтұрсынов

«Егіннің бастары»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға мысал өлеңдері туралы және ақынның өмірі туралы туралы түсінік беру.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: « Ертегілер » кітабы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Ертегіні оқып, түсінгенін өз сөзімен айту.

2.Жоспар құру, бөлімге бөліп ат қою.
ІІІ. Білім тексеру:

Сұрақ жауап

1.Әдеби ертегілер деген не?

2. Әдеби ертегілердің халық ертегілерінен қандай айырмашылығы бар?



ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1. Мысалдар туралы түсінік.

Мысалда аңдар, құстар хайуанаттар, өсімдіктер, іс–әрекеті, мінезі арқылы адам бойындағы мінді кемшілікті тұспалдап, әжуа-күлкі етеді. Мысалдар өлеңмен де, қарасөзбен де жазылады. Осындай шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын тағылымдық шығарманы мысал дейді. Мысалдар еңбексүйгіштік, әділдік, адалдық, қарапайымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап, уағыздайды, жағымсыз қылықтарды мысқыл түрінде күлкі ете отырып, одан сақтандырады.

Мысалдарда жануарлар мен жәндщіктер адам істейтін әрекеттерді жасайды. Бұлай көрсетуді аллегория дейді.

Қазақ әдебиетінде мысал жанры ұлы Абайдан басталады. Ахмет Байтұрсынұлы, Сәбит Дөнентаев секілді ақындар Абай дәстүрін ілгері оздырды. Бұлар орыстың ұлы мысалшысы И.А. Крыловтың туындыларына қазақтың шапанын жауып, қалпағын кигізді. Сондықтан Абай мен Ахмет мысалдарды аудармадан гөрі қазақтың өз топырағында жаратылған шығарма кейпінде көрінеді.


  1. Ахмет Байтұрсынұлы өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік.


VІ. Түсінік тексеру:

«Егіннің бастары» мысал өлеңін композициялық құрылымы бойынша талдау, мәнерлеп оқу, автордың түйінді сөздерін жаттап, өзіне сай қорытынды шығару.

«Өгіз бен бақа»- «Әлін білмеген әлек».

«Егіннің бастары» - «Тәкәппарлық – жаман қасиет».




VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

  1. Оқулықпен жұмыс.

  • Мысалдың тұспалдап айту, астарлап білдіру арқылы адам мінездеріне меңзейтінін дәлелдеңдер.

  • Көрсеқызырлық, мақтаншақтық, әлі келмейтінін істеуге ұрыну жағымсыз мінездерді талқылау.

  • Әке мен баланың диалогын екі оқушы кезектесіп оқиды.

  • Мысалдың қорытындысын түсіндіріп айту.

VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. А. Байтұрсынов өмірі туралы мәлімет жинау, мазмұндау.

2. «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары» мысал өлеңдерін салыстырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтары туралы айту.

Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы: 7 желтоқсан

4. Тоқсан: ІІ

5. Мұғалім: Р.Қалматаева

Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсынов

«Өгіз бен бақа»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға «Өгіз бен бақа» атты мысал өлеңі туралы туралы түсінік беру.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушыларды ұстаз ұлағатымен таныстыра отырып, шығармашылыққа баулу.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы, ақын портреті

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. А. Байтұрсынов өмірі туралы мәлімет жинау, мазмұндау.

2. «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары» мысал өлеңдерін салыстырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтары туралы айту.
ІІІ. Білім тексеру:

Сұрақ жауап

1.Мысал өлеңдер деген не?

2. Мысал өлеңдердің басқа өлеңдерден қандай айырмашылығы бар?

3.Қандай мысал өлеңдерді білесіңдер?
ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Суретпен жұмыс:

Өгіз бен бақаның суретін көрсету.



  • Суретке қарап өгіз бен бақаға сипаттама беру.

  • Мысалды мәнерлеп оқу.

  • Мысалдың композициялық құрылымына талдау жасау.

  1. Өгіздің шөлдеп келіп, су ішуі.

  2. Көрсеқызар бақа.

  3. Бақаның қарнын керуі.

  4. Бақаның жарылып өлуі.

  5. Әлін білмеген әлек.


VІ. Түсінік тексеру:

Сұрақ жауап



  • Бұл мысалдағы кейіпкерлер кімдер?

  • Мысалдағы негізгі ойды беру үшін ақын қандай әдіс – тәсілдерді пайдаланған? Мысалдан үзінді ала отырып дәлелдеу.



VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

  1. Оқулықпен жұмыс.

  • Мысалдың тұспалдап айту, астарлап білдіру арқылы адам мінездеріне меңзейтінін дәлелдеңдер.

  • Көрсеқызырлық, мақтаншақтық, әлі келмейтінін істеуге ұрыну жағымсыз мінездерді талқылау.


VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. А. Байтұрсыновтың «Өгіз бен бақа»мысал

өлеңін мазұндау. Қалаған жерін жаттау.



Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:

4. Тоқсан: ІІ

5. Мұғалім: П.Әкебекова

Сабақтың тақырыбы: М.Өтемісұлы Соғыс

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: өлеңнің авторы туралы мәлімет беріп, өлеңнің айтайын деген ойын, Исатай-Махамбет бастаған көтерілістің мақсатын, соғыс сипатын, көтеріліс басшыларының ерлік, батырлық тұлғаларын түсіндіру, өлеңде кездесетін тұрақты тіркестер, теңеу сөздерді талдау.

2. Тәрбиелік:. Оқушыларды елін, жерін, Отанын сүетін патриот етіп тәрбиелеу, ерлік пен елдікті, батырлықтыдәріптеу, олардың бойында қызығушылық, ізденушілік қабілеттерін арттыру.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, диалог, талдау, түсіндіру, қорытынды.

Сабақтың көрнекілігі: ақын портіреті, шығармалар жинағы, Қазақстан картасы, Исатай мен Махамбеттің суреті, Жәңгір ханның суреті.

Пәнаралық байланыс: тарих,география, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. А. Байтұрсыновтың «Өгіз бен бақа»мысал

өлеңін мазұндау. Қалаған жерін жаттау.



ІІІ. Білім тексеру:


  1. Ахмет Байтұрсынұлы кім?

  2. Крылов мысалдарын қай кезеңдерде аударды?

  3. Ахмет Байтұрсынұлының мысал өлеңдері жинақ болып қай қалада басылып шықты?

  4. Мысал жанрының басқа жанырлардан өзгешелігі.

  5. Аллегория деген не?

  6. Қазақ әдебиетінде мысал жанры қай ақыннан басталады?



ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1. М. Өтемісұлының өмірі туралы мәлімет.

Махамбеттің 80 –ге жуық өлеңі бар, мұрасының көбі бізге жетпеген. Оның өлеңдрін шәкірті Қуан жырау жатқа білген екен. Одан Мұрат Мөңкеұлы үйренген. Одан Ығылман Шөреков жаттаған. Бірқатар өлеңдерін жинаған ақын – Шәңгерей Бөкеев.

Ең алғаш Махамбет өлеңдері 1908 жылы қазан қаласында «Мұрат ақынның Ғамырқазы уғылына айтқаны» деген жинақта жарық көрген.

Сонмен қатар күйші, сазгер, домбырашы. Олай дейтініміз- Махамбеттің «Жорық» «Жайық асуы», «Қайран, нарын» «Исатайдың Ақтабаны – ай», «Кішкентай», «Жұмыр қылыш»,

« Өттің дүние», «Өкініш», «Қиыл қуғыны»т.б. күйлері бар.



  1. Электронды оқулықтан Махамбеттің өскен ортасы, өмірінен мәліметтер беріледі.

  2. Махамбеттің « Соғыс» өлеңін оқу.

  3. Хронологиялық кестені пайдаланып, көтерілістің шығу себебі мен оқиғаның болған уақыты жайлы айтылады.



VІ. Түсінік тексеру:

Сұрақ жауап

Өлеңде қандай оқиға суреттеледі?

Өлеңнен Исатайдың сырт бейнесін суреттейтін жерін тауып оқу.



VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

1. Оқулықпен жұмыс.

  • Өлеңнен Исатайдың ерлік бейнесін суреттейтін жерді тауып, дәптерлеріңе жазыңдар.

  • Өлеңнен тұрақты тіркестерді тауып, білдіретін мағынасын ашу.

  • Өлеңдегі эпитет, метафора, теңеу сөздерді тауып талдау.

  • Өлең шумақтарынан омоним болатын сөздерді табу.

VІІІ.Сабақты қорыту:

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1.М.Өтемісұлы өмірі туралы түсінік.

2. «Соғыс» өлеңін жаттау.
Сабақ жоспары

1. Пән аты: Әдебиет

2. Сыныбы: 5

3. Күні, айы, жылы:

4. Тоқсан: ІІ

5. Мұғалім: П.Әкебекова

Сабақтың тақырыбы: М.Өтемісұлы «Қызғыш құс» өлең

тілі туралы мәлімет.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: «Қызғыш құс» өлеңнің айтайын деген ойын, өлеңнің туу себебін түсіндіру.

2. Тәрбиелік:. Оқушыларды елін, жерін, Отанын сүетін патриот етіп тәрбиелеу, ерлік пен елдікті, батырлықтыдәріптеу, олардың бойында қызығушылық, ізденушілік қабілеттерін арттыру.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, диалог, талдау, түсіндіру, қорытынды.

Сабақтың көрнекілігі: ақын портіреті, шығармалар жинағы, Қазақстан картасы, Исатай мен Махамбеттің суреті,

Пәнаралық байланыс: тарих,география, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1.М.Өтемісұлы өмірі туралы түсінік.

2. «Соғыс» өлеңін жаттау.
ІІІ. Білім тексеру:

Өздерің бұдан бұрын Махамбеттің қандай өлеңін жаттадыңдар?

Махамбет кім?

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет