Бөлім: Таза, мінсіз асыл сөз
|
Мектеп: А.Байтұрсынов атындағы №1 мектеп-лицейі Пәні: қазақ әдебиеті лиц
|
Күні:16.09
|
Мұғалімнің аты-жөні: Арысбаева З.
|
Сынып: 5а
|
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Кіріспе. Халық ауыз әдебиеті
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
5.1.2.1. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: халық ауыз әдебиеті шығармаларының үлгілерімен танысу;
Көпшілігі: халық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі көтерілген мәселені анықтау;
Кейбір оқушылар: Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау, өз көзқарасын таныту.
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
І. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: «Сөзді тап» тәсілі.
Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады (тұрмыс, тіршілік, халық, салт-дәстүр). Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, бір минутта ондағы сөздің атын атамай сипаттап түсіндіруі керек. Сөзді тапқан оқушы келесі сөзді түсіндіруді жалғастырады.
Кіріспе сұрақтар:
Бұл сөздердің біздің сабаққа қандай қатысы бар? Сабақтың тақырыбы қандай?
І. Қызығушылықты ояту. «Ой шақыру» сұрақтары.
1. Ауыз әдебиеті ғылымда қалай деп аталады?
2. «Фольклор» қай елдің сөзі?
3. «Фольклор» сөзі қазақ тіліне аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
4. Фольклор қашан туған?
5. Ауыз әдебиеті шығармалары біздің заманымызға дейін қалай жеткен?
6. Ауыз әдебиетінде халық өмірі қалай бейнеленген?
(оқушылар жауабы тыңдалады).
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.
|
Оқушылар назарын сабаққа аудару. Жағымды ахуал қалыптастыру.
Оқушылар «ой шақыру» сұрақтарын жауап беріп, жаңа тақырыпты анықтайды.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.
|
ҚБ
|
5-сынып
Қазақ әдебиеті оқулығы
|
Сабақтың ортасы
|
ІІ. Мағынаны тану. Оқушыларға «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» бейнеролигі көрсетіледі. Бейнероликтен оқушылар жаңа сабаққа байланысты ақпарат алады.
https://www.youtube.com/watch?v=H9dfAF7cR6Y
Тапсырма. Бейнероликтен тыңдаған мәтіннен алған ақпаратты ИНСЕРТ кестесімен түртіп алу.
Дескриптор:
Ақпаратпен танысады;
Бұрыннан білетін ақпаратын түртіп алады;
Жаңа ақпаратты анықтайды;
Келіспейтін ақпараттарды түртіп алады;
Мәтінге байланысты сұрақ қояды.
|