Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты: Пәнді оқытудың мақсаты мен міндетімен таныстыру



бет19/88
Дата06.02.2022
өлшемі231,57 Kb.
#79516
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   88
Байланысты:
Абайтану 9-с.сабак жоспары Office Word (3)

Қарға мен бүркіт (И. А. Крыловтан)
Қой жайылып жаздыгүн,
Шыққан екен қияға.
Аспаннан бүркіт құйқылжып,
Сорғалап келіп ыраға,
Бір қозы іліп ап кетті
Құздағы қиын ұяға.
Екпіні күшті ер үшін,
Еңбек қылды жем үшін
Ұядағы балаға.
Көрді де мұны бір қарға,
Желікті бір іс бастарға:
“Қозыны да тамақ деп,
Кім ап шықсын тастарға!
Ең семізін ілейін
Қызық қылып ашарға”,-
Деді-дағы, аралап,
Жабысты келіп қошқарға.
Қалшылдап, дірілдеп
Тырнағын салады,
Қанатын қайқайтып,
Әкетпек болады.
Бүркіттей емес екені
Кешікпей-ақ білінді.
Жабағыға тырнағы
Шықпастай боп ілінді.
Жалпылдап, салпылдап,
Қойшыларға көрінді.
Әддін² білмес шіркінді
Құдай әбден қарғады.
Қойшылар көріп күлісіп,
¥стап алды қарғаны.
Құрысын да шіркіннің,
Семіз қойды алғаны.
¥шпасын деп қимаған
Қанат, қүйрық қалмады.
Бір жіпті берік бек байлап,
Аяғына жалғады.
Балаларға ойын боп,
Қор болып сүйтіп қалғаны.
Азат басың болсын құл,
Қолдан келмес іске ұмтыл!

Қарға мен түлкі (И. А. Крыловтан)
Боқтықта талтаңдап,
Жан-жаққа жалтаңдап,
Бір қарға жүр еді.
Бір жатқан ірімшік
Көзіне түседі,
Көңілі өседі.
Ірімшікті көрінген
Тістеп ап ұшады.
Бір ағашқа қонды да,
Асықпай жемек болды да,
Мазатсып қарады
Оңына, солына.
Ағашқа қонып, қаранып,
Қанатын, жүнін таранып,
Болмақшы еді мәз-майрам
Дейтін емес қу қайдан,
Жем іздеген бір түлкі
Кездей келді сорына.
Ағаштан төмен түспеген,
Ірімшікті тістеген
Қарға түсті көзіне.
Қу құмар ақымаққа
Алдап, арбап соқпаққа
Кеңеседі өзіне.
Жуасып, жабырқап,
Таң қалып, таңырқап,
Қарады жүзіне.
Қарашы залымның,
Бұл жұртқа мәлімнің
Алдаған сөзіне:
Есен-сау жүрсіз бе?
Ақынның төресі?
Көп жерден белгілі
Тегін құс емесі.
Жүніңіз, үніңіз,
Мұрныңыз, көзіңіз,
Құлаққа көп тиген
Мақталған кеңесі.
Басынан өзгеше
Бітіпті денесі.
Көп жерден, қалқам-ай,
Құмарым тарқамай,
Сізді іздеп келіп ем.
Сүйінсін құлағым,
Тарқасын құмарым,
Әніңе бір салшы,
Асық боп келіп ем.
Мақтауға есіріп,
Барынша көсіліп,
Ырғалып қарқ етті,
Ірімшік жерге салп етті.
Тап етті, шап етті,
Ап кетті қу түлкі.
Антұрған, сол тұрған
Жеріңде бол күлкі.





Пәні: Абайтану Сыныбы: 9 Күні: 7.11.2016ж.
Сабақ тақырыбы: Абай және батыс әдебиеті
Сабақ мақсаты: Білімділік: оқушыларға Абайдың Еуропаның ұлы ақын-жазушылары Шекспир, Байрон, Гете,Дюмалардың, философтар Сократ, Платон,Аристотель, Спенсер, Дарвин еңбектерімен танысуын, Дж.Байроннан «Көңілім менің қараңғы», А.Мицкевичтен «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі » өлеңдері туралы түсінік беру.
Дамытушылық: оқушылардың Абай Құнанбаев туралы білімдерін тереңдету.
Тәрбиелік: ұлы ақынның мұраларын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақ типі: жаңа білімді игерту сабағы
Көрнекілігі: ақынның өлеңдер жинағы, слайд
Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Оқушыларды сабаққа дайындау
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Абай Құнанбаев туралы шығармашылық жұмыс
ІІІ.Жаңа сабақ
Абай-Батыс әдебиетін қазақша тәржімалаған тұңғыш аудармашы
Европамен таныса келе Абайдың «Шығысым- батыс, батысым-шығыс боп кетті » деуі ақынның Батыс елінің мол рухани қазынасына, мәдени, әдеби өсу жолына қатты қызыққаннан айтқан сөзі. Абай оқып, біліп, таныс болған Батыс Европалық философия, тарих, мәдениет, әдебиет қорының көлемін, шеңберін нақты анықтау қиын. Ақынның кітапханасы сақталмаған. Бұл жайында М.Әуезов: «Батыс Европа мен орыс жазушыларының көпшілігін ол әуелі көп оқып, тексеріп өтеді. Өзінің білім алып, дүние тануына солардың шығармаларын азық етеді. Осы ретпен оқып шыққан ақын-ғалымдарының ішінде Батыс Европаның Гетесі, Шекспир, Шиллер, Гейнесі, Байрон, Бальзак, Беранжесі де болады. Ол кездегі білім-өнерлердің мол қоры, үлкен бесігі Батыс Европа екенін аңғарып, сол жақтың ақындары ғана емес, неше алуан философ білімпаздарын да зерттейді. Европа философиясын зерттеу ретінде Спенсер, Спиноза, Декарттарды оқиды. Бәрінен де Дарвинге қызығады. Қиыр шығыс тарихынан Будданың жайын да біледі» деп жазған.
Абай аудармаларының ішінде ұлы ағылшын ақыны, революцияшыл романтизмнің көрнекті өкілі Джордж Ноэл Гордон Байронның әйгілі Еврей сазы» топтамасынан «Көңілім менің қараңғы» деген өлеңі бар.
««Көңілім менің қараңғы, бол-бол ақыл» шығармасы да осындай әсерлі өлеңдерінің бірі. Бұл — Байронның «Моя душа темна» атты туындысын еркін аударған Лермонтов нұсқасы. Орысша нұсқасы ақынның көзі тірісінде «Отечественные записки» журналында басылып, кейін өзінің жинақтарында басылған.
Абай осы өлеңнің алғашқы сегіз жолын ғана аударған. 1933 жылға дейінгі жинақтарда «бол,бол ақын» «бұлбұл ақын» болып басылып келген екен [2,261]. Алғашқы басылымдарда «Еврей күйі» деп берілсе, кейінгі басылымдардың барлығында Лермонтовтан деп қана беріліп жүр.
Мәтіндерді салыстыратын болсақ.
Түпнұсқада:
Душа моя мрачна! Скорей, певец, скорей!
Вот арфа золотая:
Пускай персты твой, промчавчейся по ней,
Пробудят в струнах звуки рая.
И если не навек надежды рок унес,
Они в груди моей проснутся,
И если есть в очках застывших капля слез -
Они растают и прольются.
Аудармада:
Көңілім менің қараңғы. Бол, бол, ақын!
Алтынды домбыраңмен келші жақын.
Ішек бойлап он саусақ жорғаласа,
Бейіштің үні шығар қоңыр салқын.
Егер сорым түбімен әкетпесе,
Керек қой көңілді үміт тебірентсе.
Қатып қалған көзімде бір тамшы жас
Төгілмей ме, бой жылып, ол да ерсе?!
Аударманың сәттілігін айтпаса да түсінікті. Лермонтовтың ойы, көңіл-күйі аудармада анық, дәл түпнұсқадағыдай. Абай «арфа» сөзін «домбырамен», «звуки рая» тіркесін «бейіштің үні» деп қазақ оқырманының тіліне сай етіп өте жатық аударыпты. «Пускай персты твой, промчавчейся по ней» — «Ішек бойлап он саусақ жорғаласа» деген тармақтың да баламасын ұйқасқа қарай да, мағынаға қарай да тауып қолданған.
Поляк ақыны А. Мицкевичтің жарқын есімі әлем әдебиетінен ұлы классик жазушылармен қатар аталады. Абай- оның шығыс ақындарының ішіндегі бірінші аудармашысы. «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі» Абай Құнанбаев шығыс ақындарынан бірінші болып Мицкевич өлеңін аударды. Аудармасын «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі» деп жалпы атауына қарағанда, Абай Мицкевичтің бірнеше өлеңін аударғанға ұқсайды. Абайдың төл шығармаларының өзі бізге толық жетпегені сияқты, аудармалары да түгел сақталмай, жоғалып кетуі әбден ықтимал. Бізге Мицкевичтен бір ғана аударма өлеңі жеткен.
IV. Мәтінмен жұмыс
Оқушылар Абайдың аудармаларының мәтінімен танысады.
«Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі»
«Көңілім менің қараңғы»
V. Сабақты қорытындылау
Сұрақтар қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет