Сабақтың тақырыбы: Кіріспе Сабақтың мақсаты



Дата17.02.2017
өлшемі56,97 Kb.
#9639
түріСабақ
8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе

Сабақтың мақсаты:


  • Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған «Дүние жүзі тарихы» оқулығымен, оның авторларымен таныстыра отырып, жаңа заман тарихында не оқытылатына тоқталу, кезең кезеңдерге қысқаша мәлімет беру.

  • Белсенділігін арттыру, білімін тереңдету.

Сабақтың түрі:кіріспе

Әдісі:сұрақ жауап, әңгімелесу

Көрнекілігі:карта, оқулық кітап

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • 7-сыныпта өткен «Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы» оқулығымен айырмашылығын айта отырып, өткен жылғы материалдарды еске түсіру

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

Оқулық екі бөлімнен тұрады.



  1. Жаңа заманның алғашқы жаотысы деп аталады, яғни ХҮІІ ғасыр мен ХҮІІІ ғасырдың соңына дейінгі уақыттағы дүние жүзі тарихының негізгі оқиғалары.

  2. Жаңа заманның соңғы дәуірі, яғни ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы тарихи оқиғалар.

Жаңа заман қазіргі өркениет әлемін қалыптастырған дәуір. Бұл дәуірдің ортағасырлық заманнан айырмашылығы өте айқын білінеді.

«Жаңа тарих» немесе «жаңа заман» ұғымы ХҮ ғасырдың соңынан ХХ ғасырдың басына дейінгі кезеңді қамтиды. Ол шартты түрде екі бөлімге бөлінеді.

Аграрлы өркениет-

Индустриялы өркениет-

Жаңғырту-

ІҮ. Сабақтың бекіту:



  • Кенттену, яғни урбанизация-қалалардың бұрын-соңды болмаған өсуі, қала тарихта тұңғыш рет ауылды екінші кезекке ығыстыра отырып, эконмикалық басымдылыққа ие болды;

  • Индустрияландыру-өндірісте машиналарды ұдайы үдемелі түрде пайдалану, оның басы ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі болып табылады;

  • Секуляризация-сана-сезімнің тоқырап, атеизмнің дамуы, рухани және әлеуметтік өмірдің діни ықпалдан азат етілуі.

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:Кіріспе бөлімді оқып, терминдерді түсініп, жаттап келу.




8-сынып .Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §1. Англиядағы капитализмнің жеңісі және орнығуы./2 сағат/

Сабақтың мақсаты:


  • Оқушыларға революция қарсаңында болған өзгерістерді әңгімеле отырып, аграрлық сала негізінде реформалар жасалғанын, шаруалардың екі жақты қыспаққа ұшрағандығын түсіндеру.

  • Ағылшын революциясының себептерін аша отырып, елдегі әлеуметтік, саяси және діни мәселелердің шиеленісуі ағылшын буржуазиялық революциясына жол ашып, халықтың жаппай бас көтеруіне әкелгендігін, Англиядаға революция халықтық қозғалысқа айналып, феодалдық корольдік тәуелділікті жоюға ұмтылғандығын әңгімелеу.

  • Бүкіл Англия парламентті жақтаушылар және феодалдық абсолюттік құрылысты жақтаушыларға бөлінгендігін, республиканың ішкі саяси жағдайының дағдарысы, елде жаңа заңдар мен реформаларды жүргізуді қажет еткендігін айту. Белсенді, білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:карта, касте, сызба.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Дүниежүзі тарихы нені оқытады?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Революция қарсаңындағы Англия

  2. Ағылшын революциясының себептері

  3. Англиядағы азамат соғысы.

Маңызды оқиғалар:

1628 ж. - «Құқық жөніндегі петиция» құжаты

1639 ж. - Шотландиямен соғыс

1640 ж.- Ағылшын революциясының басталуы

1640 жыл, 13 сәуір-5 мамыр- «Қысқа парламент»

1640 жыл, 3 қараша- «Ұзақ парламент»

1640 жыл, желтоқсан – «Түп және тармақтар жөніндегі петиция»

1641 жыл, желтоқсан – «Ұлы ремонстрация»

ІҮ. Сабақтың бекіту:


  • Революция қарсаңындағы Англияның жағдайына сипаттама беріңдер

  • Революцияның басталу себептерін атаңдар.

  • Англиядағы азамат соғысы қандай мақсатты көздеді?

  • Ағылшын буржуазиялық революциясының ерекшелігі неде, ол өз мақсатына жетті ме?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма: §1


8-сынып .Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §2. ХҮІІІ ғасырдағы дүние жүзі. Ағартушылық дәуірі

Сабақтың мақсаты:


  • ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысынан соңына дейін үстемдік еткен идеялар дәуірі-ағартушылық ғасыр Еуропа халықтарының өміріндегі ірі құбылыс болғандығын әңгімелеу. Ағартушы элита мен қарапайым халық арасындағы айырмашылықты ашу. Алдыңғы қатарлы ағартушылардың еңбектерін оқып, оларды құрметтеп, өнегелі ісін үлгі тұтуға баулу.

Сабақтың түрі:Пресс-конференция

Әдісі: Сұрақ –жауап, оқушылардың ауызша хабарлама әдісі.

Көрнекілігі:ХҮІІІ ғасырдағы дүниежүзі картасы, кесте, сызба, тақтаны пайдалану

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар».

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Революция қарсаңындағы Англияның жағдайына сипаттама беріңдер

  • Пресвитерліктер мен интепенденттер деген кімдер, олардың көзқарастары неліктен қарама-қайшылықта болды?

  • Революцияның басталу себептерін атаңдар.

  • Англиядағы азамат соғысы қандай мақсатты көздеді?

  • Ағылшын буржуазиялық революциясының ерекшелігі неде, ол өз мақсатына жетті

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Ағартушылықтың бастауы және оның негізін салушылар

  2. Халық мәдениеті

  3. Ағартушылардың діни көзқарастары

  4. Ағартушылардың қоғам туралы пікірлері

  • «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі: Ағартушылық ғасырының алдыңғы қатарлы адамына қандай қасиеттер тән деп ойлайсыңдар?

Ағартушылық ғасырында ғылымға деген ынта күшті болды. Ғалым, ойшыл, философ адамдарды халық ерекше құрметтеді. Ғалымдар арнаулы орындарға шақырылып, зор ықыласпен тыңдалды.

  • «Ақ жол» газетінің тілшісі: Католик, лютерандық және православиелік елдерде Ағартушылық ғасыры адамды қандай сапаларына қарап екіге бөлді?

  • «Білім шуағы» газетінің тілшісі: ХҮІІІ ғасырда кейбір елдерде, мысалы Герман княздіктерінде бастауыш білім беру енгізілсе, Пруссия королі ІІ Фридрих неге білім алуға қарсы шықты?

  • «Ар-Ай» газетінің тілшісі: Ағартушылар арасында халыққа жақын мәдениеттің дамуын қуаттаушы Германияның ұлы ойшылрады кімдер және олар нені жақтады? Ағартушылық ғасырдың қандай ұлы қайраткерлерін білесіңдер? Ол кезеңде ғылымның қай салаларына баса көңіл бөлінді?

Құдайды жоққа шығарушы атеистер-дүниені ешкім жаратқан жоқ, ол мәңгілік және шексіз деп санаған. Материалистердің пікірі қандай болды? Олардан кімдерді айта аласыңдар? Ағартушылық ғасырында Еуропада «өркениеттілікпен», білім мен ғылым дамуымен байланысты қоғамдық прогресс идеясы қалыптасты.

ІҮ. Сабақтың бекіту:



  1. Ағартушылық ғасырының алдыңғы қатарлы адамына қандай қасиеттер тән деп ойлайсыңдар?

  2. ХҮІІІ ғ. ағартушы элита мен қарапайым халық арасында қандай айырмаш. болды?

  3. Ағартушылық ғасырының қандай ұлы қайраткерлері болды?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§2
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет