Пән: қазақ тілі Сынып:8 күні:---------
Сабақтың тақырыбы: Кішіге қамқор болу
Мақсаты: Сыйластық, құрмет, адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:1. Үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;
2. Сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
3. Үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Отбасылық суреттер, мақал-мәтелдер, қосымша қағаздар,
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: «Сәлемдесу»
-Оқушылармен сұхбат
Сабақтың ұраны:
Үлкенге де «Сіз»
Кішіге де «Сіз»
Бар адамға құретпен,
Бас иеміз біз.
(қимылмен орындау)
Мұғалім: Бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтып, сол тілектерден өлең жолдары арқылы жақсылықтан үйреніп, жамандақтан жиренуді ұғыну.
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
ІІ. Сабақ ережесімен таныстыру.
1. Бір-бірін сыйлау
2. Ұзақ уақыт сөйлемеу
3. Көңілді болу
4. Бірін-бірі тыңдай білу
5. Өз ойын нақты жеткізе білу.
ІІІ.Әңгімелесу (Көрнекілік арқылы ой тастау)
1. Мұғалім: Үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсету арқылы адамдар
Қандай жетістіктерге қол жеткізе алады?
Қоғамда, отбасында және достары мен туыстары, басқа адамдар арасында қарым-қатынастарын қалыптастыруға, адам өміріндегі мәнін терең түсіне бастауына жетелеу.
2. Пікір-талас Өзінді, өзгені құрметтей білесің бе?
Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?
Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?
3. Түйіндеу. Өз ойларын еркін айтуына және сыйласымды қарым-
қатынас жасау адамның өзіне байланысты.
Ү. Дәйексөз
1. Өзгеге жасаған ізетің, өзіңе жасаған құрметің.
(Халық даналығы)
2. Мақалдар
Бірлік бар жерде – тірлік бар.
Көпті сыйлағаның - өзіңді сыйлағаның.
Сыйласу екі кісіге бердей
Мақсат: Үлкен мен кіші арасындағы құрмет пен ізет сөздерді айту, есте сақтау
Үлкен ағашты «Құрмет», кіші ағашты «Ізет» деп атап, ойынды қорытындылау.
ҮІІ. Жаңа ақпарат
Адамдар бірін-бірі сыйлап, түсіне білсе жақсы қарым-қатынас жасауға қол жеткізеді. Өзара сыйластық достыққа әкеледі.
Өмірде адамдар бірін бірі кешіре, түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын және өзара сыйластық қана достыққа әкелетініне назар аударту.
ҮІІІ.
1 тапсырма. «Менің айтар ақылым»
(Кішілерге арнап алғыс хат жазу)
2 тапсырма: «Менің тыңдар ақылым»
(Үлкендердің өзіне айтатын ақылдарын жазу)
3 тапсырма: Сурет бойынша әңгіме құрастырып жазу
(Үлкенге орын беру, үлкенді сыйлау, отбасындағы сыйластық туралы)
ІХ. Жүректен жүрекке
Сабақтан алған әсерлерін мына өлең жолдарын бірге айтып, сабақты аяқтау.
Құрметпен ата-анамды,
Ардақтап әпке, ағмды,
Қамқор боп сіңлі-ініме,
Сыйлымын үлкен-кішіге.
Бәрін де жақсы көремін,
Үнемі көмек беремін.
Үлкенді Сыйлау-кішілік,
Үлгілі мінез-кісілік.
Қорытынды: сұрақ-жауап
Үйге тапсырама: Мәтінмен жұмыс сөздерді жаттау
Бағалау
Пәні; қазақ тілі Күні:
Сыныбы: 8
Тақырыбы: Қонақжайлылық (презентация түрінде)
Мақсаты:
● Жаңа материалды игертуге қажетті білім, дағды деңгейін анықтау. Қонақ және қонақ түрлерімен таныстыру, мәтіннің мазмұның ашу, білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
● Сөздік қорын молайту, ой - өрісін, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділіктерін арттыру.
● Адамгершілікке, қонақжайлылыққа және ұйымшылдыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, түсіндіру, пікір алысу
Көрнекілік: презентация , мақал-мәтелдер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: -оқушылармен сұхбат
Үй тапсырмасын пысықтау
Сабақтың мақсатымен таныстыру
Кіріспе:
Қонақ – бұл арнайы шақырылатын жора – жолдас, туған – туыс, үйге келген кісілер. Шақырмай да алыстан ағайын – туыстар келеді. Келген қонаққа үйдің төрін, астың дәмдісін ұсыну – ертеден келе жатқан салтымыз. Кез – келген отбасына сырттан қонақ келмей тұрмайды. Қонақ шақырудың дәстүрі әр түрлі. Қонақшыл кісінің әдетте, жора - жолдастары, дос - жораны көп болады.
Қонақ күту дәстүрі ел – жұрт арасындағы ізгі қарым – қатынасты нығайтады. Әр халықтың қонақ күту дәстүрі бар. Олардың өзіне тән ерекшеліктері болады. “Қазақ қонақсыз болмайды” деген сөз бекер айтылмаған.
Қонақ түрлері:
1. Қылқима – түтіні түзу шыққан үйді аңдып жүрген сұғанақ, сүйкімсіз қонақ.
● 2. Қыдырма – ерігіп, желігіп, үйден – үйге қыдырып жүрген сандалма қонақ.
● 3. Арнайы – алыстан арнайы келген, жақын туған – туыс, сүйікті дос, жақсы жолдас.
● 4. Құдайы - өзің танымайтын, білмейтін, шалғай елден жолаушылап жүріп ат басын тірей қалған бөгде адам.
Сөздермен жұмыс
● 1. Меймандос – үйге келген қонақ.
● 2. Қонақжай – қонақты жылы жүзбен қарсы алған үйдің иесін айтады.
● 3. Ілтипат – қонақты шын жүректен, ыстық ілтипатпен күтеді, шақырады.
Шығармашылық тапсырмалары
● 1. Қонақ деген кім? Оны қалай түсінесіңдер?
● 2. Балаға тән салт – дәстүрлерді ата.
● 3. Оқулықпен жұмыс
● 4. Дәптермен жұмыс
● 5.”Қонақ күту салты қандай?
Өнер орталығының тапсырмалары
● 1. Үйге келген қонақты қалай қарсы аласыңдар? Қандай құрмет көрсетесіңдер?
● 2. Қонаққа барған кезде өздеріңді қалай ұстайсыңдар? Қонаққа барғанда немесе қонақ келгенде қандай жағымсыз әдеттерден аулақ болу керек?
● 3. Оқулықпен жұмыс
● 4. Дәптермен жұмыс
● 5”Қонақ қабылдау” көрініс көрсету.
Оқу орталығының тапсырмалары
● 1. қандай жағдайда қонақ шақырамыз?
● Кімдерді қонаққа шақырады?
● 2. Қонақ келгенде ата - аналарына қандай көмек көрсетіп, қызмет атқарасыңдар?
● 3. Оқулықпен жұмыс
● 4. Дәптермен жұмыс
● 5.”Қонаққа байланысты мақал - мәтелдер айту. Мағынасын ашып түсіндір.
Орталықтардың тапсырмалары.
● І. Шығармашылық орталығы: Қонақжай
● ІІ. Оқу орталығы: Ілтипат
● ІІІ. Өнер орталығы:қонақ, шақыру, сыйлы, сыпайы, дәстүр
Әр оқушы берілген сөздерден бірнеше сөздер құрастырып жазып шығу.
3.Қорытынды:
● 1. “Қонақ” деген кім?
● 2.”Қонақжай” дегенді қалай түсінесіңдер?
● 3. Қонақ түрлерін ата.
● 4.”Меймандостық, ілтипат” деген не?
● 5. Қонақ келгенде немесе қонаққа барғанда өздеріңді қалай ұстайсыңдар?
● 6. Дастарқан басында қандай әдеттерді сақтау керек?
Бағалау
Үйге тапсырма: мақал- мәтелдер
Пәні: қазақ тілі Күні:---------
Сыныбы:8
Сабақтың тақырыбы: Адамгершілік
Сабақтың мақсаты: 1.Бала бойына сүйіспеншілікті, кішіпейілділікті ұялату. Ата - анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қызы болуға тәрбиелеу.
2. Пәнге деген қызығушылықтарын ояту, сөздік қорларын дамыту
. өз ойларн дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру
3.Ата - анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету, қоғамға жат қылықтардан сақтандыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі:нақыл сөздер, мақалдар
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
3. Жаңа сабақ
-Адамгешілік сөзін қалай түсінесіңдер?
-Адамгерщілік қасиеттерді атап шығыңдар
-адамгершілік сөзіне байланыстырып сөйлем құрау
---- Оқулықтағы мәтінмен жұмыс
Мәтінді оқу ,қысқаша мазмұнын айту
Тапсырмалар:
Құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажырату
Тиісті жалғаулық шылауды қойып жазу
Адамгершілік туралы шағын өз ойларын жазу
4.Деңгейлік тапсырмалар
1-деңгей
Сөйлем мүшесіне талдау жасаңыздар.
Әжесі немересіне күлімсірей қарады. Атасы тоқсанында шөбере сүйді. Үй-іші ауылдан бүгін оралды.
Етістік түрлерін ажыратыңыздар
мысалдар
|
дара
|
күрделі
|
болымды
|
болымсыз
|
келген едім
|
|
|
|
|
дайындалмады
|
|
|
|
|
естіледі
|
|
|
|
|
барған жоқ
|
|
|
|
|
айтылды
|
|
|
|
|
2-деңгей
Кестені толтырыңыздар.
Жай шырай
|
салыстырмалы
|
күшейтпелі
|
асырмалы
|
аласа
жеңіл
көк
ескі
|
аласалау
______________
______________
______________
|
______________
______________
____________
______________
|
______________
______________
______________
______________
|
Төмендегі сөздерді дұрыстап жазып, сөйлем құраңыздар
1.бүгүңгү______________________________________
2.жұмұшшы____________________________________
3.күндүзгү ______________________________________
3-деңгей
10.Көп нүктенің орнына үстеу сөздерді қойып, түрлерін ажыратыңыздар
1.........ауылға қонақтар келетін болыпты.
2.Марат .........білмегенсіді.
3.Ол......... отырды.
4.Мен ........әуре болыппын
5.Антон..........жақсы сөйлейді Керекті сөздер: (жорта, төмен, бекерге, қазақша, ертең)
5.Қорытынды: Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылардың тілін жаттықтыру
6.Үйге тапсырам: адамгершілікке байланысты 5 көлемді мақал жазып, жаттау
Пән: қазақ тілі Күні:------------
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Үлкенге дауыс көтермеу.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың бойына сыпайылылықпен үлкендердің бетінен алым жауап қайтару жаман әдет екендігін ұғындыру
Дамытушылық: Өз ойларын еркін сауатты жеткізе білуге үйрету, құрмалас сөйлем түрлерінің жасалуын меңгерту
Тәрбиелік; адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау,сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі; тапсырмалар, мақал –мәтелдер
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
-Оқушылармен амандасу
2.Үй тасырмасын пысықтау
3. -Тақырып бойынша оқушылар өз түсінігін ортаға салып өз ойларымен бөліседі.
- Тақырыпқа байланысты мақалдар
Мысалы: Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер.
Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді оқып аударып, сұрақ қою.
Отан –отбасынан басталады деп бекер айтылмаған.Отбасындағы әке мен ананың орны ерекше. Үлкендерге қарсы шығып дауыс көтеруге болмайды,ол әдептілікке жатпайды және жаман әдет болып саналады.Отбасында ата-анамыз бізді тек жақсы әдеттерге тәрбиелейді.Жақсы ақылды адам бол, үлкенді сыйла, кішіге қамқор бол дейді.
2.1-3 сөйлемдерді салалас құрмалас етіп жазу .
3. және, та, немесе,өйткені,сондықтан деген жалғаулық шылауларды қатыстыра отырып сөйлем құрастыру.
Төмендегі сөйлемдерді құрамына қарай талдау.
Үлкендерді сыйлау, құрметтеу керек. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің. Отбасы-шағын қоршаған орта.Адамгершіліктің белгісі.
4.Ассиоцаия әдісі
5.Қорытындылау: Сұрақ-жауап әдісі
6. Үйге тапсырама: Ереже. 10сұрақтан құралған тест тапсырамсы
Пән: қазақ тілі Күні:---------
Сыныбы:8
Сабақтың тақырыбы: Шығарма «Менің отбасым»
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: Оқушылардың ойын пысықтау,
сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық
көзқарастарын қалыптастыру;
б) тәрбиелік: сауаттылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: сөздік
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: сауатты жазу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Шығарма тақырыбы туралы білетін мәліметтерін пысықтау.
ІІІ. Жаңа сабақ
Шығарма
Тақырыбы:
Қамтылуға тиіс тақырыптар:
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту.
V. Үйге тапсырма
Өткенді қайталау
VІ. Бағалау бөлімі
Шығарма жұмысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау
Достарыңызбен бөлісу: |