Изтлеуова Айнур Жаксыбаевна
Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Кітапхана тарихынан.Тұрлаулы мүшелер.
Сабақтың міндеті: Оқушыларға кітапхана тарихы туралы ұғым беру.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:Оқушыларға кітапхана тарихы туралы жалпы мәлімет беріп, жаңа сөздермен таныстырып, олармен сөз тіркесін, сөйлем құруға үйрету. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері ережесін қайталап, алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы бекіту.
2. Тәрбиелік: Оқушылардың кітапқа, кітапханаға деген көзқарастарын қалыптастыру, оларды әдеби шығармаларды оқуға тәрбиелеу. Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруге және берілген тапсырмаларды қатесіз орындауға баулу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту. Ауызекі сөйлеу дағдысын, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Сабақтың жабдықталуы: оқулық,жаңа сөздер, интерактивті тақта, компьютерлер,тірек-схема, үнтаспа, «Кітапхана тарихынан» видиоролик, мультимедиялық оқулықтар т.б.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттықтыру, бекіту, әңгімелеу, баяндау, сөйлеу т.б.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ (Шығармашылық зертхана)
Пән аралық байланыс: музыка, тарих, әдебиет
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру бөлімі
а) Амандасу
-Сәлеметсіздер ме, балалар!
-Сәлеметсіз бе?
-Отырыңыздар.
ә) Кезекшімен сұхбаттасу
-Бүгін класта кім кезекші? Класта кім жоқ? Бүгін нешесі?
2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатың хабарлау
-Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз «Кітапхана тарихынан» деп аталады. Бұл сабақта біз кітапхана, кітапхана тарихы тарихынан туралы әңгімелесеміз.Жаңа сөздермен танысып, сөз тіркесін , сөйлем құрастырымыз.Алған білімдеріңізді әр түрлі тапсырмалар арқылы бекітеміз.Қойылған сұрақтарға толық жауап беріп, берілген тапсырмаларды қатесіз орындауға тырысамыз және барлығыңыз өздерінің шығармашылық қабілеттеріңізді көрсете аласыздар.
3. Үй тапсырмасы тексеру.
- Балалар, қазақ ақын-жазушыларды білесіздер?Олар қандай тақырыптарға қалам тартқан?
- Табиғат, Отан, махаббат т.б. туралы.
-Дұрыс, сіздерге қазақ ақын-жазушылардың өлеңдерін жаттау керек еді. Үй жұмысын тексеріп жіберейік
4. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
а) Сөздік жұмыс
- Енді, балалар, осы сабағымыздың жаңа сөздермен танысайық.
Кітапхана-библиотека
Кітап-книга
Кітапханашы-библиотекарь
Әлемге әйгілі- известный всему миру
Аты шығу-быть известным ( оқу, сөздік дәптерге жазу)
ә)Сөз тіркесін құрастыру.
б) Сөйлем құру.
-Енді осы сөз тіркестерімен сөйлем құрастырайық.
Мысалы: Абай атамыз атыменқазақ елі әлемге әйгілі болды.
-Осы сөйлемде бастауыш пен баяндауышты табайық.
Не істейді?(болды), Кім? (қазақ).
-Жақсы, тақтаға келіп сөйлемді жаз, ал қалғандарыңыз дәптерлерді ашып, күнің жадың жазыңыз. Құрастырған сөйлемдерді дәптерге жазып, сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің астын сызыңыздар.
в)Ережені қайталау (ауызша ережені қайталау)
Бастауыш
1.
2.
3.
Баяндауыш
1.
2.
3
3.
Тұрлаулы
мүшелер
г)жаңа сөздермен қосымша жұмыс
1) үш тілге аудару
Енді мына сөздерді қазақша, орысша, ағылшынша қалай болатынын айтайық.
Кітапхана-библиотека
Кітап-книга
Кітапханашы-библиотекарь
2 ) Ой толғаныс сатысы (синквейн құру)
- Енді біз сіздердің шығармашылық қасиеттеріңізді әрі қарай «Синквейн» тапсырмасы арқылы көрейік. «Әлем»әр топқа бір жаңа сөзден беремін.
І топ ІІ топ ІІІ топ
Кітапхана Кітап Кітапханашы
Синквейн құру ережесін қайталап жіберейік.
-Осы сөздерге өлең жолдарын құрастырыңыздар.
1. 1 сөз зат есім
2. 2 сөз сын есім
3. 3 сөз етістік
4. 4 сөзден тұратын сөйлем
5. 1 сөзге синоним (Әр топтың жауабынан кейін, оқушылар 3 рет шапалақтайды).
Жарайсыңдар!
г) кітаппен жұмыс. (54 бет 2-тапсырма)
Кітапхана тарихынан
Кітапхана жазба ескерткіштердің қоғамдық қоймасы ретінде ерте замандарда пайда болған. Көне кітапханалардың ішінде Александрия кітапханасы әлемге әйгілі болды. ІХ-ХІ ғасырларда Бұхара, Самарқанд, Хорезм, Үргеніш қалалары ғылыми және кітап қорларымен аты шықты.
Қазақстандағы кітапханалар тарихы ІV-V ғасырларда Қаңлы патшалығы сарайындағы кітапханалардан, ХІ-ХІІ ғасырлардағы Отырар кітапханасынан басталды. Қазақстанда алғашқы кітапханалар Оралда (1880 ж.), Семейде (1883 ж.), Зайсанда (1896 ж.), Павлодарда (1892 ж.), Қарқаралыда (1892 ж.), Өскеменде (1896 ж.) ашылды.
(Мұғалімнің Кіріспе әңгімесі)
-Әлемде ең алғашқы кітапхана Ежелгі Шығыста пайда болды. Ал нақты тоқталсақ, ол Египеттегі Александрия кітапханасы. Александрия кітапхана-мұражайы б.ғ.д. ІІІ дәуірде Египед патшасы Птолемей ІІ Филадельфтың бұрығымен пайда болды. Мұражайда 200 мыңнан астам папирус және 700 мыңнан астам құжаттар сақталған. Кітапханада ғалымдар өмір сүріп, зерттеу жұмыстарын жүргізген.
ғ) «Алексанрия» кітапханасы туралы қосымша мәлімет, бейнетаспа
-Енді балалар сіздер қазір интерактівті тақтадан «Алексанрия» кітапханасы туралы қосымша мәлімет, бейнетаспа тамашалайсыздан. Мұқият қараңыз, себебі сосың бір-біріңізге сұрақтар қоясыздар.
д)Кеспемен жұмыс (3 сұрақты оқушылар өздері «Алексанрия» кітапханасы туралы құрастырып, бір-біріне қояды )
1 топ
Кітапхана қашан пайда болды?
Бухарада кітапхана қай ғасырлары пайда болды? (9-11 ғ.)
Оқушы сұрағы
2 топ
Қай жердегі кітапхана әлемге әйгілі болған?
Қаңлы патшалығының кітапханасы қай ғасырлары пайда болды? (4-5 ғ.)
Оқушы сұрағы
3 топ
ІХ-ХІ ғасырларда қай қалалардың кітап қорларымен аты шықты?
Қазақстанда ең алғашқы кітапхана қай жылы және қай қалада ашылды?(1880 ж. Орал)
Оқушы сұрағы
5. Жаңа тақырыпты бекіту.
а) Дәптермен жұмыс
№ 3-тапсырма 55 бет
Сөйлемдерді дәптерге жазып, септік жалғауларында тұрған сөздердің астын сызыңыздар.
Қосымша тапсырма: 3-тапсырмадағы сөйлемдерді буынға бөліңіздер.
І топ ІІ топ ІІІ топ
1 сөйлем 2 сөйлем 3 сөйлем
білімі төмен оқушылармен жұмыс-«кітап, әлем»сөздерін септеу.
білімі жоғары оқушылармен жұмыс-«Кітап-алтын қазына», «Кітап –ғалым, тілсіз мұғалім» мақал-мәтелдер сөз құрамына қарай талдаңыз.
ә) Семантикалық карта
Асты сызылған сөздерді өз бетінше қай септікте тұрғанын семантикалық карта арқылы белгілеу.
р/с
|
Сөздер
|
Атау
|
Ілік
|
Барыс
|
Табыс
|
Жатыс
|
Шығыс
|
Көмектес
|
1.
|
Алматыда
|
|
|
|
|
+
|
|
|
2.
|
Республиканың
|
|
+
|
|
|
|
|
|
3.
|
Жылдың
|
|
+
|
|
|
|
|
|
4.
|
Уақыттан
|
|
|
|
|
|
+
|
|
5.
|
Қазақстан
|
+
|
|
|
|
|
|
|
6.
|
Кітапханаға
|
|
|
+
|
|
|
|
|
б ) Шығармашылық жұмыс
-Қазір алдарыңыздағы ақ бет қағазға біздің бүгінгі сабағымыздың эпиграфына байланысты «Қазақстан -2030» жылы кітапхана қандай деңгейде болатынын бейнелейсіздер және өз жұмыстарыңызды қорғайсыздар.
- Жарайсыңдар.
6. Сабақтың қорытындысы.
«Ой шақыру» сатысы.
-Балалар, «Кітапхана» деген не?
Кітапхана
-Бүгін сабақта не істедік? Қандай жаңа сөздермен таныстық? т.б.
7. Бағалау.
- Жарайсындар. Бәріңіз жақсы жұмыс істедіңіз. Тек ... оқушылар ... баға алды.
8. Үйге тапсырма беру.
1.ЭССЕ «Менің сүйікті кітабым».
2. № 1- тапсырма 54 бет жазу.
3.Айгерим, Рустам, Нуран –Ақтөбе кітапханасы туралы мәнжазба жазып келу.
-Сабақ аяқталды. Сау болыңыз!
-Сау болыңыз!
Достарыңызбен бөлісу: |