Күнделікті сабақ жоспары№____1________
Пәні _______________ Сыныбы___________________Күні___________
Сабақтың тақырыбы: Көкөніс саласындағы күзгі жұмыстар.
Өнім жинау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларда көкөніс шаруашылығы туралы білімді тұрғындарды көкөқніспен қамтамасыз ететін өсімдік шаруашылығының бір бағыты ретінде қалыптастыру. Өсімдік өмірінің ұзақтығы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: танымдық қызығушылықтарын дамыту, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету.
Тәрбиелік: оқушыларды еңбек сүюге, берілген тапсыврмаларды өз уақытында тиянақты орындай білуге, жұмыс барысында техникалық қауіпсіздікті сақтап жұмыс жасауға, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: күрек, тырнауыш, айр, шелек, зембіл, себуге арналған пияз тұқымы.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың жоспары:
І Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру
ІV Кіріспе инструктажы
V Сарамандақ жұмыс
VІ Бекіту инструктажы
VІІ Жұмыс орнын жинақтау
І Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;
2. Сабаққа дайындығын тексеру (құрал-жабдықтар кабинет тазалығы т.б)
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Сабақтың барысы:
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Оқушылар білуі тиіс:
- жеміс көкөніс дақыларды өсіру технологиясының негізін;
- өсімдіктер қандай топтарға жіктелетіндігін;
- пиязшықты өсімдіктерді өсіру технологиясын;
- органикалық және органикалық емес тыңайтқыштарға қандай заттар жататындығын;
- құрал – саймандармен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік техникасының ережелерін;
- күздегі топырақты өңдеу ерекшеліктерін.
Оқушылар игерген болуы тиіс:
- құрал – саймандарды қолдана отырып, тәжірбиелік жұмыстарды орындауды;
- күзгі топырақ өңдеуді жүргізуді;
- топыраққа минералдық және органикалық тыңайтқыштарды енгізуді;
- сәбіз және ақжелкен тұқымдарының қыстық себуін жүргізуді.
Оқушылар өсімдік шаруашылығының негізгі бөлімдерімен, толығырақ көкөніс шаруашылығы және гүл өсіру шаруашылықтарымен танысады. Көкөніс шаруашылығының негізгі мақсаты айқындалады.
Көкөністер жыл бойынша былай бөлінетіндігі анықталады:
- біржылдық;
- екіжылдық;
- көпжылдық;
Алынатын өнімнің сипатына қарай мынадай топтарға бөлінеді:
- жемісті
- тамыр жемісті
- сабақ жемісті
- жапырақты
- гүлді
- пиязшықты
- көкөніс туралы бұрын білетін білімдерін кеңейту;
- жемісті жапырақты, тамыржемісті және т.б. сияқты көкөніс өсімдіктерін өз бетінше анықтай білуге дағдыландыру;
- оқушылармен бірлесе отырып, сәндік – гүлді өсімдіктердің адам өміріндегі маңызын түсігнуге жаңа шешімдер табу;
- оқушыларға «сұлулық» түсінігін анықтауға мүмкіндік беру;
- «Сұлулық әлемді құтқарады» айтылымның мағынасын түсіндіріңіз;
- пиязшықты өсімдіктерді өсіру технологиясымен таныстыру;
- адам не үшін топырақты және оның тыңайтқыштарын өңдеуді жүргізетіндігін талқылау.
Қорытынды:
- көкөніс және сәндік – гүлді өсімдік адамға күнделікті қорек үшін және біздің өмірімізді безендіру үшін қажет;
- гүлдер сұлулық түсінігімен байланысты.
Үй тапсырмасы
Үйде гүлге арналған ыдыстарға гүлді өсімдіктердің тұқымын отырғызу
Күнделікті сабақ жоспары № 1
Пәні___________________ Сыныбы_____________ Күні_________________
Сабақтың тақырыбы: Егіншілік жүйесі және ауыл шаруашылық саласын интенсивтендіру.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың егіншілік жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: егіншілік жүйесі туралы білім, білік және дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: оқущыларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа ұғымды меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Көрнекіліктер мен құрал – жабдықтар: түрлі түсті суреттер, кітап, плакат.
Пәнаралық байланыс: биология
Сабақтың жоспары.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Кіріспе инструктажы
5. Сарамандық жұмыс
6. Бекіту инструктажы
7. Жұмыс орнын жинақтау
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
2. Сабаққа дайындығын тексеру (құрал – жабдықтар, кабинет тазалығы т.б).
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау.
Өткен жылғы тақырыптарды қайталау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жалпы адамзат ерте заманда қолданған және қазіргі кезде қолданып жүрген егіншілік жүйесі үшке бөлінеді: қарапайым, эксткенсивті және интенсиві.
Егіншеліктің қарапайым жүесі топырақтың табиғи құнарлығын пайдалануға негізделген. Бұл – егіншіліктің алғашқы кезеңіне және ерекшелік. Ол үшін ерте заманда адамдар орман алқаптарында егін салу үшін ағаштарды кесіп не өртеп егістік жер дайындаған. Осылай орманнан тазартылған жерлерге 3-5 жылдай дәнді дақыл егілген. Танаптарда арамшөптер көбейіп, топырақтың құнарлығы азайып, өнім төмендей бастағанда, бұл жерді тастап, орманнан жаңа жер дайындаған.
Диқандар тастап кеткен танаптарда қайтадан табиғи шөптер мен ағштар өсіп, көп жылдар өткен соң, жердің құнарлығы қайтадан қалпына келген.
Тың жерге тән көп жылдық шөптер қаулап өсе бастаған кезде диқан ол жерді қайта жыртып егін салған. Міне, егіншіліктің қарапайым жүйесі осылай іске асырылған.
Егіншіліктің экстенсивті жүйесі қарапайым жүйесіне қарағанда көп жоғары тұр. Бұл жүйенің нәтижесінде егіске жарамды жерлерді пайдалану едәуір жақсарды. Халық санының өсуіне байланысты егін алқабының аумағы үлкейді. Жерге жеке меншік пайда болды, енді диқан бұрынғыдай кез келген жерді егістіккке арнап жыртуы мүмкіндігінен айырылды. Сөйтіп топырақ құнарлығын қалпына келтіру мерзімін қысқарту қажеттігі туды. Ондай тәсіл табылды, ол – танапты парға қалдыру. Жерді парға қалдырғанда, армшөптерді құртуға, топырақтың құнарлылығынын көтеруге мүмкіндік туады, яғни танапта ештеңе егілмесе де, жаз бойы бапталып, күтіледі. Сөйтіп егіншіліктің пар жүесі шықты. Кейін парға қалдырылған танаптарға ор қалдырылған танаптарға органикалық, минералдық тыңайтқыштар берілетін болды.
Алғашқы ауыспалы егіс екі танаптан тұрады. Бір танапты парға қалдырып, екіншісіне астық дақылдары егілді. Бірте-бірте екі танапты ауыспалы егіс пайдаланыла бастады. Танапқа бір жыл күздік дақыл, екінші жылы жаздық дақыл егіліп, үшінші жылы оны парға қалдыратын болады. Егістіктің қарапайым түріне қарағанда, пар жүйесі астық дақылдарынан анағұрлым мол өнім жинауға, егіске жарамды жердің жыртысына, тіпті үштен екісіне астық егуге жағдай жасайды. Міне икстенсивті жүйенің маңызы оыс.
Егінщшіліктің интенсивті жүйесі ХVIII ғасырдың басында Англияда шықты. Бұл жұйе бойынша әдетте, төмендегідей ауыспалы егіс қолданылды: 1- беде, 2- күздік бидай, 3- отамалы дақылдар (картоп, қызылша), 4- масақты жаздық дақыл мен беде (беде астықтың үстіне себіледі). Бұл ауыспалы егісте органикалық, минералдық тыңайтқыштар кеңінен қолданылды. Астық өнімі әр гектардан 1,6 – 1,7 тоннаға жеткен. Егіншіліктің интенсивті жүйесінде жерді неғұрлым тиісмді пайдалану ғылымға негізделген көптеген шаралар қолданылды, барлық қажетті тыңайтқыштар берілді, жоғары өнімді техникалар пайдаланылды. Өнімді көбірек алуға бағытталған әр гектарға жұмсалатын шығын арта түсті.
Егіншіліктің бұл жұйцесінде пар болмайды, ауыспалы егістің құрамында қант қызылшасы, картоп сияқты тыңайтқыштарды көп қажет ететін дақылдар егілді.
Жыл сайын танапқа биологиялық құрылысы әр түрлі, өсіру технологиясы да бір-бірінен өзгеше дақылдарды егу топырақтың құнарлылығын, алынатын өнім мөлшерін арттыра түсті. Сөйтіп егіншіліктің интенсивті жүйесінде дақылдарды өсіру үшін жұмсалатын шы,ын көбейіп, сонымен қатар алынатын өнім де артты.
ІV. Кіріспе инструктажы.
Техникалық тазалық ережелерін еске түсіру, инструкциялық карталар тарату.
V. Сарамандық жұмыс.
Оқушылармен егіншіліктің қарапайым топырақты өңдеу жолдарын жасап үйрену. Бұл егіншіліктің алғашқы кезеңіне тән ерекшелік. Тың жерді көп жылдық шөптерден тазартып, ол жерді қайта жыртады. Міне, егіншіліктің қарапайым жүйесін осылай асырылатынын үйрендік. Тыңайтқыштар араластырып екі қайтара аударып, білімімізді дамыттық.
Құрал – саймандар: күрек, тырма, тыңайтқыш.
VІ. Бекіту инструктажы.
Сабақты қорытындылау.
Оқушыларға бүгінгі егіншілік жайлы білгендерін қорытындылау.
1. Қазіргі кезде қолданып жүрген егіншілік жүйесі қаншаға бөлінеді?
2. Тың жерге тән қандай қасиеттер бар?
3. Егіншіліктің инсентивті түрі қай ғасырда қай жақта пайда болды?
Бағалау.
Оқушылардың біліктілігін, еңбегін бағалау.
Үйге тапсырма беру.
Егіншілік жайлы оқып, мәлімет жинап келу.
VІІ. Жұмыс орнын жинақтау.
Күнделікті сабақ жоспары № 2
Пәні___________________ Сыныбы_____________ Күні_________________
Сабақтың тақырыбы: Жүгері өңдеудің интенсивті технологиясы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: жүгері өңдеудің инсенсивті технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: оқушылардың жүгері туралы дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, жұмысын тиянақты орындауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер мен құрал – жабдықтар: кесте, плакат, жүгерінің макеті, жүгері жинайтын машина түрлерін көрсететін кесте.
Пәнаралық байланыс: биология
Сабақтың типі: жаңа ұғымды меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың жоспары.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Кіріспе инструктажы
5. Сарамандық жұмыс
6. Бекіту инструктажы
7. Жұмыс орнын жинақтау
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
2. Сабаққа дайындығын тексеру (құрал – жабдықтар, кабинет тазалығы т.б).
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау
Егіншілік жүйесі және ауыл шаруашылық саласын интенсивтендіру туралы сабақты қайталау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Мұғалім сабақты баяндау кезінде жергілікті ерекшелікті ескереді. Мектеп жүгері өсіретін аймаққа орналасса, онда оқушылар жүгерімен таныс, онда сабақты баяндау емес, сұрақ-жауап әдісімен бастайды. Өз бетінше жұмысқа ерекше назар аударады. алайда оның ғылыми негізіне ерекше көңіл бөледі. Жүгері өспейтін аймаққа борлса, онда оқушыларға теориялық білімді тереңірек ұғындыруға тырысады, бұл- баяндау әдісі.
Жүгерінің азық-түліктік және техникалық маңызы болғандықтан, оның шаруашылықта, өндірістікте маңызы бар. Оның дәнінен, сабағы мен собығынан 150- дей түрлі заттар даярланады. Олар: крахмал, сірне, спирт, май, қағаз, жармаи, түрлі консервілер және басқалар.
Негізенен ол – мал шаруашылығы үшін аса бағалы, құнарлы азық. Сабағы мен жапырағынан даярланған сүрлем басқа дақылдардан әзірленген сүрлемге қарағанда, қоректілігі жағынан едәіуіпр жоғары. дәнге арналып егілген жүгерінің са бақтары мен жапырақтары мал азығында пайдылынылады. Шашақ шығара бастағанда, жиналып алынған жүгері сүрлемге қолданады. Жүгеріні ықтырмалы дақыл ретінде ексе, қар тоқтатады және желден қорғайды.
Содан кейін жүгерінің биологиялық ерекшелігіне (жылу сүйгіш, оның өсуі, тамырлануы, күту, тыңайту) кеңінен тоқтатылады. Жүгері отырғызатын және жинайтын техгника түрлерімен таныстырады. Олар дың түрлерін суреттер, макеттер т.б. арқылы көрсетеді. Әсіресе оның пісу мер зімін анықтау мен жинауға айырықша тоөқталу қажет.
Мұғалім тұқымға арналған жүгеріні қолмен жинайтынын, оған ең жақсы собықтарды сорттап, ылғалдылығын15-16% - ға дейін төмендетеді. Сүрлеуге арналған жүгеріні сүттену аяқталдған соң, қамырланудың басында жинайды.
Бұл кезде жүгерінің жапырағы да, сабағыда жасыл күйінде болады. Оның құрамында 65-75%- ға дейін ылғал болғандықтан, сол күйінде – ақ су қоспай-ақ сүрлеуге болады.
Мұғалім сондай-ақ сабақтың ғылыми жағына ерекше назар аударады. Егер мектеп жүгері өсірілетін аймақта болса, жүгкері туралы бірнеше сағат сабақ өтеді. Ал ол жүгері өсірмейтін аймақта орналасса, онда сағатты азайтқаны дұрыс. Бірақ оқушыларға жүгерінің бүкіл халық шаруашылығы үшін маңызы бар екенінен толық білім беру талап етіледі.
Қазақстанда жүгері көп жылдан бері алматы облысының Панфилов және Ұйғыр аудандарында өсіріледі. Соңғы кезде нарықтық экономикаға көшуге, жекешелендіруге байланысты жүгері егетін аудандарда өнім төмендеді. 2003-2005 жылдар «Ауыл жылы» деп белгіленуіне орай, жүгері өсіру қайта қолға алына бастады. Жүгері болашаға зор, азық-түлік үшін аса пайдалы ретінде дами беруге тиіс.
Енді бағдарлама бойынша оқытылатын маңызды дақылдардың бірі- картоп, сондықтан бұл дақылды өсіру жөнінде бір сабақтың толық жоспарын келтірейік.
ІV. Кіріспе инструктажы.
Техникалық тазалық ережелерін еске түсіру, инструкциялық карталар тарату.
V. Сарамандық жұмыс.
Жүгерінің азық-түліктік және техникалық маңызы болғандықтан, оның шаруашылықта, өндірістікте маңызы бар. Жүгерінің биологиялық ерекшелігіне (жылу сүйгіш, оның өсуі, тамырлануы, күту, тыңайту) кеңінен тоқтатылады. Жүгері отырғызатын және жинайтын техгника түрлерімен таныстырады. Олардың түрлерін суреттер, макеттер т.б. арқылы көрсетеді. Әсіресе оның пісу мерзімін анықтау мен жинауға айырықша тоқталу қажет.
Техника қауіпсіздігін сақтай отырып оқушылармен бірге мектеп алаңындағы өнделген топыраққа жүгері егіп үйрендік. Оқушылардың жұмысты ұқыпты орындауын қадағалау.
VІ. Бекіту инструктажы.
Үйге тапсырма беру.
Жүгері жайлы оқып, мәлімет жинап келу.
VІІ. Жұмыс орнын жинақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |