Оқжетпес Оқжетпес туралы мынадай аңыз бар екен:Қалмақ қызына Абылай ханның әскерлері «мен аламын» деп таласады. Сонда Абылай жауынгерлерін ренжітіп алмас үшін “Бұйырдым тұтқын қыздың қалауына” дейді. Тұтқын қыз жігіттердің өнерін сынау үшін үш шарт қояды. Біріншісі — Көкшенің ең биік шыңының басындағы найза ағашқа байланған шәйі орамалды атып түсіруі еді. Қыздан дәмелі хан батырларының барлығы да “шіреніп садақтарын шыңға кезегенімен” ешқайсысы сыннан өте алмайды. Шың содан кейін Оқжетпес аталыпты. Оқжетпестің дәл қарсысында, Бурабай көлінің ақ жазықты шығанағында, судың нақ ортасында тағы бір жартас Жұмбақтас тұр. Жұмбақтас десе жұмбақ тас.