Сабақтың тақырыбы: Көктем Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата18.03.2017
өлшемі69,87 Kb.
#11773
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Көктем

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Автор туралы мәлімет бере отырып,өлеңнің мазмұнымен таныстыру, ондағы негізгі ойды анықтап,идеясын ашу;

2. Дамытушылық: оқушылардың танымдық деңгейін, шығармашылық қабілеттерін, өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу дағдыларын ,пәнге қызығушылықтарын,тіл байлықтарын дамыту;

3. Тәрбиелік: әсемдікке, сұлулыққа, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайдтар,

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың типі:жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдістері: СТО технологиясының стратегиялары,сахналау.

Пән аралық байланыс: музыка, сурет,дүниетану,өзін-өзі тану.

Техникалық құралдар: компьютер,экран тақта.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық .

Көптен күткен қоңырау,

Соғылды, сабақ басталды.

Тексерейік түгендеп,

Дәптер, қалам, кітапты.

Сабағымыз басталсын,

Пайдасы оның көп болсын.

Сабақ жоспары:

І. Үй тапсырмасын сұрау.

-«Көктем сәні» ертегісін сахналау.

ІІ.Жаңа сабақ.

-«Таныс бол» /автор туралы мәлімет/

-Мағынаны тану /мәтінмен жұмыс/

-Сергіту сәті

- Шығармашылық жұмыс

ІІІ.Қорытынды

Мақал-мәтелдер.



Үй тапсырмасын сұрау.

-Үйге қандай тапсырма берілді?

Оқушылардың салған суреттері, құраған ребустары арқылы ертегінің кейіпкерін анықтап алайық.

«Көктем сәні» ертегісін сахналау.

Ертегіге сүйеніп сызбаны толтыру.







Көктем сәні






2. Жаңа сабақ

Ал «көктем» дегенде сендердің көз алдарыңа не келеді?

«Топтастыру» стратегиясы


көктем

Бүгін Қабыкен Мұқышевтың «Көктем» өлеңін оқимыз.



Автор туралы мәлімет «Таныс бол».
Қабыкен Мұқышев /1920-1976 /-Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Балықты деген жерде дүниеге келген. Орта білімді өз ауылында алды. Бұдан соң Абай атындағы қазақ педагогика институтының тіл және әдебиет факультетінде оқиды. 1940жылы Нұра ауданының орталығындағы қазақ орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берді. 1944-1949жж. қарағанды мемлекеттік педагигокалық институтында аға оқытушы болып істеді. 1950-1960жж. қарағанды, Ақмола, Алматы облыстарының ауыл-селолық мектептерінде мұғалімдік қызмет атқарады. Кейін таза шығармашылық жұмыспен айналысты.

Өлеңді институтта оқып жүрген кезінен жаза бастаған.Балаларға арналған шығармалары: «Алтын арқа», «Екі мысық», «Көршілер», «Мысық неге етіксіз?», «Кірпі мен Сұрмойнақ»т.б.



«Көктем» өлеңі

Мағынаны тану

А) өлеңді мәнерлеп оқып беру.

Ә) Оқушыларға оқыту.

Б) Сөздік жұмыс.

Өкпек жел, көк соқта, дегдіді, барқыт осы сөздердің мағынасын түсіндіру.

В) Өлеңді талдау.



Сергіту сәті.

Тамшы болып тамайық,

Арық болып ағайық.

Көлшік болып жиналып,

Күнге қолды бұлғайық.

Күн көзімен құрғайық.

Бу боп аспан төрінде

Бұлттар санын құрайық.

Бұлттан жаңбыр сөгілер,

Жер әлемге төгілер.

Құстар болып ұшайық,

Ағаштарға қонайық.


Шығармашылық тапсырма ( көктем туралы өлең, әңгіме құрау, сурет салу ).

Қорытынды

Жұмбақ шешу.

1.Қар, мұз, еріп

Су көбейіп

Сай-салада ағады.

Қой маңырап,

Төл жамырап,

Жайлау малға толады.

Бүршік шашып,

Жапырақ ашып,

Жер гүл шашақ тағады.

Бөбектерім, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады? (Көктем)

2. Тырсылдап түседі,

Жер бетіне жетеді.

Жер бетіне жеткен соң,

Жерге сіңіп кетеді. (Жаңбыр)

3. Қанатсыз құс маңып барады,

Көзінен жас тамып барады. (Бұлт)

4. Әуеден күбі түседі,

Күбінің түбі түседі. (Найзағай)

5. Алдым да әр түрінен жібек жіптің,

Аспанға әшекейлеп кесте тіктім. (Кемпірқосақ)



Мақалдар. Осы мақалдардың ішінен өлеңге сәйкес келетін мақалды тап.

Дәлелде:

  • Диқаншы жерін мақтайды,

Балықшы көлін мақтайды.

  • Жері байдың-елі бай.

  • Сәуір болса,күн күркірер,

Күн күркіресе көк дүркірер.

  • Қылышын сүйретіп қыс келер.

  • Жаңбыр жауса жер ырысы,

Батыр туса ел ырысы.

«Табиғат- адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат пен мейірімі мен шұғылалы шуағын жүрегімізге ұялатқан ана»./ М. Жұмабаев/

«Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» деген қазақта мақал бар. Бір ағаш сынса, он ағаш отырғызайық. ҚР Президентінің «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша көктемде көшемізге тал егейік.

ҚР Конституциясының 38 -бабында былай делінген:

«Қазақстан Республикасының азаматы табиғатты қорғауға және оның байлығын сақтауға міндетті» .

ҚР Президентінің «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша көктемде көшемізге тал егейік.

Отырғыз ағаш көктемде

Жүрсің бе егіп жылда сен,

Қолыңнан өзің бірер тал?

Екпесең бала, тыңда сен,

Ақыл-сөзге құлақ сал:

Отырғызып ағаш көктемде,

Жөн болар еңбек еткенің.

Келмесе шамаң еккенге,

Сындырма жұрттың еккенін!

Оқушылардың жұмысын бағалау.



Үйге тапсырма: «Көктем» өлеңін жаттау . Сурет ,шығармаларын аяқтау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет