Сабақтың тақырыбы: Көктем


Сөйлемнің тақырыбы: Сөйлем. Жырау



бет2/2
Дата25.01.2017
өлшемі0,99 Mb.
#7915
түріСабақ
1   2
Сөйлемнің тақырыбы: Сөйлем. Жырау
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жырау, жыршы туралы түсінік беру, ұғымдарды ажырату, қиын сөздердің мағынасын ажырату. Сөйлем туралы түсінігін кеңейту, сұрақар қоя білуге үйрету. Оқушылардың оқу әрекетімяен шұғылдану арқылы ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Оқушылардың сөздердің қлдану ерекшеліктерін байқау арқылы сөз құдіретін түіне білуге тәрбиелеу
Түрі: жаңа сабақ

Әдісі: сұрақ – жауап, көрнекілік, түсіндіру
Көрнекілік: суреттер, электронды оқулық, суреттер мен слайдтар

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
– Оқушыларды сабаққа дайындау
– Сабаққа зейіндерін аудару

II. Өткенді пысықтау
Сұрақ – жауап бойынша өтілген материалдарды қайтала

III. Шығармашылық тапсырма
Тақтада ілінген заттардың ішінен өзіңе қажеттісін ғана теріп жаз
1-қатар: Кім? Не?
2-қатар: Не істеді? Не қылды?

IV. Жаңа сабақ
1) Ой қозғау. Әріптер, сөздер, сөйлемдер жазылған.
к, п, а, і, т; оқушы, оқыды, кітап
Проблемалық сұрақтар қою.
– Балалар бірінші қатарда нелер жазылған?
– Әріп деген не?
– Жоғарыдағы әріптерден қандай сөз құрауға болады?
– Ал екінші қатарда ше?
– Сөз дегеніміз не?
1-тапсырма. Ендеше екінші қатардағы сөздерден сөйлем құрастырып көрейік. Сөйлемнің ережесін қайталау
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді, бас әріптен бастап жазылады, сөздер бірінен бөлек жазылады, айтылу мақсатына қарай тыныс белгісі қойылады.
2 – тапсырма. Сигналдық карточкаменжұмыс
Шарты: Сөздер оқылғанда көк, сөйлемер оқылғанда қызыл, буындар оқылғанда сары карточканы көрсету.
V. Оқулықпен жұмыс
148 – жаттығу. Әр сөйлемнен соң дауыс кідірісін жасап оқыңдар. Әр сөйлемде неше сөз бар екенін анықтаңдар. Сөйлемдегі сөздердің бір – бірінен бөлек жазылатынын аңғарыңдар.
Көктем келді. Күн жылынды. Қар еріді. Жылғалардан су ақты. Өзендер тасыды. Мал төлдеді. Жылы жақтан құстар ұшып келеді.
149 – жаттығу. Ізденішілік деңгейдегі тапсырма. Орны ауыстырылып берген сөздерден сөйлем құрап жазыңдар. Әр сөйлемнің бірінші сөзін бас әріптен бастап жазыңдар.

Сергіту сәті.
Шығармашылық тапсырма. Оқылатын сөздердің ішінен Кім? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді теріп жазыңдар.
Актер, әнші, биші, жыршы, күйші, қобызшы, ақын.
– Бұл сөздерді бір сөзбен қалай атайды?
– Өнер адамдары
Сөздік жұмыс жүргізу.
Актер – театр, кино саласында қызмет ететін адам.
Әнші – ән айтатын адам
Биші – бидің қыр – сырын танитын, жақсы билейтін адам
Күйші – домбырада күй тартатын адам
Ақын – өз жанынан өлеңі шығаратын адам
Қобызшы – қобызбен күй шертетін адам
Қазір біз жыршы, жырау сөздерінің талдап түсініп көрейік. Сонымен жыршы сөзінің түбірі жыр, ендеше жыршы дегеніміз кім?
Жыр дегеніміз – поэзиялық шығармалардың жалпы атауы. Қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, тарихи жырлар, лиро – эпостық жырлар, жоқтаулар, термелер болып келеді.
Жыршы дегеніміз – жыр айтушы, таратушы жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен, мақалмен, әнмен айтады,олар көптеген эпостық жырларды жатқа біледі.

VI. Қорытындылау
– Жырау өлеңін мәнерлеп оқу, мағынасына мән беру
– Сөздік жұмысын жүргізу
– Шешендік сөздерге назар аударту
Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас (Бұқар жырау)
Өз заманында Бұқар жырау білімдар адам болған. Бұқар – қазақтың аса көрнекті жырауы, мемлекет қайраткері. Ұзақ ғұмыр сүрген ол көптеген тарихи оқиғалардың куәгері. Өз туындыларында өзекті мәселелерді көтерген абыз ақын халықты бірлікке, достыққа және батылдыққа үндейді.

VII Үйге тапсырма «Жырау» өлеңін жаттау
VIII. Бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 12.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бас әріптен басталып жазылуы. Балаларға

Сабақтың мақсаты: Сөйлем туралы білетіндерін еске түсіріп, сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен жазылатынын сөйлемнің соңына, тыныс белгілері қойылатынын түсіндіру. Жаттығулар орындау арқылы сөйлем туралы білімдерін тереңдету.Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, оқушылардың сөзбайлықтарын молайту. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.Логикалық ойлауын арттыру. Ұқыптылыққа, мейірімділікке, достыққа тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау.

Көрнекілігі: Оқулық, кестелер, электронды оқулық, кеспе қағаздар


Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

Сабаққа дайындықтарын тексеру.

1)Психологиялық кңіл-күйлерін реттеу.

Қуан, шаттан! Қуан, шаттан! Қуанатын күн бүгін Қайырлы таң Қайырлы күн Күліп шықты күн бүгін.

Оқушыларды топқа бөлу.

1-топ Қызғалдақ. 2-топ Бәйшешек.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1.Жаттығуды оқыту. 2. «Шар лақтыру» ойыны арқылы сұрақ қою. 1.Қазақ тілінде қанша әріп бар? 2.Дыбыстар нешеге бөлінеді? 3.Жуан дауысты дыбыстарды ата? 4.Жіңішке дауысты дыбыстарды ата? 5.Сөйлем нелерден құралады? 6.Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен қалай жазылады? «Жырау» өлеңін жатқа сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сабақтың мақсатын түсіндіру.


1.Қызығушылықты ояту.

Көктем келді Көктемде не жауады Көктем мезгілі қандай керемет



1.Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріппен басталып жазылған? 2.Соңына қандай тыныс белгілерін қоюға болады.

Сөйлем

Сөйлем туралы не айтуға болады.

Мағынаны ашу.

150-жаттығу.

Әр сөйлемді оқып, жатқа жазу. Әрқашан болсын анам, Болайын мен де аман.

Топпен жұмыс.

1-топ. Сурет бойынша сөйлем құрау. 2-топ. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құру. 3-топ. Қарлығаш сөзінен бірнеше сөз жасау. 4-топ. Қарсы мағыналы сөздерді табу.

Ой шақыру.

Жамбыл Жабаев туралы не білеміз?

Жамбыл Халық ақыны. Жүз жасаған. Сүйінбай ақыннан бата алған. обылысында туған.


1.Өлеңді оқыту. 2.Мазмұнын сұрау. Топпен жұмыс.

Әр топ 5 жолдық өлең құрастыру. 1.Кім? Жамбыл ата 2.Қандай? Жас баладай 3.Не істейді? Қуанды



Жамбыл ата жас баладай қуанды.
Ойын: «Адасқан сөйлемдер»

Қыс мезгілі Қыс Қыста не қандай кермет түсті жауады.


Адасқан сөйлемдерді орнына қою.
ІҮ. Сабақты қорытындылау

-Срнымен балалар біз сабақта қандай тапсырмалар орындық?

–Не үйрендік? Не білдік?

–Сөйлем туралы не білдік?

–Қандай өлең өттік? –Өлеңді кім жазған?
Ү. Үйге тапсырма.

Ж.Жабаев мәлімет жинау, 164-165-бет жаттау
ҮІ. Бағалау

Әр топтың ұпайларын есептеп мадақтап бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 12.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгілер. Жаттығу жұмыстары

Сабақтың мақсаты: Өнер адамдары жөнінде түсініктер беру;Өлеңді мәнерлеп оқуға машықтандыру. Оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларды сауатты жазуға,өнерді түсінуге,өз елін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ


Сабақ әдісі:ой қозғау,топтастыру,сұрақ-жауап,әңгімелеу.
Көрнекілігі: портреттер, мақал-мәтелдер, үнтаспа, топшамалар, электронды оқулық


Сабақ барысы: 

І.Ұйымдастыру бөлімі.
Зейіндерін тұрақтандыру.
-Балалар мен бүгін өте көңілдімін.Сендер ше?
-Балалар бүгін бір-бірімізге жақсы тілектерімізді айтып,гүл сыйлайықшы.
-Ақылды бол!
-Инабатты бол!
-Бақытты бол!
-Білімді бол!
-Мейірімді бол!- деген тілектерін айтты.

ІІ.Үй жұмысын тексеру.
1.Ж.Жабаев "Балаларға"
Өлеңді мәнерлеп оқу.Жамбыл ата туралы білетіндерін әңгімелету.
-Жамбыл ата кім болған?
-Өлеңде балаларға арнап қандай өлеңдер айтқан?

Ана тілі бойынша білімдерін тексеру.
-Сөйлем неден құралады
-Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріптен басталып жазылады?
-Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
-Заттың санын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

ІІІ.Жаңа сабақ.
Авторға тоқталу.Өлеңді мәнерлеп оқу.
К.Байсейітова -қазақтың бұлбұл әншісі.24 жасында Совет Одағының халық артисі деген атақ алған.Өмірден жастай кеткен.Киноға түскен,театрда ойнаған.
Үнтаспадан "Гәкку" әнін тыңдату.
Қазақтың әнші ,бишілерімен таныстыру.
Сергіту сәті. 
Мақал -мәтелдерді оқып,мағынасын түсіндіру.
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.

Дәптермен жұмыс.
155-жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті сұрақты қойып,көшіру.
-Көйлекті неден тігеді?
-Нені сүттен ұйытады?
-Алманың дәмі қандай?
-Ненің түсі қызыл?

Ойын "Ойлан тап"
Сөздерден сөйлем құрап жазу.
Ауызша.156-жаттығу.Жаңылтпашты мәнерлеп оқып,тиісті тыныс белгісін қою.

ІV.Қорытындылау. 
"Өнер" сөзіне топтастыру жасау.

V.Үйге тапсырма. 

"Ән сабағы " жаттап келу.Бір өнер адамы туралы қысқаша әңгіме жазу.

VІ.Бағалау.

Оқушыларды мадақтап бағалау


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 13.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама №2 «Көмек»

Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.
Сабақтың түрі: жазбаша бақылау

Сабақтың әдісі: қорыту

Сабақтың көрнекілігі: сын жұмыстар жинағы, дәптер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ. Мақсатын қою кезеңі:
1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2. Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкерлерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;

ІІІ. Жаңа сабақ:
Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы;
Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы;
Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау;
содан кейін мәтінді қайталап оқу.

Жоспар құру.
Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.
Көмек

Атпен көрші ауылға бара жатқанмын. Кенет атым үрікті, ат үріккен жаққа қарадым. Бір үйрек тұзаққа түсіп қалыпты. Үйректі босатып жібердім. Босаған үйрек ұясынан ұзамай суда жүзіп жүрді.



Жоспар:

1. Атпен серуен

2. Тұзақтағы үйрек

3. Үйректің азаттығ

ІҮ. Сабақты қорытындылау
Бүгінгі сабақта не істедік?
Не жайлы жаздық?
Бұл мәтіннен өзіңе қандай әсер алдың?

Ү. Үйге тапсырма:

Өткен тақырыптарды қайталау, ереже жаттау.
ҮІ. Бағалау

Оқушылармен бірге сабақтың барысынан бастап талдап шығып өзіндік бағалаумен мадақтап бағалаймын



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 14.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. Сурет сабағы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларда сөйлем туралы ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, оқу-жазу дағдыларын жетілдіру. Олардың сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.

Ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ

Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап.

Көрнекілік: сюжетті суреттер, ребус, электронды оқулық
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:



Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
ІІ.Өткенге шолу

Сөз таптары



  • Зат есім

  • Етістік

  • Сын есім

  • Сан есім

-Сөйлем неден құралады?

-Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?

-Сөйлемдегі бірінші әріп қалай жазылады?

-Сөйлем соңында қандай тыныс белгілері қойылады?


ІІІ.Үй тапсырмасын зерттеу:

166-бет «Ән сабағы» жаттау


ІҮ. Жаңа сабақ

155-жаттығу. Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып көшіріңдер. Сөйлем соңында қандай тыныс белгілері қойылған?

Көйлекті ... тігеді? Көйлекті матадан тігеді?

... нені сүттен ұйытады? Айранды сүттен ұйытады?

Алманың дәмі ... ? алманың дәмі тәтті?

...түсі қызыл? Шиенің түсі қызыл.

Құстың қанаты ...? құстың қанаты екеу.
156-жаттығу. Жаңылтпашты жатта. Сөйлем соңында қандай тыныс белгісі қойылған?

Жаңылтпаш

Қарындашыңның ұшын үшкірлеп ұшта,

Үшкірлеп ұштап, сақтап ұста!

«Сурет сабағында» өлеңді мәнерлеп оқимыз.

-Сұрақтарға жауап беру.



  • Суретші болу үшін не қажет?

  • Өзің қандай сурет салғанды ұнатасың?

  • Суретшілерден кімдерді білесіңдер?

Атақты суретшілердің бірі – Әбілхан Қастеев.

Әбілхан Қастеев- атақты суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушы. 1904 – 1973. Туған жері Алматы облысына қарасты Жаркент қаласының жанындағы Шежін ауылы. Николай Гаврилович Хлудовтың студиясында оқыды, кейін Мәскеу қаласында Крупская атындағы көркем судиясында жалғастырды. Темір жолда жұмыс істеді, анасы өте шебер адам болған, алаша, кілем тоқыған. Әбілхан жас кезінен суретке құмар болған. Анасына ою өрнек салуға көмектескен. Оның көптеген суреттері бар.


Ү. Қорытынды

  • Суретші болу үшін не қажет?

  • Өзің қандай сурет салғанды ұнатасың?

  • Суретшілерден кімдерді білесіңдер?

ҮІ. Үйге тапсырма беру

168-169 бет жаттау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 14.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.Геолог.

Сабақтың мақсаты: Сөйлем туралы білімдерін пысықтау.Қаныш Сатпаев туралы Геолог сөзіне түсінік беру.Өлеңді оқи отырып білімдерін қалыптастыру. Оқу дағдысын дамтыа отырып, қазба байлықтар туралы білімдерін қалыптастыру. Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:Қаныш Сәтпаев сурет, электронды оқулық

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу


Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:

168-169 бет Сурет сабағ жаттау

Балалардың барлығынан жаттауды сұрау
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:

Өтілген материалдарды сұрақ қою арқылы пысықтау.


IV. Мақсат қою кезеңі:

-балалар, геолог сөзін бұрын естіп көрдіңдер ма?

Ол қандай мамандық иесі?
V. Жаңа сабақ:

-Геолог өлеңін мәнерлеп оқып беремінГеолог-Қаныш Сатпаевтың «Геолог» өлеңін оқимыз.Мазмұнын түсіндіру.


VI.Жаңа материалды пысықтау:

-Елімізде қандай қазба байлықтар бар?

Қазба байлықтар не үшін қажет?

Геолог қандай мамандық иесі?

Қаныш Сатпаевты неліктен геолог-ғалым дейміз?
Сергіту сәті
VII.Бекіту кезеңі:

157-жаттығу Сөйлемдерді оқып, әр сөйлемнің соңына тиісті тыныс белгісін қойып көшіріңдерДала қандай тамаша.Гүлдер неткен әсем.

Сен жазғы даланы тамашалап көрдің бе?

Не үйрендік ?

Не білдік сұрақтарға жауап .
VIII. Үйге тапсырма, бағалау :

Геолог өлеңін мәнерлеп оқу, Қаныш Сәтбаев мәлімет жинау



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 15.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Ғарышқа ұшу 
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мәтінді түсініп оқуға үйрету, ғарыш жайында білімдерін кеңейту,жаңа мағлұматтар беру. Оқушылардың сөздік қорын молайтып,ойлауға,тіл байлығын арттыруға,шығармашылық қабілеттерін дамыту Арышқа өте білімді,денсаулығы мықты спортпен үзбей шұғылданатын адамдар ұшатынын ұқтыра отырып,еңбек сүйгіштікке,патриоттық сезімдерін оята отырып тәрбиелеу. 
Түрі: жаңа сабақ

Көрнекілігі:Т.Әубәкіровтың,Т.Мұсабаевтың,ғарыш кемесінің суреті,слайд, электронды оқулық
Әдісі:Түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын. 

Сабақтың барысы: 
І.Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық. 
Үлкенге де сіз, 
Кішіге де сіз. 
Сәлем беріп сіздерге 
Құрметпенен біз. 
Оқушылар назарын сабаққа аудару. 

ІІ. Үй тапсырмасын тексері

Оқушылардың Қаныш Сәтбаев туралы жинаған мәліметтерін айтұызып оқыту. Геолог өлеңін мәнерлеп оқун тексеру.
ІІІ. Өткенге шолу

Ой қозғау.Жалпы өтілген,материалды еске түсіру 
«Мен не білемін?» 
-Ы.Алтынсарин кім? (алғашқы ұстаз) 
-Ш.Уәлиханов кім? (саяхатшы,зерттеуші ғалым) 
-А.Байтұрсынов кім? «әліппенің атасы) 
-А.Құнанбаев кім? «ұлы ақын) 
-Әл-Фараби кім? «ұлы ғалым) 
-Үш биді атаң? «Төле би,Қазыбек би,Әйтеке би) 
-Абылай кім? (қазақтың басын қосқан хан) 
Мен айтқан сөзге сұрақ қой: 
Ұшақ (не?),ұшты (не істеді?) 
Осы сөздерді пайдаланып,сөйлем құрастырыңыз. 


ІҮ. Жаңа сабақ:

«Ғарышқа ұшу» 
Мағынаны ашу. 
Күміс қанат сұңқары, 
Көкке еркін сүңгиді, 
Бұлттан да тым әрі, 
Кеткен жанды кім дейді? (ғарышкер) 
Балалар,біз бүгін ғарыш,қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровпен танысамыз.12-сәуір ғарышкерлер күні. 
Т.Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келді.Қазақтың тұңғыш ғарышкері.Қазақтан шыққан тұңыш сынақшы ұшқыш.Қазақыстан Республикасының Халық қаһарманы. 1991 жылы 2-қазанда Т.Әубәкіров (Союз ТМ-13) кемесімен 8 тәулікке ғарышқа ұшты. 1994 жылы 1-шілдеде қазақтың екінші ғарышкері Т.Мұсабаев ғарышқа сапар шекті. 
Мәтін «Ғарышқа ұшу» 
-Мәтінді оқып беріп,түсіндіру 
-Сөздік жұмыс.(1961 жылы,т.б) 
-Тізбектей оқыту. 
Ғарыш кемелері біздің қазақ жері Байқоңырдан (Қызылордадан) ұшырылады.Осы Байқоңырға арналған Е.Ерботиннің «Байқоңыр» өлеңін оқып шығайық. 

Сергіту сәті: 
Бала,бала балақан 
Қане,қайсы алақан. 
Саусақтарың әйбат, 
Былай,былай ойнат. 
Топ-топ басайық, 
Жалаудан күн жасайық. 
Жаса-жаса алтын күн, 
Жаса-жаса алтын күн 

Дәптермен жұмыс. 
Көркем жазу минуты. 
Қолға қалам алайық. 
Дәптерімізді ашайық. 
Түп-түзу боп отырып, 
Көркем етіп жазайық. 
Бір жолға бас әріпті және кіші әріпті жаздыру.К,к әріпін жаздыру. 

158-жаттығу.Өлеңді көшіріп жазу. 
Байқоңыр 
Ғарышкерлер мекені- 
Қазақ жері Байқоңыр. 
Қай жер саған жетеді, 
Ғажап жерім Байқоңыр! 

Ойын «Ұшты,ұшты» 
Ұшты,ұшты,арба ұшты, 
Ұшты,ұшты қарға ұшты. 
Ұшты,ұшты кітап ұшты, 
Ұшты,ұшты ұшақ ұшты. 

Батырлық туралы мақал-мәтелдер. 
1.Ердің екі сөйлегені өлгені. 
2.Батыр бір өледі, 
Қорқақ мың өледі 
3.Жаңбыр жауса-жер ырысы, 
Батыр туса-ел ырысы. 
4.Шешен сөз бастар, 
Батыр қол бастар. 
5.Ердің атын еңбек шығарады. 

Ғарыш кемесіндегі сұрақтарға жауап беру. 
1.12-сәуір қандай күн? 
2.Жердің пішіні қандай? 
3.Жұмбақ 
Ақ сандығым ашылды 
Ішінен жібек шашылды. (күн) 

159-жаттығу. «Кім болам?» тақырыбына әңгіме жазу. 
8.Сабақты бекіту. «Мен не үйрендім?» 
1.Тұғыш қазақ ғарышкері кім? 
2.Ғарыш кемесі қай қаладан ұшырылады? 

Ү. Сабақты қорытындылау
Орындалған тапсырмалардың нәтижесіне қарай бағалап шығу.Бүгінгі сабақты қорытындылай келе, «Білгенін сұрап,үйренген-ғалым,білмегенін арланып,сұрамаған өзіне-залым» деп әр нәрсені біліп,танып жүруге ұмтылайық дегім келеді.
ҮІ. Үйге тапсырма беру

Тоқтар Әубакіров туралы мәлімет жинаау, 172-бет мәтінді оқып мазмұндау.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 16.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Әңгіме жазып үйрену

Сабақтың мақсат: Оқушыларға әңгіме туралы қысқаша мәлімет беру. Оқушыларғаи сурет немесе бір тақырып аясында әңгіме жазуға дағдыландыру. Оқушылардың осы тапсырмалар арқылы танымддық қабілетін, ой ұшқырлығын дамыту, ойлау аймағын кеңейту. Оқуыларды жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруға, қызығушылыққа, тәртіптілікке, топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау

Сабақтың көрнекілігі: сөздер жазылған парақтар, суреттер
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.


II.Үй тапсырмасын сұрау:

Оқушылардың Тоқтар Әубәкіров туралы жинағана қызықты мәліметтерін талдап, «Ғарышқа ұшу» әңгімесін мазмұндауларын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ

Балалар біз бүгін мына берілген суреттер тақырыпшалар арқылы әңгімелер құрап үйренеміз.
1-тапсырма

Балалар мына суретке зер салайық. Қазір сіздер осы сурет арқылы ойларыңды жинап, жинақы қылып әңгіме құрайсыңдар.
2-тапсырма

Балалар енді келесі тапсырмамыз мына тақрыпшалар туралы әңгімелейтін боламыз.
3-тапсырма

Бұл тапсырмада сендер екі адамның арасындағы әңгімені жазасыңдар
Сергіту сәті

Бала,бала балақан 
Қане,қайсы алақан. 
Саусақтарың әйбат, 
Былай,былай ойнат. 
Топ-топ басайық, 
Жалаудан күн жасайық. 
Жаса-жаса алтын күн, 
Жаса-жаса алтын күн 
4-тапсырма

Әр балаға жеке тапсырма. Балалар сендерге қазір сөз таптарын бөліп берем және сіздерге ортақ тақырып айтам, сол тақырып арқылы әңгіме құрап жазамыз. Әңгімелеріміздің ішінде сөз таптары кездесу керек.

Айбатбек – зат есім

Нұрбек – етістік

Данабек – сын есім

Қазыбек- сан есім

Шахноза – зат есім
ІҮ. Сабақты қорытындылау

  • зат есім?

  • Сын есім?

  • Сан есім?

  • Етістік?


Ү. Үйге тапсырма беру

Ережелерді жаттау
ҮІ. Бағалау

Оқушылардың кемшілік жетістіктерін ескере отырып мадақтап бағалау.


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: математика

Күні: 11.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: 1 онд. +5, 1 онд. 5 бірл. – 5

Сабақтың мақсаты: Ондыққа 5 санын қосу және азайту әдістерімен таныстыру. 5 санын қосу және азайту тәсілін түсіндіре отырып орындауға жетелеу, екі амалмен шығарылатын есептерді шығаруға дағдыландыру. Оқушыларды нақтылық пен тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабаұтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ауызша есептеу, сұрақ-жауап, талдау, өз бетінше жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: жолақшалар, оқулық, дәптер, кесте, дидактикалық материалдар, карточкалар
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.


II. Өткенге шолу

Балаларға ауызша есептер айтамын. Сол есептерді тездетіп шапшаң орындатуға дағдыландырам.


ІІІ. Жаңа сабақ

1-ден 15-ке дейінгі сандарды санату

1 онд. 5 бірл. *15

а) Мына сандарды ата, жаз.

13 24 56

71 46 85


92 30 45
5онд. 4бірл 1онд. 5бірл.

4онд. 5онд. 2бірл.

7онд. 6бірл. 5онд. 5бірл.

2онд. 2бірл. 5онд. 1бірл.


Теңдеуді шеш

А+5*10 7+х*14

18-х*10 с-5*10
Мына сандардың бір таңбасын бір долға, екі таңбасын екінші жолға теріп жаз.

30, 48, 29, 1, 12, 9, 7, 36, 4, 91

6, 73, 81, 5, 14, 17, 8, 62, 75, 0

45, 32, 92, 7, 60, 6, 74, 80, 3


Есепте

2+5-3 4+4-5 7+3-6

6+5-4 6+3-4 5+5-5

10+30-20 30-30+80 40-20+30

60-40-20 70+20-90 70-30-40
Сөз есеп

Әжей 15 құлаш арқан есті. Бұзау арқандауға 8 құлаш кетті. Неше құлаш арқан артылып қалды?


Тықыр кілем тоқуға 21 келеп қызыл жіп, одан 5-еуі артық басқа түрлі түсті жіп жұмсалды. Барлығы қанша жіп жұмсалды?
Сырмақты бастыруға 31м қызыл жіп, одан 4м артық көк жіп жұмсалды. Ақ жіп көк жіптен 3м артық жұмсалды. Неше ақ жіп жұмсалды?
ІҮ. Сабақты қорытындылау

Балалар біз бүгінге ссабағымыздағы есептердің ішінде қиындық келтіргендері бар ма?

Есптердің шығарылу жолына түсіндіңдер ме?

Сабақ түсінікті болды ма?


Ү. Үйге тапсырма беру

Күрделі есептер шығару


ҮІ. Бағалау

Оқушылардың белсенділік көрсеткендерін мадақтап бағалаймын.




Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: математика

Күні: 12.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: 1 онд. +5, 1 онд. 5 бірл. – 5

Сабақтың мақсаты: Ондыққа 5 санын қосу және азайту әдістерімен таныстыру. 5 санын қосу және азайту тәсілін түсіндіре отырып орындауға жетелеу, екі амалмен шығарылатын есептерді шығаруға дағдыландыру. Оқушыларды нақтылық пен тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабаұтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ауызша есептеу, сұрақ-жауап, талдау, өз бетінше жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: жолақшалар, оқулық, дәптер, кесте, дидактикалық материалдар, карточкалар
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.


II. Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылардың үйден жасап шығарып келген күрделі өрнектерін тақтаға жазғызып шығартып тексертіп талдатқызам.


ІІІ. Жаңа сабақ

1-ден 15-ке дейінгі сандарды санату

1 онд. 5 бірл. *15
1онд. 4бірл.*14 1онд. 1бірл.*11

7онд. 1бірл.*71 1онд. 8бірл.*18
Теңдеуді шеш

а+5*10 15-а*10 14-а*10 13-а*13
Сөз есеп

Айнұр дүкеннен 14 алма сатып алды, ал оған әкесі 1 алма берді. Қанша алма болды?
Құрылымы күрделі теңдеулерді шешу

Балалар біз қазір сендермен бірге теңдеудің тағы бір бетін ашамыз. Сендер теңдеуді шешеуді білеіңдер. Енді біз бүгін күрделі теңдеулермен танысамыз.

Тақтаға назар аударамыз.

а+5*7+6

а+5*13

а*13-5

а*8

8+5*7+6

13*13
ІҮ. Сабақты қорытындылау

Балалар біз бүгінге ссабағымыздағы есептердің ішінде қиындық келтіргендері бар ма?

Есптердің шығарылу жолына түсіндіңдер ме?

Сабақ түсінікті болды ма?


Ү. Үйге тапсырма беру

а+8*13+2 15-а*6+6


ҮІ. Бағалау

Оқушылардың белсенділік көрсеткендерін мадақтап бағалаймын.



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: математика

Күні: 13.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: 1 онд. +6, 1 онд. 6 бірл. – 6

Сабақтың мақсаты: Ондыққа 6 санын қосу және азайту әдістерімен таныстыру. 6 санын қосу және азайту тәсілін түсіндіре отырып орындауға жетелеу, екі амалмен шығарылатын есептерді шығаруға дағдыландыру. Оқушылардың ой белсенділіктерін арттыру. Оқушыларды нақтылық пен тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ауызша есептеу, сұрақ-жаупа, талдау, өз бетінше жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: жолақшалар, желпуші, сандар
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.


II. Үй тапсырмасын тексеру

а+8*13+2 15-а*6+6

а+8*15 15-а*12

а-15-8 а*15-12

а*7 а*3

7+8*13+2 15-3*6+6



15*15 12*12
ІІІ. Жаңа сабақ

1-ден 16ке дейінгі сандарды санату

1 онд. 6бірл. *16
Кестені толтыр

Ондықтар

Бірліктер

Сан

1

5

15

1

6

16

2

6

26

2

3

23

1

4

14

1

3

13

3

2

32

2

1

21


Теңдеуді шеш

10+а*16 16-а*10 6+а*10 16-а*6

а*16-10 а*16-10 а*10-6 а*16-6

а*6 а*6 а*4 а*10

10+6*16 16-6*10 6+4*10 16-10*16
Мына сандарды жіктеп екі бағанға бөліп жаз

10 15 16 26 33 9 5 13 8 62 0 55 3 1 9 5 8 0 3
Сөз есеп

Айсанада 10 теңге болды. 4 теңгеге дәптер және 5 теңгеге қалам сатып алды. Неше теңге қалды?
ІҮ. Сабақты қорытындылау

Балалар біз бүгінге ссабағымыздағы есептердің ішінде қиындық келтіргендері бар ма?

Есптердің шығарылу жолына түсіндіңдер ме?

Сабақ түсінікті болды ма?


Ү. Үйге тапсырма беру

Мына сандарды жіктеп жазып келу

10, 15, 16, 26, 33, 13, 62, 55
ҮІ. Бағалау

Оқушылардың белсенділік көрсеткендерін мадақтап бағалаймын.



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: математика

Күні: 14.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: 1 онд. +6, 1 онд. 6 бірл. – 6

Сабақтың мақсаты: Ондыққа 6 санын қосу және азайту әдістерімен таныстыру. 6 санын қосу және азайту тәсілін түсіндіре отырып орындауға жетелеу, екі амалмен шығарылатын есептерді шығаруға дағдыландыру. Оқушылардың ой белсенділіктерін арттыру. Оқушыларды нақтылық пен тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ауызша есептеу, сұрақ-жаупа, талдау, өз бетінше жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: жолақшалар, желпуші, сандар
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.


II. Үй тапсырмасын тексеру

Сандарды жіктеу

10, 15, 16, 26, 33, 13, 62, 55

1онд.

1онд. 5бірл.

1онд. 6бірл.

2онд. 6бірл.

3онд. 3бірл.

1онд. 3бірл.

6онд. 2бірл.

5онд. 5бірл.
ІІІ. Жаңа сабақ

6+10 16-10 16+0

10+6 16-6 16-0
Мына сандарды атап жіктеп жаз

16 26 11 25 12 21 13 27 14 28
Теңдеуді шеш

16+а*20 16+а*17 15+а*16 14+а*16

А*4 а*1 а*1 а*2

16+4*20 16+1*17 15+1*16 14+2*16
Ондықтарды жатқа айт

10 20 30 40 50

60 70 80 90 100
Сөз есеп

Айданаға әпкесі 15 тиын берді. Айдана 7 тиынға кітап сатып алды. 2 тиынға қалам алды. Айданада қанша теңге қалды?
ІҮ. Сабақты қорытындылау

Балалар біз бүгінге ссабағымыздағы есептердің ішінде қиындық келтіргендері бар ма?

Есптердің шығарылу жолына түсіндіңдер ме?

Сабақ түсінікті болды ма?


Ү. Үйге тапсырма беру

6, 1, 10, 16 сандарына айырма есептер шешу


ҮІ. Бағалау

Оқушылардың белсенділік көрсеткендерін мадақтап бағалаймын.



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: математика

Күні: 15.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: 1 онд. +7, 1 онд. 7 бірл. – 7

Сабақтың мақсаты: Ондыққа 6 санын қосу және азайту әдістерімен таныстыру. 6 санын қосу және азайту тәсілін түсіндіре отырып орындауға жетелеу, екі амалмен шығарылатын есептерді шығаруға дағдыландыру. Оқушылардың ой белсенділіктерін арттыру. Оқушыларды нақтылық пен тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ауызша есептеу, сұрақ-жаупа, талдау, өз бетінше жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: жолақшалар, желпуші, сандар
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.


II. Үй тапсырмасын тексеру

16-10 16-0 10-0 1-0 6-6

16-6 10-6 6-1 16-16 1-1

16-1 10-1 6-0 10-10
ІІІ. Жаңа сабақ

Мына сандарды айтып жіктеп жаз.

16 17 18 26 27 28
Теңдеуді шеш

17-а*16 16+а*17 15+а*17 17-а*10
Ондықтарды жатқа айт

10 20 30 40 50 60 70 80 90 100
Мына сандардан салыстырулар құрастыр

17, 16, 15, 14, 13, 12, 11, 10
Сөз есеп

Әлияның 17 дәптері бар. Әлия 7 дәптерін Айданаға , 4 дәптерін Қанатқа берді Әлияда қанша дәптер қалды?
ІҮ. Сабақты қорытындылау

Балалар біз бүгінге ссабағымыздағы есептердің ішінде қиындық келтіргендері бар ма?

Есптердің шығарылу жолына түсіндіңдер ме?

Сабақ түсінікті болды ма?


Ү. Үйге тапсырма беру

0, 1, 6, 16, 10, 17, 18 сандарынан қосынды мен айырмалар құрастыр.


ҮІ. Бағалау

Оқушылардың белсенділік көрсеткендерін мадақтап бағалаймын.
Каталог: uploads -> doc -> 05c3
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05c3 -> Білім саласы: «Қатынас» Бөлігі: Тіл дамыту Тақырыбы: «Құлыншақ достарымен бірге қонақта»
05c3 -> Сабақтың тақырыбы: Сабақтың түрі: Аралас сабағы. Сабақтың педагогикалық мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет