Сабақтың тақырыбы: Көктем



бет1/2
Дата25.01.2017
өлшемі0,99 Mb.
#7915
түріСабақ
  1   2
Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: дүниетану

Күні: 11.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Көктем

Сабақтың мақсаты: Көктем мезгілі туралы түсінік беру,көктемгі өсімдік табиғат құбылысындағы болатын өзгерістерді тани білу.

Көктем мезгілі туралы алған білімдерін дамыту, сөздік қорларын арттыру,байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Әсемдікті сезіне білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: жыл мезгіліне байланысты суреттер, өлеңдер, мақал-мәтелдер, постер, фломастер, стикер,оқулық

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, кітаппен жұмыс,суретпен жұмыс.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу. Сабаққа бейімдеу.


ІІ.Оқушыларды топқа бөлу.

Гүлдер,қаршық суретін тарату арқылы топқа бөлемін.

І топ: «Қыс» , ІІ топ: «Көктем»

Әр топта 2-3 оқушыдан болу керек.


ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Өсімдіктер мен жануарлар әлемі

Топтар сұрақтарды өздері құрастырады, дайындап әкеледі.

«Қыс» тобына сұрақтар:

Адамдар қыста қандай жұмыстар жасайды? (бау-бақшада, егіс даласында)

Қар тоқтату жұмысы не үшін қажет? (су мол болу үшін, жер ылғалды болады, егін жақсы шығады)

Ағаштың жапырақтарында қыстап қалған бунақденелілерді қалай жоюға қатыс.

Мал қораларына не жеткізіледі?

«Көктем» тобына сұрақтар:

Көктемгі егіс жұмысына қалай дайындалады? (қыста қамданады,тыңайтқыш себіледі)

Ауыл шаруашылық машиналарын көктемгі егіске қалай дайындайды?(жөндеуден өткізеді, құрал-саймандарын дайындайды)

Өзің жеміс беретін ағаштар мен бұталардың түбіне қар үй.

Көктемгі мал төлдету жұмысына қалай әзірлік жасайды?
ІҮ.Жаңа сабақ: «Көктем»

Сабақтың мақсатын хабарлаймын. «Сурет еліне саяхат»

Сурет үлестіремін. Сурет бойынша жыл мезгіліне байланысты сөйлемдер құрайды. Топтан 1оқушы шығып қорғайды.

«Білім еліне саяхат»


Ү. Кітаппен жұмыс: Топта отырып өздері оқиды. Әр топтан бір оқушы шығып, келесі топқа барып әңгімелейді, ойларын дамытады, өз пікірлерін қосады.

Ойын: «Бұл қай мезгіл?» оқушылар жауап береді.


ҮІ. «Топтастыру» стратегиясы

Көктем

ҮІІ. «Математика» патшалығына саяхат:

1-топқа: Қыста неше ай бар? Оларды ата.

2-топқа: Көктемде неше ай бар? Оларды атап бер.
ҮІІІ.Жаңа абақты бекіту

«Білгің келе ме?»

Көктемде өсетін гүлдер: бәйшешек, қызғалдақ,сарғалдақ,қалампыр,бақ-бақ.

Сәуір айын қазақ халқы ертеде «Көкек» деп атаған. Балалар, көкек сөзін еске түсірейікші.Құс атауларын естеріңе түсіріңдерші!


ХІ. Сабақты қорытындылау

Не білдім? Не үйрендім? Не білгім келеді?

-Оқушылар бүгінгі сабақта білген, үйренген, білгісі келетін сұрақтары туралы ойларын жеткізеді.

ХІІ. Үйге тапсырма: «Көктем» тақырыбын оқу, бақылау сұрақтарға дайындалу, тақырыпқа байланысты қосымша ақпарат іздеу.


ХІІІ. Бағалау: формативті бағалау, яғни оқушылар бір-біріне баға қояды(талдау жасайды), мұғалім өз бағасын қояды да, қорытынды баға журналға қойылады.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: бейнелеу өнері

Күні: 13.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақ тақырыбы: Көлемді жинақтау, пішін құрастыру

Сабақ мақсаты: Оқушыларға шармен жұмыс жасауды үйрету. Оқушылардың ой - өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа, тазалыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, сарамандық жұмыс.
Керекті құралдар: әртүрлі шарлар,(сопақ, домалақ, ұзынша) т. б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.«Қиялдағы кейіпкерлер» құрамағы.
Балалар, бүгін біз V. орталық бойынша жұмыс істейміз.
* Еңбек орталығы.
Сабаққа қажетті құралдарын тексеру, еңбекке тексеру, еңбекке дайындау.
Сабақ ережесімен таныстыру: Тыныштық сақтау, бірін - бірі тыңдау, ойын ашық айту.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар.
- өте жақсы
- жақсы
- нашар деп бағаланады.

* Пікір алысу орталығы.
Сұрақ - жауап; білетін оқушы қолын көтеріп, жауап береді.
1. Бүгінгі сабаққа керекті құрал - жабдықты ата?
2.. Еңбек қауіпсіздігін сақтау ережесін түсіндір?
3. Өз ойыңнан қағаздан «Қиялдағы кейіпкер» құрамағын құрастыр?

* Мақал - мәтел орталығы.
Оқушылар еңбек туралы мақал - мәтелдерін айтады.

* Ғылым орталығы:
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- Алдымен тақырыпқа байланысты жұмбақ шешу.
Доп - дөңгелек, сопақ, ұзынша,
Іші толған ауа
Аузы бар, мұрны жоқ.
Бұл не? (шар)
* Өнер орталығы
Бүгін біз шардан ойыншық жасаймыз. Шардан ұшқыш сайқымазақ, көз тартатын гүл тізбектері, гүл шоқтарын білесіңдер. Олар қазір көптеген мерекелік думандарда туған күн кештерінде кеңінен қолданылады.

ІҮ. Сарамандық жұмыс



Шардан бет бейне құрастырайық..
1. Шарды үрлеп, диаметрі 40см болғанда аузын байлаймыз. Көзіне 2 дөңгелек шар (6 - 8см үрлейміз)
2. Мұрнына диаметрі 10 - 12см, ал ауызы үшін ұзындығы 10 - 12см шар аламыз. Шар ауызбен немесе кішкене насоспен үрлейді.
3. Барлық кішкентай шарларды үлкен шарға желімдейміз. Әуе шарларына арналған арнайы каучуи желімімен немесе жабысқақ таспа (скотч) пайдалануға болады.
4. Шашын шар қиындаларын жасауға болады. Бет-пішінін дайын.
Әуеде ұшпайтын шар туралы мағлұмат беремін.
Шардың аузын байлаудың тәсілдерін үйретемін.

Ү. Сабақты қорытындылау

Балалар сабақ ұнады ма?

Сабақ мақсатына жеттік пе?

Сендерге қай тәсілді іске асыру қиын көрінді?

ҮІ. Үйге тапсырма: Өз ойынан безендіруіне арналған мерекелік әшекейлер
ҮІІ. Бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: еңбекке баулу

Күні: 15.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Тақырыбы: Бұйымдарды ұлттық өрнектермен өңдеу.

Сабақтың мақсаты: Ою-өрнек жайлы, даму тарихы жайлы білім беру, жерлесіміз суретші Н. Н.Өтепбаев шығармашылығымен, ою-өрнегімен таныстыру. Сөздік қорын, дүниетанымын,оюды үйлестіре білу шеберлігін, түстерді шешу қабілеттілігін дамыту. Халық өнерін қастерлеуге, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, үнемшілдікке, әдемілікті сезіне білуге, тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекіліктер: үлгі шаблон

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік, әңгімелеу, практикалық
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

Сабаққа алдын-ала дайындық : киіз үй ішіне ұлттық бұйымдар көрмесі бұрышын жасау.

Сабаққа психологиялық дайындық.

Киіз үй ішінде, қазақтың қолөнері бұйымдарының ортасында отырып, ноутбуктен Қазақстанның әсем табиғаты жайлы фильмді «Көңіл толқыны» күйін тыңдай отырып тамашалау. Ақырын әуенмен қатар мұғалімнің өлең жолдарын нақышына келтіре оқуы:

Таудан аққан өзендер жатыр тасып,

Барады қырларың да гүл ап қашып,

Тоғайда қайың менен қарағайлар

Өсіпті бір-бірімен құшақтасып

Анадай мейірімді құшақ ашып,

Тұрғандай бар табиғат амандасып,

Киелі топырағың шабыт беріп,

Барамын болашаққа қадам басып,

Туған жер неге мұнша болдың ерек,

Алатын жүрегімде орның бөлек,

Самалды саяңда өскен туған жерім,

Келесің рухыңмен мені демеп.
ІІ. Жаңа сабақ

Осылайша ақын туған жерінің табиғатын тамсана, тебірене, шабыттана жырлаған екен, ал сендерге, балалар, жаңағы бейнебаяннан тамашалаған қазақ жері, оның сазды үндері қалай әсер етті, не сезіндіңдер?

(Оқушылардың алған әсері жайлы сөздерін тыңдау)

-Иә, балалар, мен де бір ғажайып күй кештім, қалай ойлайсыңдар, бүгінгі біздің сабағымыз не жайлы болмақ?

(Тақырыпты оқушылардың өздері табуы)

Дұрыс, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Бұйымдарды ұлттық өрнектермен өңдеу», яғни ою-өрнекпен әрлеу, безендіру.

Балалар, атақты суретші Әбілхан Қастеевтен «ою-өрнекті қайдан, кімнен үйрендің?- деп сұрағанда,

«Таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан

Апамның киізінен

Ешкінің мүйізінен»-деп, халқымыздың өнері де туған табиғаттың сұлулығымен астарлас екенін меңзей жауап беріпті. Жаңа, өздерің де оюлар жөнінде айтып кеттіңдер. «Қазақтар ою-өрнек әлемінде өмір сүреді» деп ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан айтыпты. Біз де бүгін ою-өрнек әлемінде отырғандаймыз. Жан-жақтарыңа қарасаңдар, әсем оюмен безендірілген бұйымдарды көріп отырсыңдар. Бұл бұйымдар - өздеріңдей оқушылар қолынан шыққан дүниелер. Бұл бұйымдар адамның қолынан, сезімінен туған өнер туындылары.Табиғат сұлулығымен сусындаған сезімнен туған бұл бұйымдар - баға жетпес қазына десек болады. Ал ендеше, балалар, сол баға жетпес туындыларды көзбен көріп, қолмен ұстап көрулеріңе болады. Ешбір мұражайда мұндай мүмкіншілік болмайды. Ал бізде бүгін бәрі де болады. Ұстап көре беріңдер.
ІІІ. Сарамандық бөлім.

Қайшымен, инемен,үтікпен жұмыс кезіндегі техника қауіпсіздік ережелерін қайталау.(Оқушылар өздері айтады, мұғалім толықтырады немесе құптайды)

Жақсы, барлығы да түсінікті болса, іске сәт деп тілейміз.

Тапсырмалар:

- қоржынды оюлап әрлеу.

- аяққапты әрлеу.

- тұмаршаны әрлеп өңдеу
ІҮ. Сабақты қорытындылау.

Мұғалім жұмыс барысына ризашылығын білдіріп, сабақты қорытындылайды. Наурыз мерекесімен тұстас болғандықтан мерекелік көңіл күй көтеретін ән қойылып, оқушылар өз ойларын, сабақтан не үйреніп, қандай әсер алғанын айтады.


Ү. Үйге тапсырма беру

Аяқталмаған жұмысты аяқтау


ҮІ. Бағалау

Көрме ұйымдастырып балалар өз жұмыстарын тақта алдына қойып, бір-бірлерінің пікірлерін біліп мадақтап бағалаймын.




Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: еңбекке баулу

Күні: 16.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ою - өрнек туралы түсініктері мен шеберлік дағдыларын қалыптастыру. Есте сақтау қабілетін дамыту, қолөнерге қызығушылығын арттыру. Шеберлікке, үнемділікке тиянақтылыққа баулу, әдемілікті сезіне білуге, шебер адамдарын құрметтеуге, олардың еңбектерін бағалауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Сабақ әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ – жауап, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: үлгі шаблон


Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:

құрал жабдықтарын тексеру

ІІ. Мақсат қою

Сайыс сабақ Топқа бөлу
Оқушылар 2 топқа бөлінеді.
2 топқа ақ қағаз тартылады.

ІІІ. Жаңа сабақ


- Қандай ою - өрнектердің түрін білесіңдер? деген сұраққа әр топ жауаптарын жазады.
(Ботамойын, қошқармүйіз, түйемойын, бұғымүйіз, сынармүйіз, қармақ, бүршік, ирек, толқын, сынықмүйіз, қолтықша, арқармүйіз, құсқанаты, шырмауық, ғарыш сипаттағы өрнектер).

- Түрлі – түсті қағаздан ою қиып, ақ қағазға жапсыру.
Әр топ өздері жасаған ою - өрнектерін ақ қағазға жапсырады.

- Қиған оюларын матаға орналастырып тігу. (15 минут)
Әр топ өздері «қошқармүйіз» оюын матаға орналастырып тігеді. (көктеу)

- Сұрақ – жауап. (10 минут) Әр топ сұраққа жауап береді.

І топ:
Қазақ халқы қандай оюды ерекше пайдаланады? (қошқармүйіз)
Симметрия дегеніміз не? (бүктелген бөліктердің екеуі де дәл келуін симметрия дейді).
Ою - өрнектер кімнің қандай бөлшегіне орналасады? (алдыңғы өңір жиектеріне, жеңіне, етегіне т.б)

ІІ топ.
Қағазға оюды қандай тәсілмен орындайды? (бір бүктеу, екі бүктеу, үш бүктеу, т.б күрделеніп орындалады)
Ою - өрнекпен қандай бұйымдарды әшекейлейді? (қоржын, түскиіз, текемет, жүкаяқ, кебеже т.б)
Бұйымға орналасқан оюды уақытша қандай тігіспен орындайды? (көктеу тігісі).

ІҮ. Жаңа сабақт бекіту



Ою - өрнек дегеніміз не? (қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды білдіреді)
Қандай өрнектер қазақ ою - өрнек өнерінің негізі болып табылады? (мүйіз бейнелі айшықтар)
Сәукелені кімдер киеді, оны немен әшекейлейді?
(Сәукеле – қалыңдықтың бас киімі. Оны алтын, күміс, маржан
тастармен әшекейлейді)

Ү. Сабақты қорытындылау

Бұл бөлімде үйден дайындап келген оюларын қорғап тапсырады

ҮІ Үйге тапсырма беру



Тапсырма: Ою - өрнектің күрделісін тігу

ҮІІ. Бағалау

Әр топты бағалай отырып, қай топтың жеңіске жеткенін айтамын.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: музыка

Күні: 11.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Ақ мамам

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «Ақ мамам »әнімен таныстыру. Оқушыларды әуен,дыбыс сезіну қабілеттерін дамыту. Оқушыларды бірін-бірі тыңдай білуге ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: көрнекілік, әуенді, ән айту әдістері

Көрнекілігі: Оқулық, үнтаспа,суреттер


Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа даярлау мақсатында ноталарды еске түсіру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Бесік жырының сөзін жаттау

Оқушылардын әннің сөзін жатқа сұрап шығамын.

Бесік жырын әуеннің сүйемелдеуімен айту


ІІІ. Жаңа сабық

«Ақ мамам» әні

Әнді үйрену бір сәтте болатын шаруа емес, сондықтан оқушылар тез үйреніп кетпеді деп қынжылмаңыз. Бір күннің ішінде әннің сөзін жаттап алыңдар деген талапты да оқушыларға қоюға болмайды.

Өз тәжірибемізде біз әнді екі жолдан немесе шумақтап есте сақтауға бағытталған жұмыстар жүргіземіз (бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне де байланысты).

Жұмыс барысы:

Бір әнді үйренуге әр сабақта 5-10 минут шамасында жұмыс жүргізіп отырамыз

Оқушылармен бірге әнді тыңдау.

Таңдап алынған шумағын немесе екі жолының мазмұнын түсіндіру, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

Хормен, сонан соң жеке-жеке қайталату.

Әннің ырғағымен қайталату.

Әнді әр сабақтың басында немесе соңында қайталату.

Оқушылар әнді жақсы үйреніп алды деген кезде сынып сағатында, ата-аналардың қатысуымен өткізілетін мектеп іс-шараларында орындатуға болады.

Ақ мама әні

Ел жатқанда жатпаған

Мен деп тыным таппаған

Бақыты үшін баланың

Аман сау бол ақ мамам

Қайырмасы:

Күлімдеген көзіңнен

Күн мейірімі сезілген

Бұл жалғанда балаға

Жақын жан жоқ өзіңнен


Орындап жүрген әндердің бәрі сөз бен әуеннен құралған.

Әрбір сөз әріптерден құралса ,әуен музыкалық дыбыстардан тұрады.

Музыкалық дыбыстар биік немесе төмен болып орналаса береді.
ІҮ. Сабақты қорытындылау: Сұрақтар қою,әнді қайталау
Ү. Үйге тапсырма: Әннің сөзін жаттау
ҮІ. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: өзін-өзі тану

Күні: 16.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық құпиялары

Сабақтың мақсаты: Денсаулықты сақтау, нығайту қжеттігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықты нығайтуға қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:  аралас

Көрнекілігі: буклет
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат.

Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Шаттық шеңбері

Армысың, алтын Күн!

Көгілдір көк аспан!

Бармысың, құстарым!

Қанатты достарым!

Суларым таза ма?

 

Талдарым аман ба?



Бас ием тауларға,

Жамылған қарларға.

Жайқалған даланы,

Табиғат – Ананы

Көруге сағынып,

Келген біз балаңыз!

 

·        Табиғатпен біргеміз деген сөзді қалай түсінесіңдер?



·        Аймен, Күнмен, жұлдыздармен сөйлесіп көрдіңдер ме?

·        Әсем табиғаттан, шуақты күннен, жауған жаңбырдан,  қандай әсер аласыңдар?

 

Табиғат адамды қуанышқа бөлейді, шабытқа кенелтеді. Адамның табиғатқа деген сүйіспеншілігі оның сұлулығы мен байлығын сақтауға көмектеседі.


Қысқы шынығу

Қыс мезгілі еді. Таң ата жапалақтап жауған қар түс қайта басылған. Ал кешке қарай алақұйын жел тұрды да, бірте-бірте күшейіп, жараған бурадай зіркілдеп, буырқана тапырақтады. Жұп-жұмсақ ұлпа қарды ұйытқыта үйіріп, астан-кестен қып сапырылыстырды. Кенет қардың астынан:

– Абайласаңшы, таптайсың ғой!... деген жалынышты нәзік дыбыс естілді. Тосын үннен сасқалақтап қалған жел қанатын жайып жіберіп, қонған құсша жерге шөге қалды. Қибыжықтап қасаттанған қарға қарады.

 

– Оу, неге сонша қиналдың, Ақ ерке?



– Білмейсің бе, менің құшағымда Көктемнің гүлі ұйықтап жатыр ғой. Соның ұйқысын бұзып алмашы!...

Қырдың бетін тозаңдатқан ұлпа қарының үнінде аса мейірімді өтініштің лебізі бар. Желдің тарпаңдығын еріксіз тындырды.

– Ә, солай ма?... Ендеше қойдым, абыржыма!

Желпінген Жел желігін басып, жерге бауырын төседі де, сұлай кетті. Табиғат құбылыстарының да тілеуі тіршілік сарынымен үндес секілді.

·        Қар мен жел гүлге қандай қамқорлық көрсетті?

·        Қар мен желге қандай тілек айтар едіңдер?

 

Суретке қарап, табиғат сұлулығы туралы өз ойларыңды  айтыңдар.



 

Адам мен табиғаттың тілдескені –

өмірдің үндескені.

Халық даналығы

Суреттегі табиғат құбылыстарымен тілдесіп көріңдер.

Жадыраған Күндейміз, Күндейміз!

Жайнап өскен Гүлдейміз, Гүлдейміз!

Тұнық таза Ауамыз, Ауамыз!

Сылдыраған сумыз біз, Тазамыз,Тазамыз!
ҮІ. Қорытынды бөлім.

Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Оқушылардың  еңбегін мадақтау.

Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: логика әлемі

Күні: 11.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Не аңғардың?



Сабақтың мақсаты: Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтат. Қиялдау,елестетуді дамыту. Ізденімпаздыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: «Логика әлемі» оқулығы мен тапсырмаларға арналған дәптері

Сабақтың әдісі: әңгмелесу, сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру

Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру бөлімі:

Ми гимнастикасы.


Ширату.

Оқымысты; ғұлама – ( ғалым).

Адамды тамақтандырады бірақ өзі ештеме жемейді.

Ол – не ? – ( қасық).

Сенбіден кейін үш күн өтті. Ол қай күн? – ( сәрсенбі ).

Тіл алғыш бала. – ( елгезек ).

Екі ұл бала есікалдында кездесіп қалды. Егер біреуі 2 жаста, екіншісі 7 жаста болса, кім жол береді?- ( 7 жастағы. Екі жастағы бала енді ғана жүріп жүр).
Тапсырма- 1. Ыдыстың сынығын тап.Оны ыдыспен бірдей етіп боя.

Жауабы:бірінші


Тапсырма – 2. Әр қатардағы заңдылықты анықтап,ары қарай жалғастыр

Көңілді үзіліс.

Балалар өздерін толқында жайқалып тұрған жапырақ сияқты сезінеді. Көздерін жұмып толқында шайқалып тұрғандай қозғалыс жасайды.


Тапсырма – 3Еңбекке баулу сабағында бұйымдар жасау үшін әр түсті 2-бет қағаз қажет. Қағаздарды цифрмен белгіле.


Тапсырма – 4. Әріптермен цифрларды пайдаланып, сөздерді жасыр.

А у к т н р ы л д

1 2 3 4 5 6 7 8 9

Жауабы: дуал – 9218 тау - 412

Анар – 1516 қуат - 3214

Дана – 9151 дауыл – 91278
Тапсырма – 5 Заңдылықты сақтап, суретті аяқта. Оларды бес ( сары, қызыл, көк, қоңыр, жасыл ) түске боя.

Жауабы: тізбектегі дөңгелектердің көлемі мен түсінің заңдылығы сақталады.


Cабақты қорытындылау. Жаттығу жасау арқылы сабақты аяқтау

Көзге арналған жаттығулар.

Жақтың жоғарғы жағынан самайға қарай уқалау. Самайдан жақтың жоғарғы жағына қарай уқалау.


Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: логика әлемі

Күні: 16.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Не аңғардың?

Сабақтың мақсаты: Түстерді ажыратуға,қиял мен зейінді тұрақтату. Қиялдау,елестетуді дамыту. Ізденімпаздыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: «Логика әлемі» оқулығы мен тапсырмаларға арналған дәптері

Сабақтың әдісі: әңгмелесу, сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі



Ширату

Ми гимнастикасы



"Басты шайқау "Ойлау қабілетін жақсартады.Терең дем ал,иығыңды бос ұста, басыңды алға таста.Денедегі ауырлық түскенше басыңды ақырын әрі- бері айналдыр.Иегіңді бір сызықтың бойымен кеуде тұсына әкел.Осылай 30 секунд жаттығу жаса.


" Жалқау сегіздіктер "

Ауада сегіз санын сал,әр қолыңмен 3 рет қайтала.


Жаңа сабақ

Ширату


Бір бағытқа қарап тұрған ағайын -(көз)

Балдан тәтті-(бала)

Қалпағы бар,басы жоқ-(саңырауқұлақ)

Күндіз бар,түнде жоқ-(күн)

Бір шатырдың астында төрт батыр-(үстел)
Тапсырма№1

Үстел үстінде бір қатарға 6 саптыаяқ қойылған.Олар мынадай ретпен орналастырылған: қара,ақ,қара,ақ,қара,ақ.



Саптыаяқтарды баодлық ақтары сол жақта, қаралары солардан кейін болатындай етіп орналастыру қажет. Бос орынға тек қатар тұрған екі саптыаяқты орналастыруға рұқсат етілген.Бірақ олардың орналасқан тәртібін өзгертуге болмайды: Саптыаяқтарды жылжытуға немесе жақындатуға рұқсат жоқ.


Тапсырма№2

Мынадай болуы мүмкін бе, түсіндір: 2 ана,3 қызы,2-еуі апалы-сіңлі,ал барлығы 4 әйел адам.

Жауабы: анасы, қызы, қызының 2қызы, барлығы 4 әйел адам.
Тапсырма № 3

Жауабы:Раушанның қолында раушангүл бар. Қоянбаев Әсет орманда қоянды көреді.Ертеде Талдықорғанда талды қорған болған.


Тапсырма № 4

Ойды дұрыстап жаз .

Табиғатта табиғи құбылыстар болады.

Тұман-табиғи құбылыс.

Яғни,

Жауабы: жаңбырдан соң жер жылынғанда тұман болады.



Жан-жануарлар көктемде төлдейді.

Аю -жануар

Яғни,

Жауабы: аю көктемде төлдейді.


Тапсырма № 5

Қуыршақтардыбоя.Майра мен Сараның бантиктері бірдей,Айман мен Бақыттың көйлектері бірдей,ал Сара мен Бақыттың аяқ киімдерінің түсі бірдей болсын.Қуыршақтардың аттарын жаз.



Жауабы:Майра,Сара,Айман,Бақыт.


Қызықты үзіліс . Қимыл -қозғалыс жаттығуын ойын түрінде өткізуге болады.

Қол мен саусақтарға арналған жаттығулар


Тапсырма № 6

Нұрлыбек пен Айдана жолды қай кезде кесіп өтуге болатындығын,қай кезде болмайтындығын түсіндір.



Тапсырма № 7

Жауабы: Гүл -жердің көркі .

Гүл - нәзіктік белгісі .

Гүл - көңіл ашып ,қуаныш сыйлайды .

Гүл - денсаулық кепілі .

Гүл - үйдің көркі .

Қорытынды:

Гүл дегеніміз не?

Жолда адам қандай жолмен жүру немесе өту қажет?

Тапсырмалар түсінікті болды ма?

Қиын тапсырмалар кездескен жоқпа?
Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: қызықты грамматика

Күні: 12.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ әріптер

Сабақтың мақсаты: Мәтінді мағынасына қарай талдай білуге, мәтін түрлерін ажырата білуге үйрету. Ой өрісін, есте сақтау, байланыстырып сөйлеу дағдысын арттыру. Көркем де сауатты жазуға баулу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтағы көрнекті-құралдар: тақырыптық суреттер, қима қағаз

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, талдау, ізденіс, комментарий.


Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.
II.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі

Мәтін дегеніміз не? Мәтіннің қандай түрлері болады?

Мәтіндегі әрбір ой қандай жолдан бастап жазылады?
Сергіту сәті
IV. Мақсат қою кезеңі

Суретпен жұмыс ауызша мәтін құрастыру. Мәтінег ат қою

Олай болса бүгінгі сабағымызда осы суретке байланысты жұмыс жасаймыз.
V. Жаңа тақырып

Қ Қ әрпін көркем жазу

Тақырыпқа байланысты бейнеролик көру

Мәтінмен жұмыс

Көмек

Салтанат пен Әлия аталарына қияр жинауға көмектесті. Түстен кейін аспанда бұлт қоюлана түсті. Жаңбыр құйып кетті. Олар жиюлы қиярды бір жерге тасыды. Үстін жапты.



Ауызша талдау
VI. Жаңа материалды пысықтау

Өз бетімен жұмыс

Көргені, естігені бойынша мәтін құрастырып, жазу

Мәтіндегі сөйледегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы табу


VII. Сабақты қорытындылау.

Балалар бүгін біз нені үйрендік? Сабақ түсінікті болды ма?



Тексерілді: Калиниченко Л.С

Пәні: сауат ашу

Күні: 11.04.2016

Сыныбы: 1 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М


Каталог: uploads -> doc -> 05c3
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05c3 -> Білім саласы: «Қатынас» Бөлігі: Тіл дамыту Тақырыбы: «Құлыншақ достарымен бірге қонақта»
05c3 -> Сабақтың тақырыбы: Сабақтың түрі: Аралас сабағы. Сабақтың педагогикалық мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет