Пәні: дүниетану 1- сынып
Сабақтың тақырыбы: Көліктер. Қала және ауыл көліктері. (слайд1)
Мақсаты: Қала және ауыл жолдары туралы, жол ережелері туралы
қайталап,көлік түрлері туралы білімдерін кеңейту. «жолаушы»,
«көлік» ұғымдарымен таныстыру.
Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, тілдерін
жаттықтыру.
Оқушының белсенділігін арттыру, өз ойын еркін жеткізе
білуге,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
Мұғалімге: интербелсенді тақта, суреттер, жеке карточкалар.
Оқушыға: оқулық, жұмыс дәптері, түрлі – түсті қарындаш.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеріп, зейіндерін жинақтау.
Психологиялық ахуал. (слайд2)
Бір, екі, үш.
Бойға жинап күш.
Сабақты біз бастаймыз,
Білімнен еш қашпаймыз.
Бүгін біз сабақта қала және ауыл жолдары туралы, жол ережелері туралы қайталап, көлік түрлері туралы білетін боламыз.
Алдымен үйге берілген тапсырманы айтып алайық. Қандай тапсырма беріліп еді?
Адамдар қайда жұмыс істейді? ( оқушылар мазмұнын айтады)
ІІ.Жаңа сабақ:
Жақсы, жаңа сабағымызды бастамас бұрын қала мен ауыл айырмашылығын еске түсіріп алайық.(электронды оқулықтан үзінділер көрсету)
Оқушыларға проблемалық жағдай тудыру.
Сұрақ: - Неге қала көшелері кең?
Оқушылар жауабы тыңдалады.(қалада көлік көп, адам көп, т.б.)
(электронды оқулықтан үзінділер көрсету)
- Ия, балалар, қала көшелері көлік көп болған соң көң кекен. Көлік түрлері өте көп екен. Назарымызды мына суреттерге салайық. (слайд3)
(көліктнр туралы түсіндіріп кету)
Көліктердің суда, жерде, ауада жүретін түрлері болады. (түрлерін айту)
Көліктер(слайд4)
қала ауыл
көліктері көліктері
(слайд5) (слайд6)
арнайы
көліктер болып бөлінеді. (түрлерін айту)
(слайд7)
ІІІ.Сергіту сәті: Кел билейік! «Қызыл өрік» (слайд8)
ІҮ.Дәптермен жұмыс: (слайд9)
Ауа райын жазу.
26 – бет. Сандар реті бойынша сызық жүргіз.
27 – бет. Қала көліктерін көк, ауыл көліктерін жасыл түспен боя.
Ү. Қосымша мағұлматтар:
Мұғалім: (слайд10)
Басқа ауылға, қалаға, тіпті басқа елге кетіп бара жатқан адамды жолаушы дейді.
Ал сен бір жаққа бара жатқанда өзіңді көлікте қалай ұстаукерек екенін білесің бе?
Кейбір ережелер:
-Жасы үлкендерді, сәбилерді, қыз балаларды бірінші өткізіп, орын беруге тиіссіңдер.
-Балмұздақпен, аузы ашық сусынмен көлікке отырма.
Қатты сөйлемей тыныш отыр, қатты музыка қойма. Жолаушылардың мазасын алма.
-Көшеде жүргенде біз міндетті түрде жол ережесі, бағдаршам туралы біліп жүруіміз керек. (слайд11)
ҮІ.Ойын ойнау: «Дұрыс, дұрыс емес»
Балалардың істегені дұрыс па, әлде дұрыс емес пе?
(өзім жол тәртібі туралы суреттерді көрсетемін оқушылар тақтаға сәйкес бағанға іліп отырады)
ҮІІ.Сабақты қорытындылау:
Бүгін сабақта біз нелер туралы айттық? (көліктер)
Бүгінгі сабақтан не біліп, не үйрендіңдер?(көлікте қалай отыру керектігін, өзіңді қалай ұстау керектігін)
ҮІІІ.Видеоролик .« Көлік түрлері» - қандай көлік түрлері бар екен, олар қалай дыбыстайтынын мына роликтен көріп естиік.
Ал енді қазір орнымыздан тұрып, көліктердің дауысын салып, қимылмен көрсетіп көрейік.
ІХ.Сергіту сәті: (қимылмен және дыбыстап көрсетіп отыру) (слайд19)
Машина қалай жүреді? (в-в-в)
Ұшақ қалай ұшады?(ш-ш-ш)
Поезды қалай жүреді?(пуп-чк-чк, пуп-чк-чк)
(орындарын ауыстырып айтамын, оқушылар жасайды)
Х.Жұмбақтар шешу: (слайд20)
Гүр-гүр, гүр - гүр етеді көкірегі,
Жүрсе көксау секілді жөтелі көп.
Күш дегенің өте мығым өзінде,
Тасиды кейде өзі егін мен шөп.
/Трактор/.
Сабан той бастап,
Салды бір әнді.
Сабанды тастап,
Сыпырды дәнді.
/Комбайн/
Бір жануар домаланған екі көзді,
Адамның ықпалымен жүреді өзі.
Сияды ішіне оның төрт-бес кісі,
Жарқырап түнде жортса екі көзі.
/Жеңіл машина/
Сымға асылып, жүр асығып.
Дыз-дыз етіп жүрегі, сымнан ұстап жүреді.
Өзіне адам мінеді,
Ол не ал, кім біледі?
(троллейбус)
Аспанда жүзеді,
Қанатын қақпайды.
Жерде де жүреді,
Бауырлап жатпайды.
(ұшақ)
Жүйіткіген дәу үйінде,
Жүйрік деп ел сүйінді.
Тас жолда жұртты тасып жүр,
Жылдамдыққа басып жүр.
/Автобус/
Бір-біріне қарай үйлер тіркесіп,
Қара тұлпар жүр әрі- бері көшіп.
(поезд)
Пырылдар көкте инелік ,
Инелік емес үй делік.
/ұшақ/
Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңдң күзеткен,
Ысқрығы күшті адам.
(полиция қызметкері)
Үш көзді батыр,
Жолды аңдып жатыр.
(бағдаршам)
Бірінің ізін бірі басады,
Біріне жеткізбей, бірі қашады.
(Дөңгелектер)
ХІ.Бағалау. Кері байланыс:
Өте жақсы – Ұшақ, жақсы – пойыз, қатысқандарға – желкенді қайық.
Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?
Өз көңіл күйің қай күн көзіне сәйкес деп есептейсің?
ХІІ.Үйге тапсырма: 118-121 б. (мазмұндау)
«Бекітемін» «Келісілді»
Мектеп директоры: Г.Токишева Оқу ісі меңгерушісі: Исина Р.А.
Дүниетану пәнінен ашық сабақ
Тақырыбы: Көліктер. Қала және ауыл көліктері.
Өткізген: Абдрахманова Т. А.
Амангелді орта мектебі
2013-2014 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |