4.Қажетті ресурстар: Қ.Б.Бектаев «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика».
5.Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен оқу міндеттері студенттерге таныстырылады.
Үй жұмысының Дұрыс орындалуын тексеру
Өтілген тақырыпты қайталау тапсырмалар беріледі. Және тапсырмаларды орындау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын айтады. Тақырып түсіндіру Комбинаторика Комбинаторика (лат.Combino – жалғастырамын) - комбинаторикалық анализ деп те аталады.
Комбинаторикалық анализ комбинаторикалық математика, комбинаторика – математиканың кез келген шектеулі жиын (шектеудің кейбір шарттарын шексіз жиын) бөліктерінің орналастырылуы мен өзара орналасуына байланысты мәселелерін зерттейтін бөлімі.
Комбинаторикалық сипаттағы идеялар ықтималдық теориясы, алгебра тәрізді математикалық бөлімдерінде өте кең тараған. Комбинаторикалық анализ есептері ерте кезден – ақ белгілі болған. Оның дамуына көптеген математиктер елеулі үлес қосты. Бірақ комбинаторикалық анализ өз алдына пән ретінде тек 20 ғасырда ғана қалыптаса бастады. Комбиторикалық графтар теориясы, шектеулі автоматтар теориясы тәрізді математиканың салаларымен тығыз байланысты