Сабақтың тақырыбы: Коммунар Табей "Ол ақын болар ма еді?"
Дата 06.02.2022 өлшемі 10,95 Kb. #29474 түрі Сабақ
Сабақтың тақырыбы: Коммунар Табей “Ол ақын болар ма еді?” А)Білімділік Мәтін мазмұнын түсіндіре отырып, Желтоқсан оқиғасының құрбаны-Қ.Рысқұлбековтың ерлік рухын насихаттау. Оқушыларға Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын ұғындыру Ә)Тәрбиелік Патриоттық тәрбие беру. Отансүйгіштікке тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлтжандылық сезім орнату. Б)Дамытушылық Оқушылардың ой-өрісін, танымдық ойлауын дамыту. Тіл байлығын арттыру. Сабақ түрі: Мультимедиа сабақ Сабақ әдісі: Пікірлесу, сауалнама, сөзжұмбақ шешу, сахналау. Көрнекілігі: интерактивті тақта І. Ұйымдастыру Психожаттығу жүргізу Білген сайын келеді біле бергім, Біле беру емес пе тілегі елдің, Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе Қызыққаннан келмей ме, жүре бергің Сондықтан да келеді біле бергім. а) “Ту тіккен Рақымжан” мәтіні бойынша оқушыларға мәтін мазмұнын баяндату; ә) Сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытынды жасау 1.Мәтінде ел басындағы қандай оқиға суреттелген? 2.Рейхстаг деген не? 3.Рақымжанға қандай тапсырма берілді? 4.Рақымжаннаң қасындағы жауынгер кім? 5.Ту Рейхтагқа қай уақыттар шамасында тігілді? 6.Тапсырма қалай орындалды? 7.Жеңіс туы тігілген күн қашан? Б.Ысқақовтың көліктер туралы өлеңі қалай аталады? Б.Ысқақовтың көліктер туралы өлеңі қалай аталады? а) Кім жүйрік? ә)Мамандық таңдау б)Ұшқыш болғым келеді 2.”Ақ жолдан таймай, ар сақта” деген кім? а) А.Байтұрсынұлы ә) Ш.Құдайбердіұлы б) М.Жұмабаев 3.”Сары кілем төселген жер.Тиін.Борсық.Қоян”. Қай шығармадан алынған? а) Ә.Табылдиев Күздің кереметі ә) Е.Салықов Күзгі орианның көріністері б) И.Бази Жеміс бағында 4.Өзін “өзін жазатын жазушымын” деп есептейтін жазушы кім? а) М.Мақатаев ә) Д.Әбілов б) Б.Соқпақбаев 5.Өткен ғасырдағы жоңғар шапқыншылығына байланысты тарихта аты қалған жылдар қалай аталады? а) Алқакөл сұлама, Ақтабан шұбырынды жылдары ә) Ұлы Отан соғысы жылдары б) Ашаршылық жылдары Кіріспе әңгіме. К.Табей кім? Желтоқсан оқиғасы туралы әңгімелеу Суретпен жұмыс Желтоқсан.1986 жыл Елбең-елбең жүгірген, Қаймана қазақ қамы үшін Ебелек отқа семірген. Қарусыз шықтық Алаңға Арғымақ мінген жаратып, Алыстан әскер алдырып, Ақ сауыт киген темірден Қырып салды-ау табанда. Алатаудай бабалар, Аруағыңмен жебей көр! Сөйлесең даусың жетпейтін Кез болдық мынау заманға Ал енді қазір неткен күн! Шовинизм еді ғой Орыстан ынсап кеткен күн. Басты себеп жанжалға Тізесі қатты батқан соң, Екі жүзің қырылып, Шыдамастан ақыры Екі жүзің ұрылып Қарғыс атқан Алаңда Екі жүзің сотталып, Қарғыс атқыр туған күн. Жоқтаусыз кетіп барасың. Күнәдан таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар , Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар, Алам десең, алыңдар! Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар, “Еркек тоқты – құрбандық” Атам десең , атыңдар. Мен не етермін, не етермін, Мен келмеске кетермін. Көрмеген, қош бол, таңдарым, Көре алмай мен өтермін. Хош аман бол, артымда Ағайын , туған азамат! Артымда қалған ата-анам, Ел-жұртым, саған аманат! V. Сабақты бекіту 1.Эссе жазу “Желтоқсанда жанын жалау еткен ...” 2. Бұл сөзжұмбақты дұрыс шешкенде бүгінгі мәтіннің негізгі тақырыбы шығады Достарыңызбен бөлісу: