Бекишева Кульзия Есеновна
Астана қаласы №56 мектеп-лицейінің
информатика пәні мұғалімі
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері. Интернетте ақпаратты іздеу. Электрондық пошта
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Интернет ұғымымен таныстыру. Интернет желісінде ақпарат іздеу әдістерін үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың ғаламторда сауатты жұмыс істеу дағдысын дамыту.
Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа,сауаттылыққа,тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық
Сабақтың барысы:
А) ұйымдастыру кезеңі
Б) сабақ сұрау
В) бағалау
Г) жаңа сабақ
Д) бекіту
Е) үйге тапсырма
Ж) қорытынды
Жаңа сабақ
World Wide Web – Интернеттің қарқынды дамып келе жатқан технологияларының бірі. WWW мәні ол ақпаратты түрлі компьютерлерде орналасқан жекелеген мәтіндік, графикалық және т.б. файлдар түрінде ұсынудан тұрады. Бұл файлдар бір – бірімен гипербайланыстар арқылы біріктірілген. Файлдардың (немесе объектілердің) мұндай жиынтығы Web - құжат (Web –сайт. Web-site ) ретінде түсінеміз. Web – құжат бөлшек Web - құжат бөлшек Web – тұрады. Web-серверде бірнеше Web-құжаттар орналасқан.
Web – құжаттарды іздестіру және оған қатынас жасау арқылы нұсқағыш (идентификатор) – URL (Uniform Resource Locator) бойынша орындалады. Стандартты URL ақпарат берудің хаттамасын, ақпарат орналасқан компьютердің атын және оған қатынасу жолын белгілейтін 3 бөлімнен тұрады. Мысалы, ойышық сатумен айналысатын Vermont Teddy Bearsкомпаниясының URL құрылымының көрінісі мынадай:
URL көрсетіп, пайдаланушы қажетті файлды нақты белгіледі.
Web- құжатты қарау үшін арнайы программалық жабдықтама керек.
Жоғарыда айтылғандай, WWW – уге арналған қолданба Web – браузер деп аталаджы. Internet Explorer (Microsoft фирмасы жасаған) және Netscape Netscape (Netscape Communications Corp. фирмасының) браузері е ң танымал. Web- браузерлер WWW – дан басқа Интернеттің басқа ресурстарында да (USENET телеконференциялары, FTR файлдық архивтері және т.б. ) қатынасуға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде Интернет ресурстарымен жұмыс істеп, операциялық жүйенің міндеттерін атқаруға мүмкіндік беретін Web – браузерлер жасау жоспарлануда. Мысалы, Netscape Communications Corp. компаниясы Netscape
Netscape браузеріне ОЖ – ға тән мүмкіндіктерге қосса, Microsoft өзінің Internet Explorer өнімін Windows ОЖ- ға біріктірді. Мұндай біріктірудің нәтижесі пайдаланушыларға таныс Windows интерфейсін сақтап, Жұмыс үстелін Web-беті түрінде бейнелеуге мүмкіндік жасады. Пайдаланушы тікелей жұмыс орнында Web-адрестерді пернетақтадан енгізу, Жұмыс үстелінде Web-беттердің таңбашасын орнату мүмкіндігін алды. Сонымен, қажетті бетте өзгеріс болған жағдайда, Internet Explorer хабарламаны автоматты түрде құрады. Бұл – биржа мәліметтерін, валюта курстарын және басқа оперативті ақпараттың Web-беттерін қараудың ыңғайлы құралы. Windows – тың осы версиясында Жұмыс орны Active Desktop (Активті жұмыс үстелі) деп аталады және онда жаңа Outlook диспетчері болады, ол Web-элементтер мен дәстүрлі ақпараттың тиімді бірігуін қамтамасыз етеді.
Іздеу каталогтарын құрастыру
Қазіргі кезде интернетте байланыстың барлық белгілі желілері пайдаланылады: төмен жылдамдықтардағы телефоннан жоғарғы жылдамдықтағы спутниктік арнаға дейін.Ақпарттық және бағдарламмалық құралдарда әртүрлі.Компьютер арасында ақпарат беру қолданылатын байланыс желілерінен ЭЕМ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАССЫЗ ЕТУ ТҮРІНЕН ТӘУЕЛСІЗ БОЛУ ҮШІН, ақпарат берудің арнайы хаттамалары жасалған.Олар деректері белгілі өлшемді блоктарға бөлшектеу принціпі бойынша жұмыс істейдң – пакеттер ретімен адресатқа жөнелтіледі.Интернетте екі негізгі хаттама қолданылады. Желіаралық хаттама Берілетін деректері жеке пакеттерге бөліп алушының адресі көрсетілген тақырыппен жпбдықтайды.Беруді басқару хаттамасы мұндай пакеттің дұрыс жеткізілуіне жауапты.Интернет желісі толығымен орталықсыздырылған.Ол дегеніміз – желіні пайдалану ережелері мен шарттарын белгілейтін,олардың орындалуын қадағалап,бұзушыларды жазалайтын басқарушы инстанцияның болмауы.Уақыт өте бере желіні пайдаланудың жалпы қабылдаған елгілі принцептері қалыптастырады.Интернет комуникациясы әдістермен ақпаратқа шығу тәсілдерін түр – түрімен ұсынатын болғандықтан көп мекемелер үшін ол – ақпараттық жүйенің ажырамас бөлігі. Интернентегі электронды пошта.Интернеттің ең маңызды сервистерінің бірі электронды пошта болып табылады.Егер интернет басқа желілердің ақпараттық ресурстарымен байланысты екенін ескерсек, ол пайдаланушыға әр түрлі халықаралық компьютерлік желілерге жол ашады.
Жаңа сабақты бекіту: Ол үшін балаларға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты ауызша бекіту және компьютерде электрондық оқулық тапсырмаларын орындау арқылы практикада бекіту.
Үйге тапсырма: Интернеттен қызықты ақпарат әкелу
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Анимация әсерлерін баптау. Презентацияларды көрсету
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Power Point бағдарламасының қолдану мақсатын, оны іске қосу мен жұмыс істей білуді үйрету.
Дамытушылық: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Тәрбиелік: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, тапсырма орындау.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақ көрнекілігі: Қосымша материалдар, нұсқаулық карта.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі:
а) Сабаққа қатысып отырған оқушыларды тексеру;
ә) Оқу-құралдарын түгелдеу, реттеу.
б) Қауіпсіздік ережесін айту.
І. Жаңа сабақ
Power Point-та кез келген презентация жасау мынадай әрекеттер тізбегін орындаудан тұрады:
Презентация құру, тексті енгізу және редакторлеу, слайдтардың кезектесуін реттеу.
Презентация жоспарын құру. Жоспарды қажетіне қарай өзгерту.
Қажетіне қарай жеке слайдтарды форматтау.
Презентацияларға объектілер қосу.
Презентацияларға ауысуды, анимацияларды, эффектілерді, сілтемелерді қолдану және өзгерту.
Үлестірмелі материалды және баяндамашыға арналған ескертулерді әзірлеу.
Слайдаралық уақытты анықтау және қолдану.
Презентацияны демонстрациялау.
PowerPoint терезесінің құрылымы.
PowerPoint бағдарламасын іске қосу үшін Бастау- Бағдарламалар - Microsoft PowerPoint командасын орындаймыз. Microsoft PowerPoint терезесі мынадай негізгі элементтерден тұрады:
Тақырып жолағы- құжаттың аты және басқару батырмалары орналасады.
Мәзір жолағы- басқа бағдарламалардан өзгешелігі мұнда «Слайдты көрсету» әмірі орналасқан.
Стандартты құралдар және Пішімдеу үстелі бұның басқа бағдаламалардан өзешелігі мұнда «Жасақтама» және «Жаңа слайд» әмірлерімен ерекшеленеді.
Сурет салу құралдар үстелі- сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналған әмірлер тобын қамтиды. Бұл суреттер салуға, эмблема жасауға мәтінді әдемі етіп безендіруге мүмкіндік береді.
Қалып күй жолы- құжат ақпаратын қамтиды, беттер санын көрсетеді.
Жұмыс аймағы- слайдтар жасауға, мәтін, сурет, диаграмма, клип, дыбыстарды орналастыруға арналған аймақ. 6- слайд
Тапсырмалар аймағы- ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды.
PowerPoint-тың жаңа бағдарламасында өзгешеліктер:
Тақырып жолағында «Office» батырмасы орналасқан.
Слайдтарды безендіру.
Слайдтарды безендіруде көрмені тартымды етуде суреттердің маңызы зор. Суреттер әр түрлі болады. Біреулері қолдан салынған, енді біреуі-мәтіналғы арқылы фотосуреттен көшірілген. Дайын суретті крістіру үшін «Кірістіру» (Вставка)- «Сурет» (Рисунок) командасын орындаймыз. PowerPoint бағдарламасында суреттерді алмасу буферін қолдана отырып, басқа бағдарламадағы сууреттерді пайдалануға болады.
Анимация қосу.
PowerPoint бағдарламасында әр түрлі анимациялық эффектілер және мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдана отырып, презентацияны жандандыруға болады. Мәтін элементтерінің өзіне жеке әріптер, сөз, абзац түрінде әртүрлі эффектімен пайда болатындай етіп жасау мүмкіндігі бар. Тек мәтін элементтері емес графикалық объектілер, диаграммаларға да анимациялық эффектілер қосуға болады.
немесе автоматты түрде неше уақыттан кейін пайда болу керектігін белгілей аламыз.
Музыка, дыбыс, бейнеклиптерді енгізу.
PowerPoint бағдарламасында дайындалған презентацияны көрсету кезінде музыкалық, дыбыстық эффектілерді және бейнеклиптерді қолдану мүмкіндігі бар. Кейбір дыбыстар (мысалы, жазба машинкасының дыбысы қол шапалақтау т.с.с.) Анимацияны баптау саймандар тақтасынан іске қосылады. Презентацияға әуен (музыка) қою үшін Вставка –Фильмы и звук – Звук из файла командасын орындап, өзіңізге қажетті әуенді таңдап ОК батырмасын басамыз.
Сабақты бекіту
Компьютерде «PowerPoint бағдарламасы» арқылы тапсырмалар орындау.
PowerPoint бағдарламасы бойынша алған білімдерін бекіту үшін компьютерде «Тестік жұмыс» орындайды.
ІІ. Ағымды нұсқау (Өздік жұмыс):
Осы тақырыппен берілген нұсқау картасы арқылы қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, компьютерде тапсырманы орындау. Оқушылардың тапсырмаларын тексеру. Қатемен жұмыстану.
Тапсырма: Power Point бағдарламасында әр оқушы компьютерлеріңіздің
жұмыс үстелінде орналасқан “Менім отбасым” және “Менім сыныбым” деген папкалардағы дайын файлдарды пайдаланып, Power Point
бағдарламасында 2 – 3 секундтық жарнама ролик дайындаңыздар.
ІІІ. Қорытынды нұсқау:
Оқушылардың компьютерде нұсқау картасы бойынша берілген тапсырмаларының нәтижесін тексеру. Оқушыларға жеке-жеке тоқталу. Қателермен жұмыстану.
IV. Сабақты қорытындылау:
Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар қою:
1. Microsoft Office пакетінің Power Point бағдарламасы не үшін қажет?
2. Презентация неден құралады?
3. Презентация құрған кезде қандай әрекеттер орындалады?
4. Power Point бағдарламасының терезесінің Word, Excel терезелерінен қандай айырмашылығы бар?
V. Бағалау.
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау. Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Word редакторының мүмкіндіктеріне көңіл бөле отырып, оқушыларды кесте ұғымымен таныстырып, әр түрлі деңгейдегі кестелерді жасауға үйрету.
Дамытушылық: Өзіндік жұмыс істеуге баулу, алған теориялық білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге үйрету. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау және шығармашылық деңгейлерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Word редакторы, интерактивті тақта, деңгейлік тапсырмалар, бағалау парағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақты жүргізу әдісі: Топтық, жеке оқушымен жұмыс, оқулықпен жұмыс, сұрақ-жауап, баяндау, оқушының практикалық жұмысы, тест, өзін-өзі тексеру, бағалау
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру және сабаққа жұмылдыру мақсатында жетелей сұрақ қою.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасын электрондық тест арқылы тексеру.Тест компьютерде орындалады,нәтиже компьютерде бағаланады.
Тест сұрақтары:
1. MS WORD программасында мәтінді қағазға қалай басуға болады?
Файл/Беттің параметрлері;
Файл/Алдын-ала көру;
Файл/Печать
2 MS WORD программасын қалай іске қосуға болады?
Пуск-Все программы-Microsoft Office-Microsoft Word
Пуск-Стандартные-Microsoft Office-Microsoft Word
Мой компьютер- Все программы-Microsoft Office-Microsoft Word
3.Мәтінге суретті қалай кірістіреді?
Файл – Картинки - Вставит
Вставка – Картинки – Таңдау-Қою
Файл – Картинки - Сохранить
4. WORD құжатын қалай сақтауға болады?
Файл – Сохранить как – Имя файла- Сохранить
Вставка – Сохранить как – Имя файла - Сохранить
Файл – Картинки - Сохранить
5.Құжаттың бет нөмірлерін қалай қоюға болады?
Вид – Номера страниц - Ок
Вставка – Номера страниц - Ок
Файл – Номера страниц - Ок
6. Мәтінге суретті қалай кірістіруге болады?
Правка-Картинки
Формат -Картинки
Вставка - Картинки
7. Сақталған құжатты қалай ашамыз?
Файл-Открыть
Правка -Открыть
Формат-Сохранить
8. Құжат бетіне колонтитул қою болады?
Вставка- Колонтитул
Файл- Колонтитул
Вид - Колонтитул
9. Мәтіндік редактордың қызметі?
Сурет салуға арналған
Есептеуге арналған
Мәтін өңдеуге арналған
10. Мәтінді бағанға қалай бөлуге болады?
Вставка-Колонки
Формат - Колонки
Разметка страницы - Колонки
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту
Оқушыларға сабақтың тақырыбын хабарламас бұрын таратпалар арқылы жаңа сабаққа қатысты қысқаша ақпарат ұсыну.
Кесте ұғымы
Кесте мәтіндік және графикалық хабарламаларды көрнекі етуге мүмкіндік береді. Кесте баған мен жолдан тұрады.
Ұяшық ұғымы
Ұяшық баған мен жолдың қиылысында орналасқан. Ұяшықтағы мәтінді ереже бойынша пішімдеуге болады.
Кесте жасау әдістері:
Кестені бірнеше әдіспен жасауға болады.
Оқушылар берілген мәліметпен танысқан соң, алған мәліметтері бойынша сұрақтар қою:
Қандай ұғыммен таныстыңыздар?
Кесте ұғымын қалай түсінесіздер?
Күнделікті өмірдегі қолданысы?
Оқушылардың берген жауаптары арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын айқындау.
Бүгін Word редакторының тағы бір мүмкіндігімен танысамыз, жаңа сабақтың тақырыбы: «Кестелермен жұмыс»
Оқушылар жаңа тақырыпқа қажетті мәліметті электрондық оқулықтан алады. (Интерактивті тақта арқылы дыбысталған электрондық оқулықты пайдалану)
IV. Жаңа білімді бекіту.
Жаңа сабақ бойынша алған теориялық білімді практика жүзінде бекіту.
Оқушылардың өзіне деген сенімділіктерін қалыптастыра отыра, компьютерде деңгейлік тапсырмаларды орындату арқылы жаңа материалды бекіту және шығармашылық деңгейге көтерілуін анықтау.
І-деңгей
6 бағаннан, 4 жолдан тұратын кесте құру;
Кестеге апталық сабақ кестесін үлгі бойынша толтыру;
Апта күндерін, пән атауларын ортаға туралау;
Апта күндерінің атауы курсив және жартылай қарайтылған болуы керек.
Дүйсенбі
|
Сейсенбі
|
Сәрсенбі
|
Бейсенбі
|
Жұма
|
Сенбі
|
Қазақ тілі
|
Химия
|
Неміс тілі
|
Қазақ тілі
|
География
|
Экономика
|
Математика
|
Информатика
|
Сызу
|
Физика
|
Музыка
|
Абайтану
|
Орыс тілі
|
Тарих
|
Д/Ш
|
Биология
|
Ағылшын тілі
|
География
|
ІІ-деңгей
Негізгі апта күндері жазылған жолды белсенді ету, меню қатарынан – Работа с таблицами-Макет әрекеттер тізбегін орындап, кестені өңдеу;
Кестеге сол жақтан 1 баған қосу;
Кестенің басына 1 жол қосу;
Жаңадан қосқан жолдағы ұяшықтарды біріктіру;
Біріктірілген ұяшықтарға Апталық сабақ кестесі сөзін жазу;
Апталық сабақ кестесі сөзін ортаға туралау және курсивпен жартылай қарайтылған сызылымға келтіру.
Апталық сабақ кестесі
|
реті
|
Дүйсенбі
|
Сейсенбі
|
Сәрсенбі
|
Бейсенбі
|
Жұма
|
Сенбі
|
1
|
Қазақ тілі
|
Химия
|
Неміс тілі
|
Қазақ тілі
|
География
|
Экономика
|
2
|
Математика
|
Информатика
|
Сызу
|
Физика
|
Музыка
|
Абайтану
|
3
|
Орыс тілі
|
Тарих
|
Д/Ш
|
Биология
|
Ағылшын тілі
|
География
|
ІІІ-деңгей
Кестенің соңына 1 жол қосу;
Жаңадан қосқан жолдағы ұяшықтарды біріктіру;
Негізгі апта күндері жазылған жолды белсенді ету, меню қатарынан – Работа с таблицами-Конструктор әрекеттер тізбегін орындап, кестенің күрделендірілген бір түрін таңдау;
Кестедегі мәтінді көк түске бояу
Апталық сабақ кестесі
|
реті
|
Дүйсенбі
|
Сейсенбі
|
Сәрсенбі
|
Бейсенбі
|
Жұма
|
Сенбі
|
1
|
Қазақ тілі
|
Химия
|
Неміс тілі
|
Қазақ тілі
|
География
|
Экономика
|
2
|
Математика
|
Информатика
|
Сызу
|
Физика
|
Музыка
|
Абайтану
|
3
|
Орыс тілі
|
Тарих
|
Д/Ш
|
Биология
|
Ағылшын тілі
|
География
|
|
|
|
|
|
|
|
V Қорытындылау
Мәтінге кесте кірістіру және оны өңдеу әдістерін сұрақ-жауап түрінде қорытындылау.
VІ Бағалау
Бағалау парағы бойынша бағалау
VІІ Үйге тапсырма: оқулықтан § 23. Кестелермен жүмысты оқу, шығармашылық жұмыс «Наурыз» айының күнтізбесін жасау
Электронды оқулықтан мәлімет алу. (Интерактивті тақта арқылы көріп-тыңдау)
Достарыңызбен бөлісу: |