Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика. Компьютерлік графика түрлері Сабақтың мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі37,49 Kb.
#30542
түріСабақ
Информатика 7-сынып

Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика. Компьютерлік графика түрлері

Сабақтың мақсаты:компьютерлік графикамен танысу, түрлерін білу, компьютерлік графиканың өмірдегі маңыздылығын түсіну.

Сабақтың міндеттері:

Сабақтың мазмұнына байланысты міндеттер:

  • Компьютерлік графикамен танысады;

  • Компьютерлік графиканың қолдану салаларын біледі;

  • Компьютерлік графика түрлерін айта алады;

  • Компьютерде жұмыс жасау дағдысы қалыптасады.

Сын тұрғысынан ойлауға байланысты міндеттер:

  • мәтінді оқи отырып тақырыпты ұғынады, пікірлеседі;

  • тақырыпты талдайды, тәжірибеде қолданады.

  • Тәрбие әрекетіне байланысты міндеттер:

  • өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыланады;

  • топпен және өз бетінше жұмыс жасауды үйренеді;

  • бір-бірінің ойын, пікірін тыңдауға дағдыланады.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: 

Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:

  • Құралдар: компьютер, түрлі түсті маркерлер, стикерлер, А1 форматты қағаз (плакат);

  • Көрнекіліктер: үлестірмелі қағаздар, қима қағаздар, бағалау парақтары.

Сабақтың барысы:

І. Жаңа сабақ

ІІ. Оқулықпен жұмыс «Ой қозғау»

ІІІ. «Ой қорыту» кесте толтыру

ІҮ. Компьютермен жұмыс

Ү. Қорытындылау «Өзіңді тексер!» тест арқылы бекіту


Ұйымдастыру.

Сәлемдесу тренингі

Салем достым! (амандасады)

Сен қалайсың? (иықтарынан қағады)

Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)

Мен сені сағындым! (қолдарын жүректеріне қояды)

Сен келдің (қолдарын жаяды)

Жақсы болды (құшақтайды)

Өткенді қайталау «Ой қозғау» сұрақтары

1.Суретті қайда салған оңай: компьютерде ме әлде қағазда ма?

2.Компьютерде суретпен жұмыс істеудің қандай айырмашылықтарын атай аласыңдар?

3.Суреттерді салудың, өңдеудің әдістері мен құралдарын қарастыратын информатиканың саласы қалай аталады?

4. Графикалық редакторларға қандай редакторларды жатқыза аламыз?

(осы сұрақтар арқылы оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды)



І. Жаңа сабақ

Компьютерлік графика -программалық және ақпараттық құралдар арқылы кескінді құруға болатын,өңдеу тәсілдері мен әдістерін зерттейтін информатиканың саласы.

Барлық компьютерлік кескін екі үлкен класқа бөлінеді ол 2өлшемді және 3өлшемді

Жасалу принципіне қарай үш түрі бар: растрлық, векторлық, фракталық

ІІІ.Оқулықпен жұмыс «Ой қорыту» кесте толтыру(оқушылар 10 минут кітапты оқып шығып түсінгендерін әңгімелеп береді, мұғалім толықтырып түсіндіреді)





Растрлық

Векторлық

Фракталдық

Басты элемент

Нүкте (пиксель)

Бір нысан болып сипатталатын сызық немесе қисық

Математикалық формула

Қолданылуы

Фотосуреттерді қалпына келтіру, коллаж жасау, фотомонтаж, сканерленген кескінді түзету

Баннерлер,эмблемалар сызулар этикеткалар жасау

Тірі және өлі табиғат нысандарын модельдеу

Масштабтау

Сапасын жоғалтады

Сапасын жоғалтпайды

Сапасын жоғалтпайды

Реалистік

шынайы

Сұлба түрінде

шынайы

IV.Компьютермен жұмыс

43 сурет салу



V. Жаңа сабақты қорытындылау: «Өзіңді тексер!» тест

1.Қандай кескіндер шынайы? растрлық

2.Қандай кескіндер ұқсас элементтерден тұрады? фракталдық

3.Қандай кескіндер нүстелерден тұрады?растрлық

4.Қандай кескіндер масштабтау кезінде сапасын жоғалтады?растрлық

5.Қандай кескіндерді сақтау кезінде үлкен көлемді файлдар пайда болады? растрлық



6.Фрактал ол бүтінге ұқсас бөлшектерден тұратын кескін

Үйге тапсырма:   Компьютерлік графика тақырыбын оқу.    Сөзжұмбақ құрастырып келу.

Бағалау парағы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет