ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
"Сұрақтар алаңы" әдісі
«Kahoot» Quiz программасы арқылы тексеріледі...
Архив дегеніміз не?
Архивтеу дегеніміз не?
Архивтеу және архивтен шығару дегеніміз не?
Архивтеу түрлері?
WINRAR пен WINZIP айырмашылықтары?
Жаңа архивтеуді құру үшін...
Қазіргі кезде мәліметтерді сығуда қандай жағдайлары қарастырылған?
Дескриптор:
Архив және архивтеуді біледі
Архивтеу және архивтен шығару жолдарын айта алады
Жаңа архивтеуді құру жолдарын айта алады.
ҚБ: «Бағдаршам» өзін-өзі бағалау
Әр оқушы сабақты түсіну деңгейіне қарай бағдаршам түстерін көтереді. «Қызыл»-қиналамын, «сары»-әлі де қосымша ақпарат керек, «жасыл»- бәрі де түсінікті болды.
ІІІ. Қызығушылығын ояту, мақсат қою
"5 сұрақ" әдісі
(5 сұрақ әдісі арқылы қызығушылықтарын оятамын. Тақтада желі, интернетке байланысты суреттер тұрады.Оқушылар соған қарап, 5 не одан көп сұрақты мұғалімге қояды. Мұғалім тек "иә" немесе "жоқ" деген жауаптарымен шектеледі. Оқушылар осылай жаңа тақырыпты өздері ашады.)
Саралау: «Диалог»
«5 сұрақ» әдісі арқылы тақырыпты ашу үшін оқушылар сыни тұрғыда өздерінің жауаптарын ортаға салып, талқылайды. Оқушылар арасында және мұғалім мен оқушы арасында диалог жүреді. Нәтижесіне қол жеткізеді.
ҚБ: «Ынталандыру сөздері» - мұғалім бағалауы
Бәрекелді!
Жарайсың!
Өте жақсы!
Керемет!
Жақсы жауап бердің, рахмет!
" Компьютерлік желілерді топтастыру" тақырыбын таныстырып, мақсатын оқушылар өздері қояды. Және дәптерлерін ашып, тақырыпты түсіреді.
(бүгінгі сабақта не үйрену керектігін оқушылар өздері мақсат қояды)
|
Тақта, бор, "сабақтың мақсаты" жазылған парақша, интербелсенді тақта, слайд
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |