Сабақтың тақырыбы: «Компьютерлік технология әлемінде»



Дата27.11.2016
өлшемі139,08 Kb.
#2620
түріСабақ
Пәні: Информатика

Пән оқытушысы: Тойшибекова Ұ.Б.

Сабақтың түрі мен формасы: Дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі: Аралас
Сабақтың тақырыбы: «Компьютерлік технология әлемінде» атты

танымдық сайыс
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттердің өтілген тақырып бойынша алған білімдерін тиянақтау, практика жүзінде қолдана білу, оқушылардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру,

информатика пәніне

қызығушылығын арттыру


Дамытушылық: танымдық қызығушылығын, белсенділігін, логикалық ойлау қабілетін дамыту және сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: Студенттерді компьютерлік сауаттылыққа, тазалыққа, жүйелікке, белсенділікке, өз

ойын жеткізе алуға тәрбиелеу




Сабақ көрнекілігі: Компьютер, Windows ОЖ, Microsoft office ортасы, сызба кестелер, интерактивті тақта, слайдтар, сұрақ парақшалары
Пайдаланылаған әдебиеттер: «Информатика негіздері» №1 2012ж

Интернет беттері


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Студенттермен сәлемдесіп, сабақтың мақсатын түсіндіру және студенттерді Delphi және Builder деп екі топқа бөлу.

«Delphi» командасының мүшелері:
«Builder» командасының мүшелері:

II. Сайысты өткізу программасы


  • Әділқазы мүшелері: Математика, информатика, физика және ТОҚ кафедрасының меңгерушісі Мырзақасова Гулия, информатика пәнінің оқытушысы Бекет Сапаркүл, Атабаев Ергеш.

  • Сайысты өткізу

  • Әділқазылар алқасының қорытынды жариялауы


ІІІ. Сайыс жоспары:
1-тур. «Сергіту сәті»
Сергіту кезеңі 2 бөлімнен тұрады. «Блиц-сұрақ» және «Санау жүйесі».

Блиц-сұрақ дегеніміз сұрақты естіген уақытта адамның ойына бірінші қай жауап келеді сол жауапты ойланбастан тез жауап беру керек.

Блиц-сұрақ кезеңі 2 топқа да 15 сұрақтан беріледі, әрбір дұрыс жауапқа 1 баллдан беріледі. Максимальды балл – 15 болады. Назарлы болыңыз, ҚАТЕЛЕСПЕҢІЗ! Кім бірінші бастайтынын жеребе тастау арқылы анықталады.
«Блиц-сұрақ»
«Delphi» командасына арналған сұрақтар:


  1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (Бит)

  2. Ақпараттарды әрдайым сақтау үшін арналған қатқыл диск (Винчестер)

  3. Телефон желісі арқылы басқа компьютермен ақпарат алмасу құрылғысы (Модем)

  4. ЭЕМ екінші кезеңінің элементар базасы (Транзистор)

  5. Файлдарды сығуға арналған программа (Архиватор)

  6. Сәйкес пернелерді басқанда экрандағы белгі (Меңзер немесе курсор)

  7. Сандарды қосу және көбейту үшін механикалық құрылғыны кім ойлап тапты (Готфрид Лейбниц)

  8. Веб-беттерді көруге арналған программа (Браузер)

  9. Компьютердің сыртқы құрылғыларын басқару үшін арналған арнайы программа (Драйвер)

  10. Файл атауынан кейінгі, яғни нүктеден соң файлдың типін білдіретін ... (Кеңейтілімі)

  11. Windows дегенміз (Операциялық жүйе)

  12. Үлкен әріптердің регистрін қосу пернесі (Caps Lock)

  13. Программалау тілінде Sqr (санның квадратын)

  14. Пернетақтаның оң жағындағы сандарды қосу ажырату пернесі (Num Lock)

  15. *. pas файлдар (Паскаль тілінде жазылған программалар)



«Builder» командасына арналған сұрақтар:


  1. 1 байтта неше бит бар (8 бит)

  2. Компьютерді ақпараттарды өңдейтін негізгі микросхема (Процессор)

  3. Ақпаратты визуальды көрсететін құрылғы (Дисплей)

  4. Әріптік,сандық мәліметтерді ДК-ге енгізу үшін арналған стандартты құрылғы (Пернетақта)

  5. Ең алғаш программист әйел (Ада Лавлейс)

  6. Бұл жолдармен бағандарда реттеліп берілген ақпарат ( кесте)

  7. Өшірілген файлдар қайда сақталады ( Себетте-корзина)

  8. Әртүрлі графикалық кескіндерді салуға редакциялауға мүмкіндік беретін стандартты программа (Panit)

  9. Баспа құралы (Принтер)

  10. Компьютердің ішкі жады ( Жедел жад)

  11. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас (Интерфейс)

  12. Linux дегеніміз (Оперциялық жүйе)

  13. Келесі жолға өту пернесі (Enter)

  14. Меңзердің сол жағындағы символды өшіретін перне (BackSpase)

  15. Программалау тілінде Sqrt мәні (Түбір асты)

Сергіту сәтінің 2-кезеңі «Санау жүйесі»



Екі топқада бірдей мәтін берілді. Берілген мәтінде кездесетін сандарды қай санау жүйесінде берілгенін тауып, оның түсіндіру керек және оны ондық санау жүйесіне көшіру қажет. Берілетін уақыт 2 минут, берілетін ұпай саны 5.
Ескі кітаптардың арасынан бір математиктің өмірбаяны табылыпты. Ол келесідей керемет сөздермен бастапты:
«Мен мектепке 11 жасымда бардым. Мектепті 21 жыл оқып, 32 жасымда бітірдім. Университетке 40 жасымда түсіп, 44 жасыда бітірдім. Бір жыл өткен соң, 100 жастағы жас жігіт болып 34 жастағы қызға үйлендім. Екеуміздің жас айырмашылығымыз 11 жыл. Себебі, біздің арманымыз және қызығушылығымыз бір. Бірнеше жыл өткеннен соң 10 балалы кішігірім отбасы болдық».
Дұрыс нұсқасы:
«Мен мектепке 6 жасымда бардым. Мектепті 11 жыл оқып, 17 жасымда бітірдім. Университетке 20 жасымда түсіп, 24 жасыда бітірдім. Бір жыл өткен соң, 25 жастағы жас жігіт болып 19 жастағы қызға үйлендім. Екеуміздің жас айырмашылығымыз 6 жыл. Себебі, біздің арманымыз және қызығушылығымыз бір. Бірнеше жыл өткеннен соң 5 балалы кішігірім отбасы болдық».
Жауабы: 5 санау жүйесінде берілген. 11-6, 21-11, 32-17, 40-20, 44-24, 100-25, 34-19, 11-6, 10-5

2-тур. «Логика әлемінде»
Қатысушыларға шифланған мәтін беріледі, яғни бөтен адамдарға оқуға мүмкіндік бермейтіндей түрлендіру әдісімен ақпаратты қорғау. Осы шифрланған мәтінді Трисемус әдісі бойынша қайта шифрлау қажет. Сіздерге кілттік сөз беріледі, осы кілттік сөздің көмегімен Трисемус кестесін құрастырып берілген мәтінді қайта шифрлаңыз, қайта шифлағаннан соң ұлы тұлғалардың ұлағатты сөздерін, мақал-мәтел немесе компьютерлік программаларлдың атауын оқи аласыздар. Дұрыс қайта шифрлаған командаға 10 ұпай және 4 минут уақыт беріледі.

«Builder» командасы үшін кілттік сөз «МАНИТОР»


М

А

Н

И

Т

О

Р

Ә

Б

В

Г

Ғ

Д

Е

Ё

Ж

З

Й

К

Қ

Л

Ң

Ө

П

С

Ұ

У

Ү

Ф

Х

Һ

Ц

Ч

Ш

Щ

Ъ

Ы

І

Ь

Э

Ю

Я

Чцғбп ждүш – хп шбуағав брәбш, хпйлвнф жбуағав брүбш Ө.Ө. Ешццд



Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау Ж.Ж. Руссо
Бвғгзгешц - Антивирус

Әдқлә – Модем


«Delphi» командасы үшін кілттік сөз «ПЛАНШЕТ»


П

Л

А

Н

Ш

Е

Т

Ә

Б

В

Г

Ғ

Д

Ё

Ж

З

И

Й

К

Қ

М

Ң

О

Ө

Р

С

Ұ

У

Ү

Ф

Х

Һ

Ц

Ч

Щ

Ъ

Ы

І

Ь

Э

Ю

Я

Чцёво ғжсаһёфгд зфбфу ңфблг ърһдёдқф,

Забауқа ңвг ёвц ұвувбқл сърһдёдқа
Ұстаз шәкіртіне білім жолын үйретеді,

Білімді жан тас қамалды күйретеді
Әөсцдбн - Пиксель

Вһіһиёдщ - Архивтеу


3-тур. «Капитандар сайысы»

Берілген кестеден бірнеше компьютерге байланысты сөздерді тауып алыңыз:




Ж

О

М

И

Ю

Н

Й

В

Е

Р

А

Д

Е

К

Д

Р

А

Т

У

Ш

П

Ы

М

Р

О

З

Ң

М

А

Р

Е

Р

Н

Е

С

Х

Е

М

Р

Е

Т

Е

Л

Т

К

Ә

И

А

Г

Т

Н

Ж

І

А

А

Н

Е

Р

О

Н

И

К

С

Қ

П

А

Р

С

Р

И

А

Н

И

Т

О

С

А

Л

П

Ш

М

Ф

Д

А

Р

А

Т

Ф

Л

Е

Жауабы: Жады, Пернетақта, Манитор, Ақпарат, Модем, Интернет, Плата, Программа, Диск, Принтер, Сканер, Драйвер, Желі, Флеш


4-тур. «Ақпарат беру»
Әр топтың мүшелері бір-бірлеп шығып 2 суреттен алып команда мүшелеріне көрсетпей сол сурет жайында ақпарт беру қажет. (1-минут)
5-тур. «Комплимент конкурсы»
Топ мүшелері ақылдаса әділқазы мүшелріне компьютер құрылғысына теңеп комплимент айту қажет. Қай команданың комплименті ең жақсы және сәйкес сол команда 5 ұпайды еншісіне алады.
6-тур. «Программистер»
Екі команда бір-біріне 4 сұрақ қояды. Әрбір сұраққа ойлануға 1 минут уақыт беріледі.
IV. Қорытындылау
Екі команданың ұпай сандарын әділқазылар есептеп, Delphi командасы бірінші орынды иеленді.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: Интернет беттері, Ustaz.kz сайты





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет