Шығарып көр. Оқулықтағы иллюстрацияда берілген текшелерден жасалған фигураларға бір неше текшені қосқаны (белгісіз бөлікті) және жаңа фигураны қалай алғаны нұсқармен көрсетіліп тұр. Белгісіз бөлік, яғни қосылғышты білу керек. Бұл тапсырманы өз бетінше орындауды ұсыныңыз және тексеруді жұппен орындатыңыз.
Жауабы:
а) 4 текше; ә) 9 текше.
Орындап көр. Жұмысты жұппен ұйымдастыры ңыз. Оқушыларға ойын ойнауды ұсыныңыз. Оларға моншақ салынған қорапты ұсыныңыз. Моншақтың саны 20-дан артпауы тиіс. Бірінші ойыншы қорап тағы моншақтарды санайды да, сол санды есінде сақтайды. Содан кейін ол екінші ойыншыға қорапты беріп, ондағы моншақтарды санап, шыққан санды есте сақтауын ескертеді. Осыдан кейін бірінші ойыншы қорапқа тағы бірнеше моншақ салады. Бұл — оның қарсыласы табу үшін жасырылған белгісіз бөлік. Екінші ойыншы моншақтарды қайта санап, “Қанша моншақ қосылды?” деген сұраққа ауызша жауап беруі тиіс. Сонан кейін олар рөлдерімен ауысады. Тапсырманы орындау барысында бүтінді алу үшін белгілі бөлікке қандай да бір санды қосу тәсілін бекітеді.