10класс
Сабақтың тақырыбы: Конденсаторлар және оларды жалғау түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Конденсаторлардың жұмысы құрылысы, туралы ілімді меңгеру.
Дамытушылық мақсаты: Электр өрісін сипаттайтын шамаларды есептеуде білім-білік дағдысының қалыптастыру шараларын ұйымдастыру.
Тәрбиелік мақсаты: жауапкершілікпен ,нәтижеге бағытталған жұмыс жасауға, бір-біріне көмектесуге,тиянақтылыққа баулу.
Сабақтың түрі: білімді жүйелеу сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, салыстыру, топтау, схеманы оқу.
Сабақтың көрнекіліктері: электронды оқулық, презентация, интерактивті тақта
Барысы: 1. Ұйымдастыру. оқушылардың сабаққа даярлығы, кабинеттің тазалығы.
ІІ.Қызығушылығын ояту. « Конденсатор» сөзжұмбақ шешу арқылы тақырыпты ашу.
1.Элементар заряд ( электрон)
2.Бөлінбейтін бөлшек (Атом)
3,Электр өрісін сипаттайтын шама. ( Кернеулік)
4.Күш сызықтары ұғымын енгізген ғалым. ( Фарадей)
5.Дененің электрленгенін анықтайтын құрал. (Электроскоп)
6.Электр өрісінң энергетикалық сипаттамасы (Потенциал)
7.Электр индукциясы құбылысын зерттеген ғалым. (Эпинус)
8.Электрсыйымдылықтың өлшем бірлігі ( Фарад)
9.Заряды жоқ бөлшек ( Нейтрон)
10.Өткізгіштегі заряд тепе-теңдігі орныққан бет (Эквипотенциал бет )
11.Электр тогын өткізбейтін зат ( диэлектрик)
ІІІ. Презентация қорғау 1.«Конденсатор, оның түрлері»2. «Конденсаторлардың қолданылуы»
ІУ. «Кім білгір?» Тақырып бойынша сұрақ-жауап.
1.Өткізгіштің электр сыйымдылығы деп нені түсінеміз?
2.Шардың электр сыйымдылығы заряд мөлшеріне қалай тәуелді?
3.Шарды ауадан суға салғанда, оның электр сыйымдылығы өзгере ме?
4.Конденсатор деген не? Оның түрлерін ата.
5.Конденсатордың электр сыйымдылығы астарларындағы зарядқа, геометриялық өлшеміне, астарлар арасындағы ортаның диэлектрлік өтімділігіне қалай тәуелді?
6. Конденсаторларды тізбектей және параллель қосу белгісін тұжырымдаңдар.
У. «Миға шабуыл» есептер шығару
А-тобы
1.Екі өткізгіштің пішіндері мен шамалары бірдей, біреуі – қуыс,екіншісі тұтас. Егер олардың әрқайсысына бірдей заряд берілсе, олардың потенциалдары өзара тең бола ма?
2. Металл өткізгішті керосинге батырып, оны электрофор машинасымен зарядтаған. Содан кейін оны керосиннен шығарып, оқшаулағыштың көмегімен суға салған. Өткізгіштің электрсыйымдылығы өзгере ме?
3. Зарядталмаған өткізгіштің электрсыйымдылығы бола ма?
Б-тобы
1.161- суретте кескінделген конденсаторлар батареясының электрсыйымдылығын анықтаңдар. Егер С1= 0,1мкФ, С2= 0,4мкФ және С3= 0,52мкФ.
2. 162- суретте көрсетілген конденсаторлар батареясының электрсыйымдылығын анықтаңдар. Егер С1= 2мкФ, С2= 4мкФ және С3= 1мкФ, С4= 2мкФ, С5= 6мкФ.
3. 163- суреттегі сыйымдылықтары С1= 2мкФ, С2= 3мкФ және С3= 4мкФ және С4= 6мкФ болатын төрт конденсатордан тұратын батареяның кернеуі 1000В болғанша зарядтау үшін оған қанша заряд беру керек?
Достарыңызбен бөлісу: |