Сабақтың тақырыбы: Координаталық жазықтық.Координаталары бойынша нүктені салу
Сабақтың мақсаты:1.Тік бұрышты координаталар жүйесін түсіндіре білу;координаталық жазықтықтағы нүктенің координаталарын табу, координаталары бойынша нүктені салу. 2.Координаталық жазықтықтағы нүктенің координаталарын табуды; координаталары бойынша нүктені салуды үйрету. 3.Тік бұрышты координаталар жүйесін дұрыс сыза білуге дағдыландыру;Пәннің нақтылығына көз жеткізу. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі:Сызбалар, плакат, таратпа материалдар. Сабақтың өту әдісі:Түсіндірмелі баяндау, сұрақ-жауап иллюстрациялық Сабақтың түрі:Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы, ашық сабақ.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру: Сызбаларды орындауға қажетті құралдардың толық болуын қадағалау. II.Өткенді қайталау: 1.Қандай түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады? 2.Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады?
III.Жаңа сабақ: Нүктенің координаталық түзудегі орны бір ғана санмен анықталады. Енді нүктенің жазықтықтағы орнын анықтауды үйренеміз. Нүктенің жазықтықтағы орнын анықтау үшін бір-бірімен санақ басы нүктелерінде қиылысатын өзара ⊥ екі координаталық түзуден, тік бұрышты координаталық жүйе құрастырамыз.
D (-3;5) координаталары бойынша нүктені салу үшін: 1.абсциссалар осінен -3 нүктесін тауып,осы нүкте арқылы Ох-ке ⊥ түсіреміз; 2.ординатасы 5 болатын нүктені тауып,осы нүкте арқылы Оу осьіне ⊥ жүргіземіз; 3.түзулердің қиылысу нүктесі – ізделінді нүкте; D (-3;5)