Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық ахуал тудыру. «Неге?» тренингі Оқушылар екі қатарға тұрады да, бір-біріне белгілі бір сөйлем айтады да келесі оқушыға «неге?» деген сұрақ қояды. Ол оқушы ары қарай жауаппен жалғастырады да, «неге?» деген сұрақ қояды. Мысалы, Бүгінгі сабақ ерекше өтеді неге? Келесі оқушы: Өйткені біз сабаққа қызығушылықпен қатысамыз неге? т.с.с. жалғасады.
Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді, түсінбеген сұрақтарын тақтада орындайды.
Мақсаты: оқушыларда сабаққа қызығушылық тудыру, сабақ барысы туралы ой салу, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушы осы сабақта не істейтіні туралы ойланып, назарын жинақтайды.
Төрт ширектің Нүктелер координаталарымен көрсетілген стикерлерді таңдап алады. Нүктелердің координаталары бойынша І ширек, ІІ ширек, ІІІ ширек, ІVширектер бойынша топқа бөлінеді.
Жаңа сабаққа кіріспе 5 мин.
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын топтық талқылау. Оқушыларға сұрақтар беріледі. Топта әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады. Әр топтан бір сұраққа жауап беруді сұрайды.
мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
1. Тікбұрышты координаталар жүйесі қалай құрылады?
2. Координаталық жазықтықтағы нүктенің координаталары қалай аталады?
3. Абсциссалар осіндегі кез келген нүктенің ординатасы неге тең?
4. Координаталар осьтерімен бөлінетін жазықтықтықтың бөлігі қалай аталады?
Саралау:Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.