Сабақтың тақырыбы: Көп тіл білгім келеді 1-сабақ



бет3/5
Дата08.02.2022
өлшемі23,41 Kb.
#121846
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
1-сабақ Көп тіл білгім келеді

Сабақтың ортасы

  • 14 мин.

Жаңа сөздер
Шет тілі – басқа елдің тілі
Мысалы: Айнұр шет тілдерінің ішінен ағылшын тілін жақсы меңгерген.


Тіл үйрену курстары – тіл үйрететін арнайы оқыту курстары
Мысалы: Оқушылар аптасына екі рет сабақтан кейін тіл үйрену курстарына барады.


Тілдік деңгей – тілдегі сөздерді білу, түсіну, қолдану деңгейі
Қазақ тілінде кітап оқу арқылы оқушылар өз тілдік деңгейін көтереді.


Белсенді сөздер – жиі қолданылатын сөздер
Әр тілдің белсенді сөздері бар.


1-тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.


Тіл үйренудің құпиясы
Басқа тілді үйрену үшін, ең алдымен, ана тіліңнің қыр-сырын білуің керек. Өз тіліңді жақсы білсең ғана, басқа тілді үйрене аласың.
Кейбір зерттеушілердің пікірінше, басқа тілде өз ойыңды жеткізу үшін 2 мың белсенді сөзді білген дұрыс. Сонда ғана кітап оқып, емін-еркін ақпарат алуға болады. Ол үшін тіл үйрену курстарына барған дұрыс. Кем дегенде 5 мың сөз игерсең, ақпарат есігі ашылады.
Қазақ тілі – көркем тіл. Ол синоним сөздерге, фразеологизмдерге, мақал-мәтелдерге бай. Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады. Қазақ тілін білген адамға өзбек, түрікмен, ұйғыр тілдерін түсіну оңай.
Орыс тілі славян тілдер тобына жатады. Олай болса, орыс тілін білетін адам украин, белорус, поляк, чех тілдерінің ерекшеліктерін тез меңгереді.
Қытай тілінде 10 мыңдай таңбаны үйренсең, жапон жазуын да тез үйренесің.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет