Сыныбы: 11 Пән аты: қазақ тілі Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Көпшілік алдында сөйлеудің әдістері
Сабақтың мақсаты: а) Көпшілік алдында сөйлеудің әдістері туралы білімін жинақтау, құзыретті тұлға қалыптастыру; ә) оқушының өзіндік іс әрекетін дамыту; б) сөйлеу мәдениетіне, шешендікке баулу, сөздік қорын молайту.
Сабақтың түрі: топтық сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, пікір айту, жаттығулар әдісі, практикалық талдау.
Көрнекілігі: постер, штикер, компьютер, үлестірмелі қағаздар т.б.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті (ауыз әдебиеті), информатика.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру. Сыныпты 2-топқа бөлу
Оқушылар ортаға шығып «Шаттық шеңберін жасайды» шеңбер бойында тұрып бір-біріне тілек тілейді.
Топтың 7- алтын ережесімен таныстырып өту:
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргенім жоқ
Тауып айтсаң – мереке қылады,
Таппай айтсаң –келеке қылады.
Досбол би
Сабағымыздың мақсаты сөйлеу мәдениеті, тіл өнерінің биік шыңы-шешендік өнердің мәні мен адам өміріндегі маңызының әдістерімен таныстырып өту. Осы бағытта толғамды ой, түйінді пікірлермен жұмыс істеуіне мүмкіндік тудыру.
Бағалау парақшасын тарату
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Көпшілік алдында сөйлеу. «ҰБТ қажет пе?»
«Мектеп маңын көгалдандыру»
ІІІ. Жаңа сабақты хабарлау.
2 топқа бірдей тапсырма: Проблемалық тапсырма тақырыбы:
«Көпшілік алдында сөйлеудің әдістері»
«Постер» құрау
Топ-Талдаудың логикалық тәсілдері
Топ-Баяндаудың түсіндіру тәсілдер
М. Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты еңбегінде сөйлеушінің сөздерді байланыстыра отырып, маңызды ой шығаруы үшін үш тәсіл – дедукция, индукция, аналогия керек.
Талдаудың логикалық тәсілдері
|
Баяндаудың түсіндіру тәсілдері
|
Анализ. Зетттеу, талдау арқылы негізгі белгілерін саралау.
|
Дедукция. Жалпыдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке ауысуы
|
Синтез. Пікірлерін біріктіру арқылы негізгі ойының бүтін болмысын таныту.
|
Индукция. Жалқыдан жалпыға, белгіліден белгісізге қарай ой қорыту тәсілі.
|
Салыстыру. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ойша сараптау.
|
Аналогия. Салыстыра отырып, нақты бір затқа тән қасиеттерді ашу.
|
Жинақтау. Қорытындылау, негіздеу, айтылған ойдың бас-аяғын жинап, түйін жасау.
|
Дәлелдеме. Ой өзектілігін нығайтатын қажетті дәлелдемелерді пайдалана білу шешеннің сөз құндылығын арттырады.
|
ІY . Кітаппен жұмыс
1-2-топ-122 жаттығу. Тақырыптан түйген ойларыңды қорытып «Негізгі бөлімде айтылатын сөз қандай болмақ? атты эссе жазыңдар.
Y. Сергіту сәтін өткізу
«12 мүше сөйлейді» деп аталады. Музыка қойылады
1.Баспен 6 санын салу; 2.Құлақпен 5 санын салу;
3.Белмен 2 санын салу; 4.Иекпен 3 санын салу;
5.Қолмен 44 санын салу; 6.Аяқпен 7 санын салу; т.б
YІ. 2 топқа бірдей тапсырма:
Мына тақырыптар бойынша көпшілік алдында сөйлейтін сөзіңнің жоспарын жаса.
І топ. «Мен таңдаған мамандық».
ІІ топ «Мектеп киімі қандай болу керек?»
YІ І.Бағалау
ІХ. Сабақты қорытындылау
Х. Тест жұмысы
ХІ. Үйге тапсырма. 122- жаттығу, тест жұмысы
ХІІ. Рефлексия жүргізу: «Екі жұлдыз, бір тілек»
Оқушылар стикерге өз тілектерін жазып, плакатқа тағады да тақтаның алдына тұрады.
Тексерілді_______________
Сөзді байланыстырудың әдісі (сұрақ-жауап).
Шешеннің субъективтік көзқарасын білдіретін қандай сөз орамдары бар?
Ой желісінің байланысын күшейтетін тәсілдерге қандай тұлғалар жатады?
Шешендік қайталаудың қызметі не? Мысал келтір.
Риторикалық сұрақтардың алатын орны қандай?
Топтық тапсырмалардың орындалуын тексеру. І топ – 212-жаттығу, ІІ топ – 209-жаттығу («бұрыстығын» сөзіне фонетикалық талдау жасау) ІІІ топ 211-жаттығу.
Үй тапсырмасын бекіту. Сөздерді байланыстыру үшін қолданылатын әр түрлі сөз орамдары мен сөз тіркестерінің рөлі ерекше.
Жаттығу тапсырмалар жұмысы
Компьютер
Ақпарат
құралдары
Мұғалім
Оқушы
өз бетімен әрекеттенуші, кеңесші,саралаушы, ізденуші,білім қорын жинаушы ұйымдастырушы,өңдеуші
Бүгінгі сабақтан күтілетін нәтиже үш түрлі құзыреттілік бойынша сараланады.
1. Проблемаларды шешу құзыреттілігі
Өздігінен шешім қабылдайды.
Сөздерді өз мақсатына,мазмұнға сәйкес қолдана алады.
Сөздік қорын өз бетінше толықтырады.
2. Ақпараттық құзыреттілігі
Ақпаратты негізінде көздеген мақсатына сай мәтін құрайды.
Шығармашылық жұмыстарды орындайды.
3. Коммуникативтік құзыреттілігі
Сөз құрылымының барлық бөліктеріне тән дағдыларды меңгереді.
Өз пікірін қорғай алады.
Оқулықпен жұмыс. 214-тапсырма.
215-тапсырма.Деңгейлік тапсырма түрінде орындалады.
Сіздің міндетіңіз – елдің көңіл-күйін көтеру,рухтандыру.
І топ. Мектебінің ашылу салтанаты.
Сөзіңнің құрылымы: қаратпа сөз; құттықтау; бүгінгі жайға сипаттама; жетістіктер,жеңістер,болашақ.
ІІ топ. Ата-анаңның мерейтойы.
Бағалау бөліктері: тақырыбы,мақсаты; эмоциялы сөз; тыңдаушыға рух беру керек; дұрыс жеткізуіңіз.
ІІІ топ. Сурет бойынша тақырыпқа сай жоспар құр.
(«Қазақ солдаты» романы бойынша кейіпкер бейнесін ашу)
№
|
Тақырыбы
Сөйлемдер
|
Субъективті көзқарасын білдіретін сөз орамдары
|
Риторикалық сұрақтар
|
Қорытынды сөз
|
1.
2.
3.
|
Балалық өлді білдің бе?
Жігіттікке келдің бе?
Меніңше, тақырыптан ауытқымай,уақытты тиімді пайдалану қажет.
Ойымды түйіндей келгенде,жаман әдеттерден аулақ болған жөн демекпін.
|
|
|
|
Өзіндік жұмыс.
Мына тақырыптар бойынша көпшілік алдында сөйлейтін сөзіңнің жоспарын жаса.
І топ. Мен таңдаған мамандық.
ІІ топ Мектеп киімі қандай болу керек?
ІІІ топ Ауылым – алтын бесігім.
Сабақты бекіту.
Үлестірме қағаз мынадай үлгіде таратылады.
INSERT әдісі
Білемін
|
Білгеніме сәйкес келмейді
|
Жаңа нәрсе
|
Терең білгім келеді
|
|
|
|
|
Нәтижеге қол жеткізу білім сапасын арттырады.
Үйге тапсырма.
216-тапсырма.
Мына тақырптарда үгіт-насихат сөз жазу.
І топ. «Сыр бойы» газетіне жазылу.
ІІ топ. Мектеп маңын көгалдандыру.
ІІІ топ. 217-тапсырма.
Мәтінді оқу.
Лексикалық,морфологиялық талдау жасау
Бағалау.
Тақырыбы: Негізгі бөлім – ойдың алтын діңгегі
Мақсаты:
Білімділік: негізгі бөлімнің міндеті мен тілдік ерекшеліктері туралы түсінік беру. Басты ұстанымдары, ой-тұжырымдардың логикалық байланысы, материалды түсіндірудің негізгі әдістері жөнінде мәлімет беру.
Дамытушылық: тыңдаушылардың назарын аудару тәсілдері мен сөздің жүйелілігіне кері әсерін тигізетін факторларды есте ұстап, оларды болдырмауды дағдыға айналдыру.
Тәрбиелік: ұлтжандылыққа, әдептілікке баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, мәнерлеп оқу, сауатты жазу.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: сынып оқушыларының сабаққа даярлығын қадағалау, зейінін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:
«Талапкерге тапсырма»
Кестемен жұмыс жасаңдар. Шылау түрлерін жазып, әрқайсысын қатыстыра отырып, жеті сөйлем жазыңдар.
84 – жаттығу. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген тақырыпта «Ал мен бір пікір айтайын ...» деп ой толғап, сөз бастап көріңдер.
Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі:
Негізгі бөлім
Негізгі бөлім – көкейіңдегіні тап басып, тыңдаушы мен сөйлеушінің мақсат пен мүдде биігінен табысуына ықпал ететін алтын көпір.
М. Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты еңбегінде сөйлеушінің сөздерді байланыстыра отырып, маңызды ой шығаруы үшін үш тәсіл – дедукция, индукция, аналогия керек.
Талдаудың логикалық тәсілдері
|
Баяндаудың түсіндіру тәсілдері
|
Анализ. Зетттеу, талдау арқылы негізгі белгілерін саралау.
|
Дедукция. Жалпыдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке ауысуы
|
Синтез. Пікірлерін біріктіру арқылы негізгі ойының бүтін болмысын таныту.
|
Индукция. Жалқыдан жалпыға, белгіліден белгісізге қарай ой қорыту тәсілі.
|
Салыстыру. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ойша сараптау.
|
Аналогия. Салыстыра отырып, нақты бір затқа тән қасиеттерді ашу.
|
Жинақтау. Қорытындылау, негіздеу, айтылған ойдың бас-аяғын жинап, түйін жасау.
|
Дәлелдеме. Ой өзектілігін нығайтатын қажетті дәлелдемелерді пайдалана білу шешеннің сөз құндылығын арттырады.
|
Негізгі ойдың арқауы, маңызды өзегі, тірек болар діңгегі болып табылатын негізгі бөлімді шаршы топқа немесе оқырман қауымға жеткізе білу – тек шешеннің мақсаты үшін ғана емес, жалпы бір елдің, қоғамның белгілі бір саласын дамытуға қосқан үлесі болары сөзсіз.
Жаттығумен жұмыс жасау кезеңі:
85 – жаттығу.
Күләш Ахметованың «Ана тілім» атты өлеін оқып шығып, жұмыс бағдары кестесіне сүйене отырып, «Ақын өлеңінің адам жанына әсері» тақырыбында негізгі ойларыңды ортаға салуға даярланыңдар.
87 – жаттығу. Үш топқа бөлініп, А.Байтұрсынұлының сөздерін талдап, өз түсініктеріңді топта ортаға салып барып, топтан бір оқушы негізгі айтылмақ ойды жеткізу керек.
88 – жаттығғу. «Негізгі айтпақ ойымды тап» атты шығармашылық ойын. Жұптасып бөлініп, қарама-қарсы отырып, әркім өз жұбына өзі дайындап келген тақырыпта сөз бастайды. Ол ойын тарата айтып келе жатқанда, серігі оны тоқтатып, оның не айтпақ екенін табуға тырысады. Таба алса жұбы сөзді тоқтатып, серігіне кезек береді. Егер таба алмаса, онда екеуі бұл мәселенің неге түсініксіз болғанын талдауға тырысуы керек.
Үйге тапсырма беру кезеңі:
«Талапкерге тапсырма» айдарымен берілген тест тапсырмаларына жауап беру.
86 – жаттығу. «Достық сәулесі» тақырыбында шағын пікір жазу.
Сабақты бекіту кезеңі:
1. Негізгі бөлімде қандай мәселені басшылыққа алу керек ?
2. М.Жұмабаев қандай тәсілдерді айтқан ?
3. Талдаудың тәсілдері қандай ?
4. баяндаудың тәсілдері қандай ?
Оқушылардың білімін бағалау кезеңі.
Достарыңызбен бөлісу: |