Сабақтың тақырыбы: Көрмелерді безендіру және көрсету Сабақтың түрі: Машықтану сабағы Уақыты: 90 мин



бет2/14
Дата05.06.2017
өлшемі5,68 Mb.
#17828
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Көрмелерді көрсету

Көрмені көрсетер алдында слайдтар ауысымы қалай жүретінін шешіп алу қажет: өз бетімен, слайдты нұқығанда, қандай да бір нысандарды нұқығанда, дыбыстық сүйемелдеумен бе, жоқ па және т.б.

Слайдтар ауысымы дыбыспен сүйемелдеу үшін Слайдты көрсету мәзірінде Слайдтар өтуі әмірін таңдап, тапсырмаалр аймағында пайда болған Слайдтар ауысуы үстелінде Дыбыс әмірінің қажетті параметрлерін баптау қажет. Осы үстелде сіз сондай ақ жылдамдығын белгілеуіңізге болады.

Шындап келгенде, слайдтағы әрбір нысанды слайдтар ауысуын басқарушы батырмаға айналдыруға болады. Бұл үшін нысанды бөлектеп алып, мәтінмәндәк мәзірді ашып, Әрекеттер баптаулары әмірін таңдап, қажетті пареметрлерді баптау қажет.

Егер сіз ағымдық слайдты көрсеткіңіз келсе, Слайдты көрсету (ағымдық слайдтан) батырмасын басыңыз. Ол кішірейтілген слайд белгішелері бар үстелдің төменгі жағында орналасқан.

Көрсетуді бірінші слайдтан бастау үшін мәзір жолағының Слайдты көрсету –Көрсетуді бастау әмірін таңдау немесе пернесін басу керек.



Слайдтар көрсетілімі режімін жабу үшін, яғни, слайдтарды көрсетуді тоқтату үшін пернесін басуға болады.


Power Point программасында дайындалған презентацияларды шаблон арқылы безендіру

Слайдтарды безендіру үшін арнайы шаблондарды пайдалануға болады. Құрылған бос презентацияны безендіру үшін немесе шаблон арқылықұрылған презентацияның безендірілуін басқа түрге ауыстыру қажет болса, Стандарттар саймандар тақтасындағы Безендіруді қолдану (Применить оформление) батырмасын шертеміз немесе Пішім (Формат) - Безендіруді қолдану командасын орындаймыз. Осы мезетте экранда арнайы бір түстік гаммаға сәйкес келетін, форматталынған мәтін және графикалық элементтерден тұратын бірнеше шаблондар орналасқан Безендіруді қолдану (Применить оформление)сұқбат терезесі ашылады. Сұқбат тезенің оң жақ шетіндегі үлгіден қарап отырып, қажетті шаблонды таңдап алған соң, Қолдану (Применить) батырмасын шертеміз. Автомазмұн шебері көмегімен құрылған презентацияны да осы әрекеттерді орындай отырып,басқа шаблон түріне ауыстыра аламыз.

Power Point программасында шаблондар тізімінен таңдай отырып, безендіру арқылы,презентацияның барлық слайдтарына бірдей түс және фонның түрлерін бере аламыз. Бұл кезде презентацияның барлық слайдтарына сол таңдалған шаблонның безендіру элементтері тағайындалады.
Слайдтарды безендіру элементтері
Әрбір адамның өз қалауы бойнша слайдтардың бір-біріне тәуелсіз мынадай элементтерін тағайындауға болады:


  • Слайд белгіленуі (Разметка слайда). Слайд белгіленуі ретінде слайдқа орналастыратын мәтін,сурет,диаграмма т.б. формасын айтуға болады.

  • Түрлі түстер схемасы (Цветовая схема). Түстердің кең мөлшерлі спектрінен кез келген түсті таңдау мүмкіндігін береді.

  • Фон. Слайдтағы түстер тек біртүсті ғана болуы міндетті емес.Палитрадағы ұқсас түстердің бірінен басқасына біртіндеп ауысуға болады.Сондай-ақ,бір түстің өзін вариациялық түрде қанықтыра отырып,түстің әр түрлі өрнектерін шығаруға болады.

Слайдтың осы элементтері,яғни слайд белгіленуі,түрлі түстер схемасы,фонды үйлесімді түрде өзгерте отырып,өз шаблонымызды құруға болады.
Слайд белгіленуі
Слайд белгіленуін (Разметка слайда), яғни мәтін, сурет, диаграмма элементтерінің слайдта орналасу схемасын презентацияның әрбір слайдына өз қалауымызша таңдау мүмкіндігі бар. Слайд белгіленуін тек презентация құрылатын кезде ғана емес,онымен жұмыс істеп отырып,кез келген уақытта өзгертуге болады.

Слайд белгіленуін тек бір слайд үшін таңдау қажет болса,слайд режимінде Формат-Слайд белгіленуі (Формат-Разметка слайда) командасын орындаймыз. Ал, бірнеше слайдтың белгіленуін өзгерту үшін, осы команданы слайдтарды белгілеп алған соң орындаймыз. Бірнеше слайдтар сұрыптау (сортировка слайда) режиміне ауысып, біреуі белгіленген соң, келесісінде тышқанды шерту кезінде пернесін басып тұру арқылы белгіленеді.



Түрлі түстер схемасы
Түрлі түстер схемасы әрбір шаблон компоненттерінің бірі болып табылады. Ол презентацияның әртүрлі элементтерін безендіруге арналған реттелген сегіз түрлі түстер тізбегінен құралған. Түрлі түстер схемасында слайдтардың фоны бірінші орында тұрады, қалған жеті түс фонның үстіне орналасатын мәтін,диаграмма және басқа объектілерді безендіруге арналған. Формат-Түрлі түстер схемасы (Формат-Цветовая схема) командасын орындағанда ашылған сұқбат терезенің Стандартты (Стандартная) ішкі бетінде схеманың қажеттісін таңдау мүмкіндігі бар. Ал, Арнайы(Специальная) ішкі бетінде түрлі түстер схемасындағы түстерді өзгертуге болады.
Осы сегіз түрлі безендіру элементтерінің(1-кесте)кез келгенін өзгерту үшін, Арнайы (Специальная) ішкі бетінде қажеттісін таңдап алған соң, Түсті өзгерту (Изменить цвет) батырмасын шертеміз. Келесі ашылған сұқбат терезеде алтыбұрышты түрлі түстен және спектрден өзімізге ұнаған түсті таңдаймыз.


Түс өрісі (цветовое поле)

Сипаттама

1.Фон

Слайд фоны ретінде қолданатын түс

2.Мәтін және сызықтар

(текст и линии)



Жазба (Надпись) ішінде орналасқан таңбаланған тізімдегі немесе мәтіндік блоктағы мәтіннің түсі. Осы түс Сызық (Линия) және Бағыттауыш (Стрелка) аспаптарының көмегімен құрылған сызық , бағыттауыштарға автофигуралар және сурет салу аспаптары көмегімен салынған басқа да объектілерге қатысты болады.

3.Көлеңкелер(Тени)

Көлеңке (Тень) батырмасы көмегімен құрылған көлеңкелердің түсі.

4.Тақырып (Заголовок)

Слайдтағы тақырыптар мен тақырыпшылардың түсі .

5.Акцент

Диаграммалар бірнеше тармақты диаграммалар (оргдиаграммы) және басқа ендірілген объектілерде екінші түс ретінде қолданылатын түс.

6.Құю (Заливка)

Автофигуралар және сурет салу саймандарының көмегімен құрылған объектілерді құю түсі. Осы түс диаграммаларды бірінші ретті мәліметтерге қатысты болады.

7.Гиперсілтемелі акцент

Диаграммалар бірнеше тармақты диаграммалар (оргдиаграммы) және басқа ендірілген объектілерде үшінші түс ретінде қолданылатын түс.Осы түс гиперсілтемені шақыратын объектілерге де қатысты болады (басқы слайдтағы презентацияға және WEB-парақтарға көшуді көрсететін объектілер).

8.Гиперсілтемемен жалғасатын

акцент (Акцент с последующей

гиперссылкой)


Диграммалар, бірнеше тармақты диаграммалар және басқа ендірілген объектілерде төртінші түс ретінде қолданылады. Бұл түс екпінді болыптұрған гиперсілтемелік объектілерге қатысты.


Фондық түстерді өзгерту
Фонды таңдау үшін слайдтар режимінде Формат-Фон командасын орындаймыз. Тізімді ашу батырмасында тышқанды шертсек, фон түстері көрінеді. Таңдалған фондық түсті үлгіден көре отырып, тағайындай аламыз.

Таңдау батырмасын шерткенде небары 8 түс көрінеді. Бұл түстер бірін-бірі толықтырады және көп жағдайларда слайдты безендіруге жеткілікті болады. Бірақ,бұдан да басқа түстерді пайдалану мүмкіндіктері бар. Ол үшін осы тізімнен Қосымша түстер (Дополнительные цвета) өрісін таңдаймыз. Бұл кезде қосымша сұқбат терезе ашылады. Кәдімгі (Обычные), Спектр деген екі ішкі беттен тұратын бұл сұқбат терезеде кәдімгі немесе спектрден түсті таңдай отырып, жаңа түс дайындауға болады. Өзіміз дайындаған түс пен бұрынғы түсті жаңа (новый), алдыңғы (текущий) өрісте салыстыра аламыз. Фондық түс таңдалған соң Қолдану (Применить) батырмасын шертсек осы фон тек жұмыс жасап отырған бір ғана слайдқа беріледі. Фондық түсті барлық слайдтарға беру үшін Барлығына қолдану (Применить ко всем) батырмасын шертеміз.


Құю тәсілдерін таңдау
Слайдтың бір бөлігінен екінші бөлігіне қарай түстің қанықтылығын өзгертуге және өрнек немесе текстура түрінде түстерді әртүрлі етіп дайындауға болады. Түс қанығуы өзгерісінің арнайы градиентті құю деп аталып түрін қолдана отырып, өте әдемі дизайндарды дайындауға болады. Құю тәсілдерін таңдау үшін Формат-Фон командасын орындағанда ашылған сұқбат терезедегі таңдау батырмасын шерткенде ашылған тізімнен Құю тәсілдері (Способы заливки) командасын орындаймыз. Осы мезетте Құю (Заливка) сұқбат терезесі ашылады.

Градиентті ішкі бетінде кез-келген түстің бірін және оған сәйкес штрихтеу типі мен вариантын таңдап, қажетті эффектіні дайындаймыз. Жарайды (ОК) батырмасын,одан кейін Қолдану немесе Бәріне қолдану батырмасын шертеміз.

Текстура және Өрнек (Узор) ішкі беттерінде слайдтағы фонның түрлерін әртүрлі етіп өзгерту мүмкіндіктері бар. Ал, фонға сурет қосу қажет болса, Сурет (Рисунок) ішкі бетінде Сурет батырмасын шерткен соң,тиісті форматта сурет жазылған файлдың сақталған орнын көрсету қажет.

Жеке слайдтарды безендіру

Жеке слайдтарды безендіру үшін,алдымен безендірілетін бір немесе бірнеше слайдты көрсету қажет. Ол үшін слайдтарды сұрыптау режиміне көшеміз. Қажетті слайдтта тышқанды шертеміз. Егер бір мезгілде бірнеше слайдты безендіру үшін тышқанды шерту кезінде Shift пернесін басулы күйінде ұстап тұрамыз. Белгіленген слайдтар қалың жақтаумен қоршалады. Слайдтарды белгіленген соң, тиісті безендіру әрекеттерін орындаймыз.


Фон үлгісін алып тастау
Кейбір жағдайларда слайдтың фоны өзіне үйлесімсіз болады. Мысалы сыртқы беттегі өте әдәмі суреттер тағы да басқа безендірулер, басқа слайдтарда оғаш көрінуі мүмкін. Мұндай жағдайларда слайд фонындағы құрылымдық элементтерді өшіру немесе алып тастау қажет. Ол үшін, Формат-Фон командасын орындап, ашылған сұқбат терезеде Фон үлгісін алып тастау (Исключить фон образца) өрісінің белгісін көрсетіп қою керек (фонның құрылымдық элементтерін қайта қалпына келтіру үшін осы белгіні алып тастаймыз). Слайдқа енгізілген сурет слайдтың фонымен үйлесімсіз болған жағдайда,суреттің түсін өзгертуге болады. Суретті белгілеп тышқанның оң жақ батырмасын шерткенде ашылған жанама менюден Бейнені баптау тақтасын көрсету (Отобразить панель настройки изображения)командасын орындаймыз. Осы тақтадағы Суретті қайта бояу (Перекрасить рисунок) батырмасын шертеміз немесе суреттің жанама менюінен Суреттің форматы (Формат рисунка) командасын орындағанда ашылған сұқбат терезенің Сурет (Рисунок) ішкі бетінде Қайта бояу (Перекрасить) батырмасын шертеміз. Ашылған терезеде кез келген түсті таңдап,суреттің және құю түсін өзгертуге болады.

Презентацияда бір слайдтан келесі слайдқа ауысу тәсілдері

Презентацияны құрайтын слайдтардың барлығы бір жүйеге келтірілуі және анық бір матермалды тізбекті түрде бейнелеу мәселесін шешуі қажет. Презентация арқылы берілетін ақпарат аудиторияда мағыналы қабылдануы үшін, слайдтар бірінен кейін бірі алдынғысын толықтырып отыруы керек. Power Point бағдарламасында презентация слайдының бірінен келесісіне өтудің бірнеше тәсілдері қарастырылған. Слайд фондарын таңдау сияқты , презентацияның тақырыбына байланысты слайдтан слайдқа өту түрін де таңдауға болады. Слайдтардың бірінен келесісіне ауысыдың әрқайсысы бірнеше варианттан тұратын оннан аса түрі бар.



  • Жалюзи. Жалюзи жаңа слайд толық көрінгенше біртіндеп ашылады. Терезеге орнататын жалюзилер сияқты горизонталь және вертикаль түрлері болады. Бір жарнаманы екіншісімен динамикалық түрде ауыстыруға арналған жарнамалық слайдтарда қолдануға өте тиімді.

  • Тіктөртбұрыш. Тіктөртбұрыш слайдтың дәл центріндегі нүктеге дейін үлкейеді.

  • Дойбылар (Шашки). Кішкене квадратшалар слайдты тұтас алды да, жан- жаққа немесе төмен қарай үлкейді.

  • Ағын (Наплыв). Жаңа слайд жоғарыдан, төменнен, кез келген жақтан немесе кез келген бұрыштан пайда болады да, бірте-бірте алдынғы слайдты жауып қалады.

  • Жарып шығу (Прорезание). Көшу әрекеті тез болатыны соншалық, басқа ауысулардағыдай өту әрекеті байқалмай қалады.

  • Еру (Растворение). Жаңа слайдты құрайтын кішкене нүктелер бірте-бірте үлкейіп алдыңғы слайдты жауып кетеді.

  • Қара түс арқылы гүлдену (Выцветание через черное). Біртіндеп жоғалу және пайда болу әрекеті жүзеге асады. Жаңа слайд қара фоннан пайда болады.

  • Кездейсоқ жолақтар (Случайные полосы). Қалың және жіңішке (вертикаль немесе горизонталь) сызықтар пайда болады да, біртіндеп жаңа слайдқа айналады.

  • Панорама. Слайд бетінде вертикаль немесе горизонталь орналасқан перде сияқты көрінеді.

  • Бұрыштар (Уголки). Жаңа слайд алдынғы слайдты диагональ бойынша тісті қиықпен жаба отырып пайда болады.

  • Ашылу (Открывание). Жаңа слайд бірден тұтас экранды алып тұратын енгізуден бұның айырмашылығы, жаңа бейне экраны сегіз бағыттың кез келгенінде біртіндеп ашылады.

  • Пайда болу (Появление). Бұрынғы слайдты жаба отырып, жаңа слайд баяу пайда болады.

  • Кездейсоқ ауысу (Случайный переход). Жеке слайдтардың арасындағы ауысылар әртүрлі және әрбір жаңа слайдта кездойсоқ түрде өзгереді.

  • Ауысу жоқ (Нет перехода). Келесі слацдқа өту кезінде ешқандай эффект болмайды.

Слайдтарға осы ауысулардың бірін қолдану үшін слайдтарды сұрыптау режиміне көшу керек. Кез келген слайдты белгілеген соң,оның жанама менюінен,яғни тышқанның оң батырмасын шерткенде ашылған менюден Слайд ауысуы(Переход слайда) командасын орындаймыз.Осы кезде Слайд ауысуы сұқбат терезесі ашылады.

Эффектілердің тұсындағы батырманы шертіп. Жоғарыда айтылған эффекттілердің бірін таңдаймыз. Жай (медленно), орташа (среднее), тез (быстро) жылдамдықта ауысу өрісінің бірін көрсетеміз. Сондай-ақ, ауысу тышқанды шерткен кезде немесе автоматты түрде орындалатындай етіп, тиісті өрістің қанат белгісін көрсетеміз. Дыбыс қосу батырмасын шертіп, ауысу кезінде дыбыс шығару мүмкіндігі де бар. Осы көрсетілген эффектілерді алдын-ала қарау үшін, Эффект аймағында тышқанды шерту жеткілікті.



Презентациядағы слайдтардың бірдей ауысуы

Презентациядағы слайдтардың ауысудың барлық сладтарға бірдей ортақ тәсілін көрсету үшін мына әрекеттерді орындаймыз:



  1. Слайдтарды сұрыптау режиміне көшеміз де Түзету-Барлығын белгілеу (Правка-

Выделить все) меню командасын орындаймыз. Барлық слайдтардың жақтаулары қалың болып көрінуі тиіс.

2. Кез келген слайдтың бірінде тышқанның оң батырмасын шертеміз де, жанама менюдегі Слайд ауысу (Переход слайда) командасын орындаймыз. Слайд ауысуы сұқбат терезесі ашылады.

3. Қажетті ауысу эффектілер таңдаған соң, Қолдану (Применить) батырмасын шертеміз.

Ауысу эффектілері тағайындалған соң, слайд режимінде әрбір слайдтың төменгі жағында кішкене шарт белгілер көрініп тұрады. Яғни, бұл шарт белгілер слайдқа ауысу эффектілері тағайындалғанын білдіреді.

Слайдтың пайда болуын автоматтындыру үшін, Слайд ауысуы сұқбат терезесіндегі Автоматты түрде өрісіңің қанат белгісін және уақытын секунд өлшемімен көрсетеміз. Осы әрекет орындалып, Слайдты көрсету ( Показ слайда ) режиміне көшсек, экранға слайдтың элементтері белгіленген уақыттан кейін автоматты түрде шығатын болады. Слайдтың ауысуы қандай түрде болатын көру үшін,оның төменгі жағында орналасқан шарт белгіде тышқанды шерту қажет.

Презентацияны көрсету барысында оған аудитория назарын аударту үшін, слайдтың бір бөлігін ғана көрсете отырып, негізгі баяндаманың немесе ақпараттың ішкі мазмұнын біртіндеп ашу керек.

Тұтас презентация үшін ең алдымен слайдтан слайдқа ауысудың ортақ тәсілін тағайындау қажет. Одан кеін ғана жеке слайдтардың ауысу тәсілін өзгертуге болады. Слайдтарды сұрыптау режимінде, ауысу тәсілін өзгертетін слайдта тышқанды шертеміз. Ал бірнеше слайдтың ауысуы бір мезгілде өзгерту қажет болса,тышқанды шерту кезінде Shift пернесін басулыкүйінде ұстап тұрамыз. Жанама менюдегі Слайд ауысуы (Переход слайда) командасын орындып, ашылған сұқбат терезеде қажетті ауысу эффектілер тағайындаймыз. Бір презентацияда әр түрлі ауысу тәсілдерін көп қолдана бермеген жөн.
Құрамдас мәтін анимациясын таңдау
Power Point бағдарламасында екпінді слайдқа мәтінді біртіндеп енгізу үшін, құрамдас мәтін анимациясы (встроенная анимация текста) қолданылады. Осы эффектілер қолданылған соң, слайдты көрсету процесінде, тышқанды шерткен сайын слайдтың әрбір элементі немесе мәтіннің таңдалған эффетілермен пайда болады

Power Point бағдарламасында слайд жасаудың бірнеше варианттары қарастырылған. Мысалы, слайдттың форматталған бөліктері, әр бағыттан “ұшып” келеді т.с.с.

Слайд жасауда құрамдас мәтін анимациясының варианттарын таңдау үшін, Слайдты көрсету-Құрамдас анимация ( Показ слайда –Встроенная анимация) командасын орындағанда шығатын тізімнен қажетті эффектінің бірін таңдаймыз. Слайдтарды сұрыптау режимінде осы тағайындалған эффектілерді тек алдын ала қарай аламыз. Ал, эффектіні толық көру үшін Слайдты көрсету (Показ слайда) режиміне көшеміз. Осы мезетте тышқанның сол жақ батырмасын шерткен сайын мәтін элементтері таңдалған эффектімен пайда болады. Слайдтты көрсету режимінен аяқталмай тұрып шығу үшін, ESC батырмасын шертеміз.

Слайдта қарастырылған бөлімдерді ерекшелеп көрсету
Таңбаланған (маркерленген) тізімнен тұратын слайдтардан құралған презентацияны көрсету кезінде оның әрбір бөліміне тоқталу қажет болсын. Яғни, аудиториядағы адамдар презентацияның бір бөлімін қарастырған мезгілде , оның алдындағы және соңындағы бөлімдеріне көңіл аудармайтындай етіп жасайық. Бұны тізім элементтері біртіндеп аашылып, көрсетілген мәтін өшіріліп қалатындай эффект жасау арқылы жүзеге асыруға болады. Мұндай эффектіні тағайындау үшін:

1.Слайдтар режиміне көшеміз де, слайдтағы тізімді белгілейміз.



  1. Белгіленген аймақта тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, жанама менюден Анимация қосу (Настройка анимации) командасын таңдаймыз.

  2. Ашылған сұқбат терезенің Эффектілер ішкі бетінде , тізім бөлемдерінің көріну эффектің таңдаймыз.Мысалы, Төменнен ұшып келу (Вылет снизу) эффектін таңдайық.

  3. Анамациядан кейін (После анимации) тізімінен Шертумен бірге жасыру (Спрятать по щелчку) бөлімін таңдаймыз да, ОК батырмасын шертеміз.


Мәтінді безендіру
Әртүрлі қаріп түрлерін, түстерді, бояуларды бір-біріне үйлесімді түрде қолдана отырып, презентация мәтінін безендіру мүмкідігі бар. Бұл кезде әр слайдтағы мәтіндер де бір-бірімен үйлесуі керек.

Форматтау әрекетін мәтінің белгіленген кез келген элементіне қолдануға болады. Мысалы, әрбір әріпке, сөзге, абзацқа т.с.с. Қажетті мәтін элементін белгілеген соң, Формат-Қаріп (Формат –Шрифт) командасын орындаймыз да, ашылған сұқбат терезеде қажетті форматтау мүмкіндіктерін қолданамыз. Презентация безендірілген соң, ұнамаған жағдайда, Түр- Үлгі- Слайдтар үлгіс і (Вид- Образец- Образец слайда) командасын орындап, оның түрін өзгерту мүмкіндігі бар.


/Электронды оқу құралын және арнайы дайындалған слайдты интерактивті тақтада ашып көрсете отырып студенттерге түсіндіру/.
5 Тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы студенттердің өзіндік жұмысы (45мин )
Студенттердің компьютерде орындайтын тапсырмалары:
1-тапсырма. «СПИД ғасыр дерті» тақырыбында презентация дайындаймыз. Бірінші слайдқа «СПИД ғасыр дерті» тақырыбын Wordart нысаны арқылы жазыңыз.

2-тапсырма. 1-ші слайдтың фонына «Менің құжаттарым» белгішесінен «СПИД» қалтасынан қажетті «Доктор» деген атпен сақталған суретті қойыңыз.



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет