1-топқа: 1. Жақша алдында «-» таңбасы болса, жақша қалай ашылады?
(кері таңбаға өзгереді)
2. Көбейтіндісі 1 - ге тең сандар. (кері сан)
3. Рационал сандар жиыны қандай сан жиындарын қамтиды? (Бүтін сандар, оң және теріс бөлшектер)
4. Жұп функцияның графигі қай оське симметриялы болады? (ордината осьіне)
5. Сан аралықтарының неше түрі бар? Оларды атаңдар. ( 5 түрі, Кесінді, интервал, жартылай интервал, сәуле, ашық сәуле)
6. Бұрышты қақ бөлетін сәуле? (биссектриса)
7. Нөлден кіші сандар? (теріс сандар)
8. 2 - нің 11 дәрежесі қаншаға тең? (2048)
9. Тік бұрыштан үлкен, жазыңқы бұрыштан кіші бұрыш (доғал)
10. Әріпті өрнек дегеніміз не? (құрамында әріпі бар өрнек)
2 -топқа: 1. Нөлдік вектордың ұзындығы неге тең? (нөлге)
2. Үшбұрыштардың неше ұқсастық белгісі бар? ( 3 )
3. Үшбұрыштың төбесі мен қарсы жатқан қабырғасының ортасын қосатын кесінді (медиана)
4. Геометрияның кеңістікті зерттейтін бөлімі (стереометрия)
5. Квадрат теңдеулердің түбірлерін табу үшін қандай формула қолданылады? (дискриминант)
6. Шектеусіз көп қайталанатын бір цифр немесе цифрлар тобы қалай аталады? (период)
7. Жай сан дегеніміз не? (бірге және өзіне ғана бөлінетін сандар)
8. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы неге тең? ( өзімен сыбайлас емес ішкі бұрыштардың қосындысына)
9. Кері пропорционалдықтың графигі ( гипербола)
10. Қандай сандар 5 – ке бөлінеді? (0 және 5 цифрына аяқталатын натурал сандар)
3-топқа: 1. функциясының графигі? (шеңбер)
2. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу (жанама)
3. Сағаттың ¼ -і неше минутқа тең? (15 минут)
4. Гипотенузаның квадраты катеттерінің квадратының қосындысына тең. Қандай үшбұрыш туралы айтылып тұр? (тікбұрышты үшбұрыш)
5. Үшбұрыштың 9 элементі (3 төбесі, 3 бұрышы, 3 қабырғасы)
6. Іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы. (косинус)
7. Ең үлкен хорда (диаметр)
8. Қандай санның бір ғана квадрат түбірі бар? (нөл)
9. Жұп тригонометриялық функция (косинус)
10. Айырмашылығы тек таңбаларында ғана болатын сандар? (қарама-қарсы сандар)