Сабақтың тақырыбы: «Көшпенділер»



Дата04.11.2016
өлшемі46,45 Kb.
түріСабақ
Сабақ жоспары

Пәні: қазақ әдебиеті Күні:

Сынып: 9

Сабақтың тақырыбы: «Көшпенділер» трилогиясынан үзінді

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: І. Есенберлиннің  өмірі мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат беру, трилогияның мазмұны мен кейіпкерлерімен таныстыру. ХV-ХІХ ғасырлардағы қазақ халқының тарихи шежіресін түсіндіру. 
Дамытушылық: Әдеби теориялық білімдерін арттыру, өз пікірлерін айтуға дағдыландыру. Ойлау, жүйелі салыстыру қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Тарихи көркем шығармадағы ұлттық рухты негіздеп, ұлттық сананы қалыптастыру, адамгершілікке. адамдық сүйіспеншілік өсиеттерге баулу, азаматтық, гуманистік қасиеттерді дарыту, еліне, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау, пікір - талас, іздендіру

Сабақтың көрнекілігі: І.Есенберлиннің портреті, шығармалар жинағы, үлестірмелі карточкалар

Пәнаралық байланыс:  тарих, мәдениеттану, қазақ тілі
Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру: 

- Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету

(сыныпты сабаққа әзірлеу);

- Сәлемдесу,түгендеу,сынып тазалығына көңіл бөлу;

- Оқушыларды қарым-қатынасқа психологиялық дайындау;

- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

- Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру;

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

- Үй тапсырмасының орындалу деңгейі мен сапасын тексеру;

- Кемшіліктер мен қателіктерді анықтау;

- Қатемен жұмыс;

Тест алу, жаттау сұрау.

3. Өткен сабақпен жаңа сабақты сабақтастыру:

- Өткен сабаққа шолу

- Өткен тақырыппен жаңа тақырыпты байланыстыру

- Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту: Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын оқыту.



4. Жаңа сабақты түсіндіру:

Міндеттері: Жаңа сөздерді, жаңа материалды таныстыру, меңгерту.

Тарихи оқиғалардың трилогияда бейнеленуі


1) “Алмас қылыш”  романында  ХV –ХVІ ғасырларда Қазақ хандығының құрылуы Әбілқайыр, Жәнібек, Керей хандардың тақ үшін таласы, қазақ руларының бірлесу идеясының басым суреттелуі;

2)  “Жанталас” романында  ХVІІ –ХVІІІ ғасырларды Қазақстанның шетел басқыншыларымен күрес және Әбілқайыр ханның Қазақстанның Батыс бөлігімен Ресей патшалығы қол астына кіруі. Қалмақ хандығының қазақ еліне опасыздық шапқыншылығы,Алакөл маңайында, Ордабасы өңірінде болған қырғын ұрыстар, Ресей патшалығының қол астына кірген Әбілқайырдың түпкі армандарының жеке басындағы түңіліс суреттері;

3) “Қаһар” романында ХVІІІ ғасырда Абылай хан бастаған қазақ халқының қалмақ басқыншыларын біржолата талқан етуі. Абылайдың қазақ елін дербес Қазақ хандығына біріктіру әрекеттері. Абылай хан мен оның батырларының ел тәуелсіздігі үшін күрестегі ерлік , даналық істері. 
Абылай ханның қазақ елін біріктіру жолындағы жанталас күйзелістері;

«Алмас қылыш» бөлімінде басты кейіпкер Әбілқайыр ,Жәнібек, Керейлер.

Кейіпкерлерін талдау

Әбілқайыр


Айлакер, ақылды, айбарлы ел басшысы    өз мақсаты жолында ешбір арамдық, азғындықтан тайынбайтын мейірімсіз, қанды қол

Романнан үзінділер оқып танысу.


1. Шыңғысханның балаларына өсиеті
2.Абылай мен Бұқар жырау
4. Уали сұлтанның баласы Абылай
3. Батыр Баян мен Ноян
4.  Абылайдың ақ бурасы
5. Абылайдың түсі
6. Абылайдың өлер алдындағы өкініші 
7. Абылай хан мен сұрша қыз хикаясы
5. Жаңа материалды меңгеру дәрежесін тексеру кезеңі:

Міндеті: Жаңа материалды оқушының қаншалықты меңгергенін тексеру.

1.    І.Есенберлиннің шығармашылық жолы қалай басталды?


2.    Жазушының қандай кітаптары бар?
3.    «Көшпенділер» трилогиясының идеялық мазмұны, үш кітапта суреттелген кесек кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен көздеген мақсаттары
4.    Қай шығармасы үшін жазушы Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты алды?

6. Жаңа материалды бекіту кезеңі:

Міндеті: Жаңа материалды ауызекі және жазба тілде қолдана алу біліктілігін қалыптастыру.

Ілияс Есенберлиннің 1956 жылы орыс тілінде жазылған «Песня о человеке» романы 1958 жылы қытай тіліне, «Ғашықтар» романы өзбек тіліне аударылды. Көптеген шығармаларды орыс тіліне аударылды.


«Көшпенділер»- тарихи роман
Тарихи роман дегеніміз не?
Тарихи романдар деп өткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып, оларды көркем түрде баяндайтын романдарды айтады.
Ілияс Есенберлин өзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің ХV - ХІХ ғ. Тәуелсіздік үшін табанды күрестерін көркем суреттейді. Осы жолдардағы қиындықтарды, ішкі қайшылықтарды, адам қатынастарын, олардың әрекеті мен мінез - құлықтарын, сырт жаулармен шайқаста шыныққан бірлікті, дәстүрді, салт - сананы көрсетеді. Тарихи жазба деректерге, шежіре мағлұматтарына, аңыз әңгімелеуге сүйене отырып, қазақ халқының тарихының аса маңызды тұстарын ашып, көптеген тарихи қайраткерлердің көркем тұлғасын жасады.
«Көшпенділер» трилогиясы үш романнан тұрады
7. Жаңа сабақты қорытындылау:

Міндеті: Сабақтың тәрбиелік мақсатын ашу; жаңа материал бойынша ойын қорытып айта алуға дағдыландыру.

8. Үй тапсырмасы:

Міндеттері: оқушыларға үй тапсырмасының мақсатын, мазмұнын, орындау тәсілдерін түсіндіру.

Ілияс Есенберлиннің өмірбаяны мен шығармашылығын оқу. «Көшпенділер» трилогиясын мазмұндау.

9. Сабақты бағалау кезеңі:

Міндеті: өзара бақылау, жеке оқушының және сыныптың жұмысы мен қабілеттілігіне сапалы баға беру (ынталандыру, мадақтау, ескерту).

10. Рефлексия кезеңі: оқушының көңіл-күйін, іс-әрекетін,оқушылар мен мұғалімнің өзара рефлексиясына жағдай жасау.
Каталог: uploads -> doc -> 028f
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
028f -> Сабақтың технологиялық картасы І блок «Мақсаттылық»
028f -> Сабақ Сабақ уақыты: Тарау: yi тарау. Жалпақ құрттар типі (3сағат)
028f -> Сабақ реті: Тарау: VI тақырып Маңызды s- элементтердің жалпы қасиеттері


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу