Ортасы 15 минут
|
Білу және түсіну 7 минут
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Топтарға тапсырма:
Киіз үй – «Атамыз – Алаш, керегеміз – ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз айтып қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы. Киіз үй – тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ-мекені. Солай бола тұрса да, оны қастерлеп ұстап, ғасырдан ғасырға оның мән-маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екенін әрдайым мақтанышпен айтамыз.
Шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен-жайы, еншісі, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланды. Әрине, киіз үйді әркім біледі, бағалайды. Шынында да, арғы-бергі тарихымыз бен мәдениетімізді зерделей қарасақ, киіз үйіміздің атқарған қызметі мен рөлі өте зор екеніне көз жеткіземіз. Оған қарап отырсақ, бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы ата-бабаларымыздың ақыл-ойы, тұрмыс мәдениеті, талғамы еш халықтан кем емес екен. Ғұламалар айтып кеткендей, осы киіз үйден қазақ халқының аспан әлеміне, есептеу жүйесіне, экономикалық біліктігі, мәдениет пен өнердегі талғамы – жалпы өмір тәжірибесіндегі іске бейімділігі аңғарылады. Ал XII-XIII ғасырлардағы мемлекеттердің Алтын орда, Ақ орда, Көк орда деп аталуының өзі осы киіз үйге байланысты екенін Ш.Уәлиханов айтқан.
Тағы бір ерекше айта кетерлік жай: біздің киіз үйіміз тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды десек те болады. Басқа елдердегідей емес, бұл ағаш, киіз, ши, ішінара күмістен құрастырылады, әрі көшпелі (жылжымалы) құрылыс түріне жатады. Дала тұрғындарының тапқырлық шешімін осы тұрғыдан қарап бағалаған әлем ғылымы, мәдениеті мен өнерінің білімпаз сарапшылары дүниежүзілік, халықаралық этнографиялық көрмелерде қазақтың осы өнеріне әрқашан жоғары баға беріп отырған. Мысалы, 1861 жылы Алмас деген кісі Париждегі Дүниежүзілік этнографиялық көрмеге киіз үй апарып, еуропалықтарды таң қалдырып, бәйге алған. 1876 жылы Мейрам қажы Жанайдарұлы Петербургке, 1890 жылы Ибраим Әділов Қазандағы көрмеге кміз үй апарып, қазақ мәдениетін Еуропаға паш еткен. 1827 жылы Бөкей ордасының ханы Жәңгір Ресей патшасы I Николайға киіз үй сыйлап, патша ағзам оған риза болған (Ә.Марғұлан). Жазушы Шыңғыс Айтматов Батыс Еуропадағы белгілі мұражайлардың бірінен қазақтың киіз үйін көргендігін жазды. Сондай-ақ Германияның Гамбург, Майндағы Франкфурт қалаларындағы мұражайларда да қазақ киіз үйлері бар.
Қолдану 8 минут «Интервью» әдісі
Оқушылар өз оайларын стикерлерге жазып жабыстырады. Мұғалім әр жауапты оқытып ұқсастықтарын, айырмашылықтарын тапқызып көреді.
|
«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі. Топта президент қалады. Келген өзге топ мүшелеріне берілген білім мазмұнын түсіндіреді.
«Интервью» әдісі
|
Аяқталуы 20 минут
|
Талдау 10 минут Постер жасау
«Сен маған, мен саған әдісі»
Дәптермен жұмыс
Рефлексия 3 минут
Рефлексиялық эссе
Оқушылар мына сұрақтарға жауап бере отырып, сабақта туындаған ойларын тізбектейді:
Алдымен біз былай деп ойладық.....
Одан кейін біз мына проблемаға тап болдық.............
Проблеманы шешу үшін......жасадық.
Бұдан біз..................көрдік.
Демек, бұл мынаны білдіреді.................
Сонымен біз.................деген шешімге келдік.
|
Үш топқа арналған ватман, маркерлер, оқулық.
(Әр топ тапсырмаларын орындап болған соң түсіндіреді, басқа топ мүшелері өз ұсыныстарын стикерге жазып жұмыстың астыңғы жағына жабыстырады.)
Рефлексиялық эссе жазылған парақшалар таратамын. Оқушылар өз топ мүшелерімен бірлесіп жазады.
|