Қосымша мәлімет
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?
|
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)
|
Көпшілігі орындай алады:
1.Мақсат бойынша саралау: оқушылардың басым бөлігі, көпшілігі, кейбір оқушылар үшін орындалуы қолжетімді тапсырмалар сараланды.
Барлық оқушылар орындай алады:
Мәтіннің мазмұнын түсінеді, сұрақ қою арқылы нақты ақпараттарды табады.
Жанрлық ерекшелігіне сай мінездеме құрастырады.
Етістіктің түрлері мен салт, сабақты етістіктерді ажыратады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Мәтіннен қосымша ақпаратты тауып, көтерілген мәселе бойынша өз ойларын білдіреді.
Жанрлық ерекшелігіне сай құрылымын сақтай отырып, қосымша ақпаратты тауып мінездемені түрлендіріп жазады.
Етістіктің түрлерін тілдесім барысында қолданады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Мәтіндегі ақпаратты пайдалана отырып қазіргі спорт жұлдыздарымен байланыстыра отырып ойларын тұжырымдайды.
Қажымұқан мен орыс балуаны Иван Поддубныйдың жетістіктерін салт, сабақты етістіктерді пайдалана отырып салыстырады.
2. Нәтиже және жауап бойынша саралау: түрлі деңгейдегі жауап күтілетін және қабылданатын барлық оқушыларға бірдей тапсырмалар сараланды. «Құс тұмсығы», «Аударыспақ» әдістерін қолданып сұрақ-жауап әрекетін дамытамын.
3. Ресурс немесе мәтін бойынша саралау: оқулықтағы, интернет желісіндегі мәтіндерді пайдаланады. АКТны қолданамын.
4. Оқушыға жеке қолдау көрсету бойынша саралау: Интербелсенді тақтадан көпіршелер ұсынамын. (етістіктің болымды, болымсыз, салт, сабақты етістіктер ережесі)
|
Қалыптастырушы бағалау арқылы:
1-тапсырмадан соң:
«Екі жұлдыз, бір тілек»
2-тапсырмадан соң:
«Алтын, күміс, қола медаль»
3-тапсырмадан соң:
«Бас бармақ»
4-тапсырмадан соң:
«Кубок беру»
5-тапсырмадан соң:
«Жұлдызша»
|
Тарих, дене шынықтыру
Интербелсенді тақта
6. «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы»
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз?
Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?
Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен?
Осы жоспарға қандай өзгеріс енгіземін және неге?
|
|
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты):
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
|
Қажымұқан Мұңайтпасов (1883-1948)
Қазақта «Күш атасы - Қажымұқан» деген сөз кең тарап кеткен. Оның себебі де жоқ емес. 1883 жылы Ақмола облысы Қараөткел ауданында Мұқан (Қажымұқан) атты сәби дүниеге келеді. Ол жасынан-ақ ерен күшімен әр мезет ауылдастарын таңқалдырып жүреді. Мұқан 18 жасында алғаш рет Омбы қаласында ашылған циркте орыс балуаны И.Злобинмен белдеседі. И.Злобин оған Петербургтегі күрес мектебінде оқуға кеңес береді. Бұл ақылды құп алған Мұқан осы мектепте екі жыл оқып, үлкен күрес өнеріне жолдама алады. Сөйтіп, Мұқан Германияның Кельн қаласында неміс балуаны Генрих Веберді жеңеді, Риге қаласында да бас бәйгеге ие болады. 1910 жылы Варшава қаласында өткен халықаралық жарыста кіші алтын медальді Америкада, Аргентинаның астанасы Буэнос Айрес қаласында еркін күрестен үлкен алтын медальді жеңіп алады.
1911 жылы Мұқан Стамбулда түріктің атақты балуаны Нұрлыны жығады, сол үшін «қажы» атағына ие болып, Қажымұқан атанады. Саратов қаласында ашылған ағайынды Нижатиндер циркінде қазақ батыры бірінші рет осы «Қажымұқан» деген атпен күреске шығады. Бұдан әрі балуан Тегеран мен Кабулда, Мекке мен Мединеде өткен жарыстарда жеңістерге жетті.
Қажымұқанмын қазақта күшім асқан,
Достарым алып балуан орыстардан.
«Черный Иван» атанып он екі жыл,
Жиырма төрт латыншаның жерін басқам, -
деп жырлаған екен балуанның өзі.
1927 жылы ҚазКСР орталық Комитетінің Президиумы Қ.Мұңайтпасовқа «Қазақ даласының батыры» деген атақ берді. Ұлы Отан соғысы жылдарында жасы қартаң тартып қалған балуан күш өнерін көрсетіп жүріп жинаған 100 мың сом ақшасына ұшақ жасатты да, оған Амангелді Имановтың атын беріп, майданға жібереді. Осы ұшқышпен қазақ ұшқышы Қажытай Шалабаев 120 рет жауынгерлік тапсырма орындайды.
Спорт өнері жолында Қажымұқан 148 алтын, күміс, қола медаль алған екен. Алып күш иесі Қажымұқан 1948 жылы 12 тамызда қайтыс болды. Темірланда Құжымұқанға ескерткіш орнатылған. Астана, Шымкент қалаларында стадиондарға балуанның аты берілген және бірнеше қалаларда Қажымұқан атындағы көшелер бар.
(«Әлемдік және ұлттық спорт ойындары»)
Мәтін бойынша оқиғаларды кестеге орналастыр.
№
|
Сандар
|
|
1
|
1883 жыл
|
|
2
|
1910 жыл
|
|
3
|
1911 жыл
|
|
4
|
1927 жыл
|
|
5
|
1948 жыл
|
|
6
|
18 жас
|
|
7
|
100 мың сом
|
|
8
|
120 рет
|
|
9
|
148
|
|
10
|
12 тамыз
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |