Сабақтың тақырыбы: Күш атасы Қажымұқан



бет1/3
Дата17.10.2019
өлшемі164,51 Kb.
#50163
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Күш атасы қажмұхан


Ұзақ мерзімді жоспардың

тарауы: 7-бөлім. Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары.

Мектеп: «№29 К.Тленшин жалпы орта мектебі» КММ


Күні: 5 -6 .02.19ж


Мұғалімнің аты-жөні:У .Койшыбаева

Сынып: 6"В""А,Б"

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Күш атасы – Қажымұқан.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.О.5. Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру.

6.Ж.2. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып мінездеме құрастырып жазу.

6.ӘТН.4.2. Етістіктің түрлері мен салт, сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

Мәтіннің мазмұнын түсінеді, сұрақ қою арқылы нақты ақпараттарды табады.

Жанрлық ерекшелігіне сай мінездеме құрастырады.

Етістіктің түрлері мен салт, сабақты етістіктерді ажыратады.



Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мәтіннен қосымша ақпаратты тауып, көтерілген мәселе бойынша өз ойларын білдіреді.

Жанрлық ерекшелігіне сай құрылымын сақтай отырып, қосымша ақпаратты тауып мінездемені түрлендіріп жазады.

Етістіктің түрлерін тілдесім барысында қолданады.



Кейбір оқушылар орындай алады:

Мәтіндегі ақпаратты пайдалана отырып қазіргі спорт жұлдыздарымен байланыстыра отырып ойларын тұжырымдайды.

Қажымұқан мен орыс балуаны Иван Поддубныйдың жетістіктерін салт, сабақты етістіктерді пайдалана отырып салыстырады.


Бағалау критерийі

  • Мәтін мазмұнын түсінеді.

  • Сұрақ қою арқылы нақты ақпараттарды анықтайды.

  • Жанрлық ерекшелігін сақтай отырып, мінездеме жазады.

  • Мәтіндегі етістіктің түрлері мен салт, сабақты етістіктерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында дұрыс қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

- Мәтін мазмұнымен танысып ақпараттарды анықтайды, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар әзірлейді.

- Ақпараттарды саралай отырып, ойларын тұжырымдап жеткізеді.

- Ақпараттарды пайдалана отырып мінездеме жазады.

- Мәтіндегі етістіктің түрлері мен салт, сабақты етістіктерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында дұрыс қолданады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Күш атасы, жасынан-ақ, ерен күш, әр мезет, балуан, күрес, күрес мектебі, үлкен күрес, бас бәйге, алтын медаль, қажы, қазақ батыры, жарыстар, күші асқан, спорт өнері, т.б.



Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Кең тарап кеткен, себебі жоқ емес, сәби дүниеге келеді, таңқалдырып жүреді, кеңес береді, белдеседі, құп алады, жеңеді, жығады, жерін басады, атақ береді, жасы қартаң тарту, атын беру, медаль алған екен, ескерткіш орнатылған, аты берілген, т.б.



Талқылауға арналған сұрақтар:

- «Қазақ балуаны» деген сөз тіркесін қалай түсінесің?

- «Балуан» деген атау кімдерге беріледі?

- Балуан Шолақ, Жақсылық Үшкемпіров, Қажымұқан Мұңайтпасов туралы не айтар едің?

- Қажымұқанның үлкен күрес өнеріне келуіне кім себепші болды деп ойлайсың? Неге?

- Мұқанның Қажымұқан аталып кетуінің себебі неде деп ойлайсың?

- Күш атасы Қажымұқанның күрес ойындарында алатын орны жайында не айтар едің?


Құндылықтарға баулу

6. «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» құндылығы негізінде қазақтың рухы мықты, дені сау, патриот ұрпағын тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Тарих, дене шынықтыру

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Қажымұқан Мұңайтпасовтың кім екенін біледі. Етістіктің түрлерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

2 минут


1 минут

2 минут




Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал орнату.

«Шексіздік амандасу» әдісі

Оқушылар ортаға шығып, ішкі және сыртқы шеңбер жасап тұрады. Оң және сол қолдарын айқастыра бір бірімен амандасады.


Топқа бөлу: «Таңдауыңды жаса» әдісі.

Үстел үстіне штангының, киманоның, гірдің суреттері жатады. Соларды таңдау арқылы топқа бөлінеді.

1-топ Балуан

2-топ Қажы

3-топ Мұқан
1-тапсырма: Үй тапсырмасын сұрау. Ж.Ж.

«Құс тұмсығы» әдісі бойынша оқушылар сұрақ әзірлеп келеді. Сол сұрақтарын көрші топтарға жасырады.

Сұрақтар үлгісі:

1. Қазақтың қандай ұлттық ойындары бар?

2. Көкпар ойынының ерекшелігі қандай?

3. Асық ойынының ерекшелігі неде?

Дескриптор:


  1. Сұрақ әзірлейді.

  2. Сұрақтарға жауап береді.


Қ.Б. «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы мұғалімнің бағалауы.

«Көңілді қалпақ» ойыны арқылы тақырыпты болжау.

Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Мұғалім әнді қосқан кезде, оқушылар қолдарындағы қалпақты шеңбер бойындағы балаларға кезектесіп кигізуі тиіс. Әуен тоқтағанда қалпақ кімнің қолында болса, сол оқушы сұраққа жауап береді. Оқылым алды сұрақтары:

- «Қазақ балуаны» деген сөз тіркесін қалай түсінесің?

- «Балуан» деген атау кімдерге беріледі?

- Балуан Шолақ, Жақсылық Үшкемпіров, Қажымұқан Мұңайтпасов туралы не айтар едің?

- Қажымұқанның үлкен күрес өнеріне келуіне кім себепші болды деп ойлайсың?

- Мұқанның Қажымұқан аталып кетуінің себебі неде деп ойлайсың?

- Күш атасы Қажымұқанның күрес ойындарында алатын орны жайында не айтар едің?




http://www.muftyat.kz/kz/article/428




https://powersports.kz/p16864123-1010-ganteli-razbornye.html

http://stan.kz/eski-gir-tasynyn-kuramynda-palatiy-me/

https://www.olx.kz/kk/obyavlenie/kimono-dlya-kazaksha-kures-po-rostam-160sm-180sm-azasha-kres-ID9Nldz.html




https://infourok.ru/prezentaciya-po-fiziku-manometrlersorilar-sinip-1751863.html



https://www.christys-hats.com/fashion-top-hat






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет