Күні: Сыныбы: 9 Пәні: Физика және астрономия Сабақтың тақырыбы: Күш. Масса. Ньютонның екінші заңы Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Денелердің механикалық қозғалысын зерттеу барысында ауырлық, серпімділік, үйкелі күштері туралы түсіндіру.Механиканың ең іргелі заңдарының бірі Ньютонның екінші заңын тұжырымдау. 2.Тәрбиелік: Алған білімдерін тиянақтай отырып, тапқырлыққа, ізденіп шешім қабылдауға, ауызбіршілікке, ойын жинақтай білуге, біріне-бірі көмектесуге баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. 3.Дамытушылық: Жаңа тақырып бойынша алғанбілімдерін қолданып, өз ойын айта білуге, жүйелі түрде ойлауға, ізденуге бағыттау, білімге деген құштарлығын арттыру.