Сабақтың тақырыбы: Күштер. Күштерді қосу. Ньютон заңдары Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



Дата22.09.2023
өлшемі1,57 Mb.
#182016
түріСабақ
Байланысты:
10.1.5физика қгб


Бөлімі:

Динамика

Педагогтің аты-жөні:

Айназарова Қ.Ж

Тәжірибеден өтуші:

Есенаманова М.А

Күні:

19.09.2023ж

Сыныбы: 10 Д

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Күштер. Күштерді қосу. Ньютон заңдары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.2.2.1 - бірнеше күштің әрекетінен болатын дененің қозғалысына есеп шығарудың алгоритмдерін құру;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: Есептер шығаруда Ньютонның бірінші және екінші заңын қолдану
Көпшілік оқушылар істей алады: Бірқалыпты және үдемелі қозғалған денелерге әсер ететін күшті сипаттау
Кейбір оқушылар істей алады: Векторларды қосу қасиеттерін есептер шығруда қолдану

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Ұйымдастыру
1 минут
Өткен тақырыпты еске түсіру
5 минут

Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



  1. Үй тапсырмасын тексеру: “True or False”

  1. Дене массасы – кез келген дененің ауырлық қасиетін сипаттайды

  2. Өзара әрекеттесетін денелердің массалары мен жылдамдықтары бір-біріне тура пропорционал өзгереді;

  3. Дене түсірілетін теңәрекетті күш нөлге тең болса, ол тыныштық күйде болады

  4. Дене бірқалыпты қозғалыс кезінде теңәректті күші нөлге тең болмайды.

  5. Дененің үдемелі қозғалысы кезіндегі алатын үдеуі оның теңәрекетті күшіне тура, ал дененің массасына кері пропорционал болады




Қажетті мәліметтерді дәптерге жазып отырады
Сұрақтарға жауап береді. Сыныптастарының жауабын тыңдап, ұсыныстар айтады.



Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл



Презентация




Сабақтың ортасы


10 минут



Жаңа тақырып




  1. Есептер шығару

  1. Массалары 400 г және 600 г екі дене бір-біріне қарама-қарсы қозғала отырып, соқтығысқаннан кейін тоқтады. Егер бірінші дене соқтығысқанға дейін 3 м/с жылдамдықпен қозғалса, екінші дененің жылдамдығы қандай болған тең?

  2. Массалары 2 кг және 4 кг екі дене берілген. Оларға бірдей күш түсірілген. Денелердің қайсысы тезірек үлкен жылдамдыққа ие болады? Неліктен?

  3. Тарту күші 15 кН болатын трактор прицепке 0,5 м/с2 үдеу береді. Егер трактор 60 кН тарту күшіне ие болса, онда ол осы прицепке қандай үдеу береді?




Дескриптор
Шартын жазып, шамаларды ХБЖ көрсетеді;
Ньютонның бірінші заңын қолданады;
Ньютонның екінші заңын қолданады;
Белгісіз физикалық шаманы өрнектейді;
Математикалық есептеулер жүргізеді;
Жауабын көрсетеді.

Презентация





Қолдану


18 минут




Сабақтың соңы.
6 мин
Бағалау
Үй тапсырмасы:

Сабаққа керібайланыс береді
«Телефон» әдісі

Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау
Күштер. Күштерді қосу. Ньютон заңдары

Оқушылар стикерлер бойынша сабаққа рефлекисия жазады

Жалпы сабақты бағалау критерийлер бойынша ең жоғарғы 10 балл

Таратпа қағаздар
Оқулық


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет