Сабақтың тақырыбы Квадрат теңдеулер



Дата12.11.2019
өлшемі13,86 Kb.
#51629
түріСабақ
Байланысты:
docx1547468580

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзaқ мерзімді жоспардың тарауы: Квадрат теңдеулер



Мектеп:№17 ЖББОМ
Мұғалімнің аты-жөні: Рахимова Нургуль Ергалыкызы

Күні:

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Квадрат теңдеулер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.1 Квадрат теңдеудің анықтамасын білу;

Сабақтың мақсаты

Квадрат теңдеудің түрі мұндағы болатынын және анықтамасын біледі;

Квадрат теңдеудің коэффициенттерін анықтай алады және теңдеулерді квадрат теңдеу түріне келтіре алады.



Бағалау критерийі

Білу және түсіну: Кварат теңдеудің жалпы түрін біледі

Квадрат теңдеудің коэффициенттерін анықтай алады;

Квадрат теңдеулердің түрлерін ажырата алады;



Қолдану: Квадрат теңдеулерді шешу жолдарын есептерде қолданады;

Тілдік мақсаттар


Оқытудың пәндік тілдік мақсаттары:Оқушылар Квадрат теңдеу анықтамасын түсінеді және ауызша/жазбаша оның өмірдегі кейбір қолданыстарын біледі

Пәндік лексика және терминология: Квадрат теңдеу Айнымалының ең үлкен дәрежесі (бірінші/екінші/орта/соңғы мүшесі)

(дәреже)

Бүтін сан, коэффицент, дәреже көрсеткіші, жақшаларды ашу / жақшаға алу, ең үлкен

ортақ бөлгіш, ықшамдау, шешу



Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Толымсыз квадрат теңдеу,

Толық квадрат теңдеу


Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпы идеологиясына негіздеп оқушыларды еңбекке қабілетті, бірлік пен ортақ пікірге келуге бағыттау

Пәнаралық байланыс

Физика

Алдыңғы білім

Арифметикалық квадрат түбір ұғымын біледі және олардың

қасиеттерін өрнектерді ықшамдауда қолдана алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Презентация

Сабақтың

ортасы



Жаңа ұғымды ұғындыру.

Көпмүшенің дәрежесі ұғымын еске түсірейік:

2х – 5 - бірінші дәрежелі көпмүше

2 + 2х - екінші дәрежелі көпмүше

х(х 2– 5 х) - үшінші дәрежелі көпмүше

5х + 8 = 23, 2y – 7 = 5y +14 теңдеулері қандай теңдеулер?

-Сызықтық теңдеулер, дұрыс айтасыздар, ал енді осы теңдеулердің түбірлерін тауып көріңіздер.

-Жалпы сызықтық теңдеудің жалпы түрі қандай түрде болады?

y=kx+b, олай болса, біздер сызықтық теңдеулерді шешіп білеміз.

Ал, енді екінші дәрежелі (квадраттық) айнымалысы бар (белгісізі бар) х2 + 400 = 0 ; 8х2 -56х = 0 ; х2 + 16х -4 = 0 теңдеулерін қарастырайық. Мұндай теңдеулер квадрат теңдеулер деп аталады.



Анықтама.:

ах2 + вх + с = 0 түріндегі теңдеуді квадрат теңдеу деп атайды. Мұндағы а , в , с - берілген сандар, х-айнымалы.

ах2 + вх + с – квадрат үшмүше деп аталады

а- бірінші коэффициент, в –екінші коэффициент,

с- бос мүше .

Квадрат теңдеулерде а ≠ 0 болуы қажет. Себебі, а= 0 болса вх + с = 0 – сызықтық теңдеуге айналар еді.



Мысалы:2 + 3х - 1 = 0 а = 6 ; в = 3 ; с = -1

- х2 - 2х + 0, 3 = 0 а = -1 ; в = -2 ; с = 0,3
Жалпы сыныптық жұмыс

№1. Квадрат теңдеулердің коэффициенттерін көрсетіңіздер:

а) х2 – 2х – 1 = 0; б) 3х2 + х + 1 = 0; в) -2х2 + 3х = 0;

г) х2 – 5 = 0; д) -х2 + 6х – 7 = 0; е) 12х2 = 0.

№2. Мына теңдеулердің қайсысы квадрат теңдеулер?

а) -3,5х2 + 6х + 9 = 0; б) 4х2 - 5х - 2 = 0; в) -х2 + 6х = 0;

г) -25х + 1 = 0; д) 9х2 – 7 = 0; е) 8х2 = 0.

№3. Теңдеулерді квадрат теңдеу түріне келтіріңдер және коэффициенттерін анықтаңдар:

а) 3х(х – 2) + (х – 1)(x + 1) = - 2

b) (2x - 1)2 – (3x + 2)(3x – 2) = 0

c) (x – 4)(x + 4) + (2x + 1)2 = 4x

d) (5x – 1)2 – (5x + 1)2 = (4x + 1)2 +94x -1)2.
Жұптық жұмыс

І жұп


№1.

Теңдеуді ах2 + вх + с = 0 түріне келтіріңдер:


а) (x – 3)(3x + 2) = (5х – 4)(3х – 2).
б) .

№2. Коэффициенттері арқылы квадрат теңдеу құрыңдар:

а) a = 7, b = - 2, c = 1. b) a = -2, b = 5, c = 3

c) a = -1, b = - 3, c = 7 d) a = 5, b = 4, c = -7

e) a = -5, b = 0, c = -1 f) a = 3, b = 4, c = 0.

№3. Квадрат теңдеулерді анықтап, коэффициенттерін табыңдар:

а) 2х2 +3х – 1 = 0 b) 3x + 2 = 2x - 1

c) –x2 - 3xy = 2xy +1. c) x2 - 8x – 9 = 0

ІІ жұп

№1.


Теңдеуді ах2 + вх + с = 0 түріне келтіріңдер:

а) (2x + 7)(7 – 2х) = 49 + х(х + 2)

б) .

№2. Коэффициенттері арқылы квадрат теңдеу құрыңдар:



а) a = 37, b = - 2, c = 14. b) a = -12, b = 7, c = 31

c) a = -41, b = - 23, c = 17 d) a = 7, b = 14, c = -2

e) a = -3, b = 0, c = -7 f) a = 15, b = 6, c = 0.

№3. Квадрат теңдеулерді анықтап, коэффициенттерін табыңдар:

а) 3х2 +2х – 3 = 0 b) 4x + 7 = 3x - 4

c) –5x2 - 2xy = 4xy +7. c) x2 - 5x – 6 = 0

ІІІ жұп

№1.


Теңдеуді ах2 + вх + с = 0 түріне келтіріңдер:

а) (x + 7)(x2 – 7х + 49) = х(х + 8)(х – 7)

б) 2(3х + 5)2 = 36 – 7(3x + 5).

№2. Коэффициенттері арқылы квадрат теңдеу құрыңдар:

а) a = 21, b = - 24, c = 4. b) a = -15, b = 7, c = 21

c) a = -11, b = - 31, c = 2 d) a = 17, b = 10, c = -3

e) a = -5, b = 0, c = -2 f) a = 4, b = 5, c = 0.

№3. Квадрат теңдеулерді анықтап, коэффициенттерін табыңдар:

а) 5х2 +7х – 2 = 0 b) 6x – 15 = 8x - 3

c) –x2 -9xy = 3xy + 5. c) x2 - 9x – 10 = 0



Дескриптор:

  1. Теңдеулерді квадрат теңдеулер түріне келтіреді;

  2. Коэффициенттері арқылы квадрат теңдеу құра біледі;

  3. Квадрат теңдеулерді айыра біледі және коэффициенттерін анықтай алады.

4-5 слайд

6-7 слайд


8-9 слайд

Сабақтың

соңы



VІ. Үйге тапсырма: № 2.3.

Қорытынды:

Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату

Рефлексия: Рефлексия.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалайды



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралау іріктелген тапсырмалар,  нақты бір оқушыдан күтілетін нәти-желер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары-мен ресурстарын оқушылардың  жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің  жиындық зият теориясы) түрінде болады.


Мұғалімнің қалыптастырушы бағалауы сабақтың өн бойында жүргізіледі – мұғалім жұмыстардың орындалуын бақылайды, ауызша түсініктемелер береді. Оқушылардың сабақтағы әрекеті мен талқылауға қатысуы және басқа да іс-шаралардағы белсенділігін бақылай отырып бағалайды. Жұмыс орындалғаннан кейін топтардың бір-бірін бағалауы. Оқушылардың жеке жұмыстарын мұғалімнің бағалауы.

Сабақта техника қауіпсіздігі ережесін сақтау.



Оқушылардың әрбір іс-әрекеттеріне бөлінетін уақыттарды тиімді ұйымдастыру.

Тапсырмаларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай таңдау.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет