45‑сабақ жоспары
Пәні: Алгебра
Пән мұғалімі: БазарбаеваА.
Мерзімі:24.12.14ж.
Уақыты: 08.50
Сыныбы 8 «А» сынып
Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеулер. Виет теоремасына есептер шығару.
Мақсаты: Дискриминант арқылы кв.теңдеулерді шешу,Виет теоремасын пайдаланып келтірілген кв.теңдеулердің түбірлерін табуға машықтанады .
Міндеттері: Виет теоремасы арқылы кв теңдеудің түбірлерін тез шешуге дағдылану
Қолданылатын модульдер: «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «ОүБ және ОБ», «Жас ерекшелігіне сәйкес оқыту», «Басқару және көшбасшылық»
Стратегиялар: «Ыстық алақан", «Миға шабуыл», «Ақылды доп » ДЖИГСО-1 +/- қызықты
Сабақ кезеңдері
|
Жоспар мазмұны
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-
әрекет
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Кіріспе
Ұйымдастыру
1-2 минут
-3 минут
|
«Ыстық алақан» стратегиясы
Мақсаты: тұлғааралық қарым-қатынас орнату.
«Миға шабуыл» стратегиясы
Мақсаты:Ой қозғау.
Кв теңдеулерді шешу әдісін талдау
Мақсаты:
өткен білімді еске түсірту, шолу жасау, жаңа тақырыпқа қызығушылықтарын ояту.
Рефлексия
|
Сәлемдесу.
Оқушылардың сабаққа деген сенімділіктерін арттыру.
«Ақылды доп» ойыны арқылы кв.теңдеу туралы білімдерін нақтылау
ах2+вх+с=0, (a=0) теңдеуі қалай аталады? (квадрат)
Квадрат теңдеудегі а және в. (коэффициент)
Квадрат теңдеудің дербес түрі? (толымсыз)
4. Квадраттық теңдеуді шешу алгоритмі 5.Дискриминант формуласы неге тең? 6.Түбір астындағы 121неге тең? 7.Минус бестің квадраты неге тең? т.с.с сұрақтар
‑Оқушыларды үш топқа бөлу
( Д> 0, D<0,D=0 бойынша)
‑Д> 0, D<0,D=0 бойынша мағынасын ашады
|
Сәлемдеседі, шеңбер бойына тұрып, бір-біріне тілек айтады.
Оқушылар шеңбер бойымен тұрады,кімге доп түссе сол оқушы сұраққа жауап береді.
Оқушылар үш топқа бөлінеді.
|
Ауызша мадақтау
«Жарайсыңдар!»
|
Кішкене доп
|
Тұсаукесер
5минут
|
Негізгі бөлім
Мақсаты:Ой қозғау .Аңыз мағынасын ашу үшін орындалатын тапсырмалар ретін бағыттау.
. Мақсаты:
өткен білімді еске түсірту, шолу жасау,кв.теңдеу тақырыбына деген қызығушылықтарын ояту.
Рефлексия
Мақсаты:
Оқушылар әр топтың тапсырмаларына баға береді.
|
«Қазынаға саяхат» аңыз желісін баяндау
Әр топқа аңыз желісі бойынша карта сызбасын жасауға жекелей тапсырмалар беріледі
Олар:
‑Постер қорғау
‑Көрініс көрсету
‑Галереяға саяхат
Кері байланыс жасатады.
|
Жеке оқушылар ауызша жауап береді.
‑Постер қорғайды.
Оқушылар түсінбегенін бір-бірімен толықтырып, ой бөліседі.
‑Оқушылар рольдерге бөлініп кв.теңдеуді шешу формуласын айтады.
‑Оқушылар келтірілген кв.теңдеу формуласы мен Виет теоремасын қабырғаға «галереяға» үлкен әріптермен жазып шығады.
|
Жеке оқушыларды смайликтер арқылы бағалау.
«2 жұлдыз,1 тілек»
|
Маркерлер, флипчарттар, қалам, интерактивті тақта,A4 қағазға жазылған үлкен қаріптер.
,
|
Негізгі бөлім
5 минут
20 минут
|
Келтірілген кв.теңдеулерді шешу есептері.
«Тас қақпа» есебін шешу (кеспе қағазбен жұмыс)
. Мақсаты:
өткен білімді еске түсірту, кв.теңдеу тақырыбына деген қызығушылықтарын ояту.
«Сахналау» стратегиясы
Мақсаты:
Есептерді шығаруда өздігінен бірін – бірі оқыту.
Тест есбін шешу:
Мақсаты: өзін‑өзі бағалау
Сергіту сәті
|
Слайд есебін шығару
Интерактивті тақта тапсырмасы бойынша жасырылған сөзді табу, оқиға желісінің бағытын анықтауға есеп. «Шығыс» сөзін анықтайды.
Кеспе карточкалар есебін топта өз беттерімен орындау және өз тобындағы оқушылар тапсырмаларымен алмасып, жауабын салыстыру.
«Ең басты байлық –ол БІЛІМ» түрлі‑түсті үлкен әріптермен жазып шығу
Кв.теңдеулерді шешу тақырыбы бойынша алған білімдерін бағалау.
Бейнекөріністі қайталап жаттығулар жасауға жағдай жасау
|
Мұғалімнің түсіндірмесін оқушылар тыңдап, ой бөліседі.Ой елегінен өткізіп, шығармашыл іс-әрекет арқылы түсіне алады.
‑Оқушылар жинаған «бонус» бойынша тақта бетіне сөйлемді іледі.
Денелерін шынықтырады, сергиді.
|
«Бонустар» жинау
+/- қызықты
Өзін-өзі бағалау
|
Интерактивті
Түрлі түсті үлкен әріптер
|
Қорытынды
10 минут
|
Эссе жазу Мақсаты:
Оқушылардың теориялық білімін өз ойымен қағаз бетіне түсіру.
Рефлексия
«БҮБ» стратегиясы
Мақсаты: оқушылар өз ойларын білдіреді
Үйге тапсырма:
|
Оқушылардың кв.теңдеу бойынша алған білімдерін жүйелеп қағаз бетіне түсіру,есте сақтау қабілетіне назар аудару.
.
«Білім ағашына» рефлексиялар ілгізу
;
№ 343, 347
|
Топта жұптық жұмыс жасау, тақырып бойынша білімдерін жинақтап көрсетеді.
Әр топтан бір-бір оқушы шығып, қорытынды жасайды.
Өзін-өзі және топ бір-бірін бағалайды.
Сабақта қандай әдіс-тәсілдер ұнады және сабақ қалай өткендігі туралы кері байланыс жасайды.
Тақырыпқа қатысты негізгі сұрақтар дайындау т.б.
|
Өзін-өзі бағалау
Топтың бірін‑ бірі бағалауы (өзара бағалау)
Жиынтық баға
|
Стикерлер, кесте, А4 қағазы
«Білім ағашы»,стикерлер
|
Кеспе карточка есептері. «Бонус» (дұрыс жауабы үшін беріледі).
Квадрат теңдеулерді шешіңдер:
3х2 – 14х + 16 = 0 Е Д=1 Ж: 2; 2 .
5х2 – 16х + 3 = 0 Ң Д=49 Ж: 0,2; 3.
х2 – 22х – 23 = 0 Б Д=144 Ж: -1; 23.
2х2 + х + 67 = 0 А Д= - 535 Ж: ш. жоқ.
х2 – 10х – 24 = 0 С Д=196 Ж: -2; 12.
3х2 – 7х + 4 = 0 Т Д=1 Ж: 1; .
5х2 – 8х + 3 = 0 Ы Д=4 Ж: 0,6; 1.
14х2 – 5х – 1 = 0 Қ Д=81 Ж: - ; .
3х2 – х + 18 = 0 А Д= - 215 Ж: ш.жоқ.
9у2 – 30у + 25 = 0 З Д=0 Ж: 1
16х2 – 8х + 1 = 0 Ы Д=0 Ж: .
х2 – 11х + 30 = 0 Н Д=1 Ж: 5; 6.
х2 – 11х + 18 = 0 А Д=49 Ж: 2; 9.
36у2 – 12у + 1 = 0 – Д=0 Ж: .
5х2 + 9х + 4 = 0 О Д=1 Ж: - 1; - 0,8.
2х2 – 4х = 0 Л Ж: 0; 2.
5у2 – 5 = 0 Б Ж: - 1; 1.
25х2 –13х =10х2 –7 І Д= - 251 Ж: ш.жоқ.
= Л Д=1 Ж: 2; 2.
+ = 4 І Ж: 11; 14.
2х2 + 8 = 0 М Ж: ш.жоқ.
Рефлексия
Пәні: Алгебра 8 сынып
Мерзімі: 24.12.14 ж
Тақырыбы: Квадрат теңдеулерді шешу. Виет теоремасы (қорытынды сабақ).
Сабаққа мектеп дирекры, оқу ісінің меңгерушісі және бірнеше әріптестер қатысты. Сабақ құрылымы оқытудың жаңа технологиясына құрылған.
Ең әуелі оқушылар шеңбер бойымен тұрып «Ыстық алақан» арқылы жақсы ахуал туғызды,мұнан соң «Миға шабуыл» стратегиясы бойынша өткен тақырыпты қайталау негізінде «Ақылды доп» ойыны ойналды, оқушылар қойылған сұраққа тез жауап беруге тырысты, бұл ойын оларды тез ойлануға және бірін‑бірі тыңдай білуге жетелейді, жинақтылыққа тәрбиелейді. Қайталау барысында кв.теңдеудің анықтамасы ,келтірілген rв.теңдеу анықтамасы, дискриминант анықтамасы, сандардың квадраттары т.с.с. сұрақтар арқылы еске түсіру болды, оған оқушылар жақсы жауап берді.
Мұнан соң оқушылар үш топқа бөлінді: «Д<0», «D>0», «D=0» бойынша және оның мағынасы сұралды.
Сабақтың мақсаты «Қазынаға саяхат» деген аңыз әңгіме мағынасын ашу болды. Ол үшін оқушылар бірнеше тапсырмалар орындау қажет еді. 1-ші топ: «Галереяға сурет ілу», 2-ші топ: көрініс көрсету, 3-ші топ: постерге кв.теңдеуге қатысты барлық формуланы жазып шығу. Оқушылар бұл тапсырмаларды өте жақсы орындап шықты, әр топқа бағалау ретінде жекелей жалаушалар берілді. «Галереяға сурет ілу» бойынша топ мүшелері келтірілген кв.теңдеуді анықтап, соған қатысты Виет теоремасын үлкен қабырғаға жазып шықты және Франсуа Виеттің портіретін де ілді. Бұл тапсырманы оқушылар үлкен қызығушылықпен орындады, ең әуелі келтірілген кв. теңдеуді үлкен әріптерден құрастырып ,оны шешу үшін Виет теоремасын жазып шықты, нәтижесінде бір қабырға суретке толды олар өздері мұндайды күтпеген еді.
Келесі тапсырмада оқушылар ауызша Виет теоремасына қатысты есептерді шешу арқылы бағытын анықтады, тас қақпа есебін шешті, әр топтың барлық мүшелеріне жекелей есептер берілді. Дұрыс жауап үшін «Бонус» берілді, соңынан есептер барлығы дұрыс шешілген жағдайда «Ең басты қазына –ол БІЛІМ» деген сөйлем құрастырылды. Яғни 21 әріпке сонша есеп болды, сыныпта барлығы 17 оқушы, барлығы кв. теңдеуге есептер шығарды және қиындығы жоғары төрт есеп тақтада шығарылды. Оқушылар есепті өте жақсы орындады, төрт оқушы есепке қиналды оларға өз топтарындағы оқушылар көмек көрсетті.
Әрбір тапсырмалар формативті бағаланып отырды, топ және топ мүшелері смайликтер, жалаушалар арқылы бағаланды. Нәтижесінде екі топ 3 жалаушадан алды, топ мүшелері жақсы бірлікте жұмыс жасады, ал бір топ тек 2 жалаушаға ғана ие болды, себебі бұл топта көшбасшылық төмен болды.
Сабақ соңында өздері қорытынды жасады, байлық ол ‑ Білім екенін көңілдеріне түйгендей болды. Оқушылар «Білім ағашына» өз ойларын жазып рефлексия ілді. Рефлексияда бір оқушы «Мен кв.теңдеуді шешуді 100% ға түсіндім,басқа балаларды үйретуге дайынмын» деп жазған, ал енді бірі «Маған бүгінгі сабақ өте ұнады, бұл тақырыпты өте жақсы түсіндім, енді келесі тақырыпқа ауыссақ болады» деп жазған, келесі бала «Бүгін біз байдың баласына қазына табуға көмектестік, соның арқасында мен формуланы танып, білдім» деген, «Маған сабақ ұнады, бірақ менің тобымдағы балалар ұнаған жоқ» деген пікірді де екі оқушы жазыпты. Виет теоремасын түсінгісі келетін әлі де екі оқушы бар екен.
Жалпы оқушылар топта жұмыс жасауға қалыптасты, берілген тапсырмаларға сыни көзқараста ойлана алады, бір‑біріне үйретуге дайын, бір‑ бірінің пікірлерімен санасады, ұйымшылдықта жұмыс жасай алады, сабаққа деген қызығушылықтары бар, өздерін еркін ұстап , ойларын ашық айтады.
Сабақ негізінен өз мақсатына жетті, оқушылар өз күштерімен барлық есептерді шешті және бүгінгі сабақ мағынасын ашты «Ең басты қазына –ол БІЛІМ» деген сөйлемді түрлі –түсті үлкен әріптермен тақтаға жазып шықты, сабақ желісі әсерлі болды.
Бұл сабақ «Физика, математика және информатика» апталығына сәйкес келгендіктен, физика пәні мұғалімі де өз қызығушылығын білдірді, жаңа технологиямен өткізуге ниет білдірді. Мен сабақ құрылымын жасуға көмектестім. Ол мұғалімге ұнағаны , жаңа сабаққа дайындық жасауға «Ақылды доп» ойыны болды. Пән мұғалімі өтілген материялдарды қайталап алып, сосын оқушыларды тақырып негізінде «ток күші», «заряд» және «амперметр» деп үш топқа бөлді, тақырыпты талдау үшін схема сызуды постерге орындауға берді. Оқушылар топта зертханалық жұмыс жасап, токты тізбектей қосу арқылы шамды жағып, есебін жүргізді. Сабақ оқушыларға ұнады, себебі олар өз қолдарымен жасады. Сергіту сәті болды, оқушылар рефлексия жазды.
Сабақтың сәтті жақтары: оқушылардың пәнге деген қызығушылығы байқалды, олар барлық тапсырмаларды тиянақты орындауға тырысты. Екі топ ерекше көзге түсті, ол топтарда жақсы көшбасшы оқушылар белсенділіктерін көрсете білді. Бақылаушы топтарға еш назар аудармай өздерін еркін сезінді, өз ойларын ашық айтуға қалыптасқандықтарын көрсетті.
Сәтсіз жақтары : үшінші топ қалған екі топқа қарағанда белсенділігі төмен болды, себебі ол топта көшбасшық байқалмады. Осы топта отырған екі оқушы есептерін дұрыс шығара алмады және оларға өз тобынан ешкім көмек бере алмады, сондықтан ол есептер тақтада көпшілік талқысына салынды, нәтижесінде эссе жазуға үлгермедік уақыттан ұтылғандай болдық.Эссені келесі сабаққа жазуға қалдырдық. Келесі сабақты эссе жазудан бастадық,оқулық пен дәптерді жауып ,өз ойларын қағазға түсіруді сұрадым оқушылардың барлығы дерлік жазып шықты,кв.теңдеуді шешу алгоритмін жақсы түсінгендерін байқадым, ол мен үшін үлкен қуаныш еді.
Нені дамыта аласыз?Күшті жақтарға сүйенесіз? Алдағы уақыттарда жаңаша оқыту әдістерін, Фирманның (1998) талантты және дарынды балаларды зерттеуін, Александрдың (2004) сыныптағы диалогтік әңгімені дамытуды және оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалауды негізге ала отырып тәжірибемде пайдалансам жақсы болар еді. Жалпы алғанда, жаңаша оқыту әдістерін пайдалануды әдетке айналдыру арқылы, оқушылардың ойлау еркіндігін, сөз саптауын, ынтымақтаса әрекет ету қабілеттерін, топта жұмыс істей алу мүмкіндіктерін дамытуды мақсат етіп қоямын.
Достарыңызбен бөлісу: |