Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функция Сабақтың мақсаты



бет1/5
Дата08.06.2018
өлшемі1,01 Mb.
#42025
  1   2   3   4   5
Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функция

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Квадраттық функция тарауы бойынша оқушылар білімдерін пысықтайды, жүйелейді,  тиянақтайды және толықтырады. Теориялық білімдерін шыңдап, графиктерді салуда, есептер шығаруда іскерлікпен қолдана білуге үйренеді.  

Дамытушылық: Оқушылар танымдық ізденістерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ой - өрісін кеңейтуге, шығармашылықпен жұмыс жасауға мүмкіндік алады,топпен  жұмыс жасау бейімдері қалыптасады.

Тәрбиелілік: Топ ішінде шығармашылық атмосфера қалыптастырып, адамгершілікке үйренеді.

 Сабақтың типі:  Қайталау, жүйелеу, бекіту сабағы

Сабақтың түрі: СТО

Сабақтың әдісі: қайталау, сұрақ - жауап, талдау, өздік жұмыс, тест, СТО технологиясы

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, слайдтар,таратпалы материалдар

Пәнаралық байланыс: физика, дүниежүзілік тарих, бейнелеу өнері, әдебиет.

Сабақтың құрылымы:

1.Үйымдастыру

2.Топтарға бөлу

3.Қызығушылықты ояту. 

4.Мағынаны ажырату:

Ауызша сұрақтар

Топпен жұмыс: постер құру, қорғау.

Өздік жұмыс – шығармашылық, деңгейлік

Сергіту сәті

5.Ой толғаныс :

6.Қорытындылау – рефлексия

7.Бағалау 

8.Үйге тапсырма беру: шығармашылық, деңгейлік

Сабақтың барысы:



І.Үйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен сәлемдесу. Психологиялық ахуал

2. Оқушыларды түгендеу.

3. Оқушыларды топтарға бөлу: 



Квадрат теңдеу, Квадрат үшмүше, Квадраттық функция. 

ІІ. Қызығушылықты ояту. “Сиқырлы кестенің сыры” сөз жұмбақты шеше отырып,
кесте толтырылады.

  1. Функцияның берілу тәсілдерінің бірі. [Формула].

  2. Тәуелсіз айнымалы. [Аргумент].

  3. Функцияны нөлге айналдыратын аргументтің мәні. [Нөлдері].

  4. Тәуелсіз айнымалыны белгілейтін латын алфавиті. [Икс].

  5. у= кх функциясының атауында кездесетін сөз.[Пропорционалдық].

  6. Функция ұғымында көп кездесетін латын әрпі. [Игрек].

  7. Математиканың бір айнымалы шаманың өзге бір шамаға
    тәуелділігін өрнектейтін ұғымдардың бірі. [Функция].

  8. у=к/х функциясының графигі. [Гипербола].

  9. Квадраттық функцияның графигі. [парабола].

  10. Абсцисасы - аргументтің мәндеріне, ал ординатасы функцияның
    сәйкес мәндеріне тең координаталық жазықтықтың барлық нүктелер жиыны. [График].




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет