Сабақтың тақырыбы Квадраттық функция Сабақтың тақырыбы Осы сабақта қол



Дата13.01.2022
өлшемі229,85 Kb.
#111528
түріСабақ
Байланысты:
01.02.2021


«№42 орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі

қысқа мерзімді жоспар


Күні: 01.02.2021


Мұғалімнің аты-жөні: Бексейт Ж.З.

Сынып: 8


Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Квадраттық функция

Сабақтың тақырыбы

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.4 аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табады және керісінше

Сабақтың мақсаты

Оқушылар берілген аргументтің мәні бойынша функцияның мәнін табады және берілген функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

5 минут


Ұйымдастыру бөлімі

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлайды. Өткен сабақта орындаған қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының қорытындысына тоқталады.



Білімді жаңғырту

Оқушылар жұпта жұмыстанады. Кестені толтырып, келесі жұппен жауаптарын салыстырады. Келіспеушілік туған жағдайда мұғалімнің көмегіне жүгіне алады.

Тапсырма:












Негізгі бөлім Тақырыпты ашу

10 минут




Жаңа материалды меңгеру

Оқушылар 7-сыныпта сызықтық функция үшін аргументтің мәні бойынша функцияның мәнін, функция мәні бойынша аргументтің мәнін табуды үйренді. Сондықтан төмендегі тапсырмаларды алдымен жұпта өздіктерінен шығару ұсынылады. Кейін тақтада дұрыс шығару жолын бір оқушы көрсетеді.

Тапсырма: функциясының графигін салмай-ақ:

a) у = -10; 6; 0 болғандағы аргументтің мәндерін табыңыз;

b) х = -2; 0; 3 болғандағы функцияның мәндерін табыңыз.

Кейін график арқылы қалай табуға болатыны талқыланады.




Алғашқы бекіту

Оқушылар өздіктерінен шығарады, егер есепті шешуге қиналса, қабырғадағы ілініп тұрған есептің шығару жолына, жауабына қарай алады.

1. Егер х=3 болса, онда функциясының мәнін табыңыз.

2. Егер функцияның мәні -7 тең болса, онда функциясының аргументінің мәнін табыңыз.

3. Егер х= болса, онда функциясының мәнін табыңыз.

4. Егер , , , болса, онда a, b, c табыңыз.

5. функциясының графигін салыңыз. Графикті пайдаланып:

а) мәндерін табыңыз.

ә) болғандағы x-тің мәнін табыңыз.

б) функцияның ең үлкен, ең кіші мәнін табыңыз.

в) функцияның мәндер облысын табыңыз.

6. үшін мәнін табыңыз.










Топпен жұмыс

15 минут


Суретте у = ах2 + bх + с, а  0 түріндегі функциялардың графиктері бейнеленген




Суреттегі берілгендермен кестені толтырыңдар.










Жеке жұмыс

10 минут


Жұптық жұмыс

Оқушылар жұпта талдай отырып шығарады, кейін тақтада дұрыс жауабы шығарылып көрсетіледі.

Тапсырма:

Кітап дүкені күніне x кітап сатады, егер осы дүкеннің пайдасы күніне P = -11x2 + 450x - 800 теңгемен анықталатын болса, бір күнде 3000 теңге пайда табу үшін қанша кітап сату керек?




Үй тапсырмасы

1. Абсциссасы 1-ге тең функция графигінің нүктесінің ординатасын табыңыз.

2. функция графигінің ординатасы 3-ке тең нүктенің абсциссаларын табыңыз.

3. Координаталары (-3;6) нүктесі арқылы өтетін у=ах2–3 функциядағы а коэффициентін табыңыз.

5. Егер парабола төбесінің координаталары (2; -6) болса, онда у = -х2 + 4х + с функциясы үшін с коэффициентінің мәнін табыңыз.

6. квадраттық функциясының мәні x=0 болғанда 2-ге, ал x=1 болғанда 3-ке тең болса, p мен q-ді табыңыз.










Соңы

5 минут


Рефлексия

Төменде ұсынылған бір нұсқаны таңдау арқылы бүгінгі сабақтағы өзіңіздің жұмысыңызды бағалаңыз.





  1. Сабақтың қиындық деңгейің бағалаңыз. Сізге сабақта:

    • оңай болды;

    • әдіттегідей болды;

    • қиын болды.

  2. Материалды меңгеру дәрежеңізді бағалаңыз:

  • толық меңгердім, қолдана аламын;

  • толық меңгердім, бірақ қолдануға қиналамын;

  • толықтай меңгермедім.












Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Саралау іріктелген тапсырмалар, бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету жұмыстары.


Тапсырманы толық дұрыс орындаған оқушыларды марапаттау

Нұсқаулықпен жүргізіледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет