Негізгі бөлім Тақырыпты ашу
10 минут
|
Жаңа материалды меңгеру
Оқушылар 7-сыныпта сызықтық функция үшін аргументтің мәні бойынша функцияның мәнін, функция мәні бойынша аргументтің мәнін табуды үйренді. Сондықтан төмендегі тапсырмаларды алдымен жұпта өздіктерінен шығару ұсынылады. Кейін тақтада дұрыс шығару жолын бір оқушы көрсетеді.
Тапсырма: функциясының графигін салмай-ақ:
a) у = -10; 6; 0 болғандағы аргументтің мәндерін табыңыз;
b) х = -2; 0; 3 болғандағы функцияның мәндерін табыңыз.
Кейін график арқылы қалай табуға болатыны талқыланады.
|
Алғашқы бекіту
Оқушылар өздіктерінен шығарады, егер есепті шешуге қиналса, қабырғадағы ілініп тұрған есептің шығару жолына, жауабына қарай алады.
1. Егер х=3 болса, онда функциясының мәнін табыңыз.
2. Егер функцияның мәні -7 тең болса, онда функциясының аргументінің мәнін табыңыз.
3. Егер х= болса, онда функциясының мәнін табыңыз.
4. Егер , , , болса, онда a, b, c табыңыз.
5. функциясының графигін салыңыз. Графикті пайдаланып:
а) мәндерін табыңыз.
ә) болғандағы x-тің мәнін табыңыз.
б) функцияның ең үлкен, ең кіші мәнін табыңыз.
в) функцияның мәндер облысын табыңыз.
6. үшін мәнін табыңыз.
|
|
|
Жеке жұмыс
10 минут
|
Жұптық жұмыс
Оқушылар жұпта талдай отырып шығарады, кейін тақтада дұрыс жауабы шығарылып көрсетіледі.
Тапсырма:
Кітап дүкені күніне x кітап сатады, егер осы дүкеннің пайдасы күніне P = -11x2 + 450x - 800 теңгемен анықталатын болса, бір күнде 3000 теңге пайда табу үшін қанша кітап сату керек?
|
Үй тапсырмасы
1. Абсциссасы 1-ге тең функция графигінің нүктесінің ординатасын табыңыз.
2. функция графигінің ординатасы 3-ке тең нүктенің абсциссаларын табыңыз.
3. Координаталары (-3;6) нүктесі арқылы өтетін у=ах2–3 функциядағы а коэффициентін табыңыз.
5. Егер парабола төбесінің координаталары (2; -6) болса, онда у = -х2 + 4х + с функциясы үшін с коэффициентінің мәнін табыңыз.
6. квадраттық функциясының мәні x=0 болғанда 2-ге, ал x=1 болғанда 3-ке тең болса, p мен q-ді табыңыз.
|
|
|
Соңы
5 минут
|
Рефлексия
Төменде ұсынылған бір нұсқаны таңдау арқылы бүгінгі сабақтағы өзіңіздің жұмысыңызды бағалаңыз.
|
Сабақтың қиындық деңгейің бағалаңыз. Сізге сабақта:
оңай болды;
әдіттегідей болды;
қиын болды.
Материалды меңгеру дәрежеңізді бағалаңыз:
толық меңгердім, қолдана аламын;
толық меңгердім, бірақ қолдануға қиналамын;
толықтай меңгермедім.
|
|
|