Сабақтың тақырыбы: Квадраттық функция тақырыбын қайталау. Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет2/3
Дата02.02.2018
өлшемі0,91 Mb.
#37414
түріСабақ
1   2   3

IІІ. Мағынаны ажырату.

«Ой шақыру» . Өткен тақырыпты еске түсіру.

Әр топқа сипаттама беру.

  1. «Квадрат теңдеу»

  2. «Квадрат үшмүше»

  3. «Квадраттық функция»





  1. «Шығармашылық топ.»

Функция туралы тарихи мағлұматтар. Практикалық қолдану.

Функция –математикалық маңызды ұғымдардың бірі.



«Функция » - латын тілінен аударғанда «орындау, іске асыру» деген мағынаны білдіреді.

«График» - грек сөзі, ол қазақша «сызылған» деген мағынаны білдіреді.



«Парабола» - грек тілінен аударғанда «қосымша» деген мағынаны білдіреді. «Парабола» ғылыми атауын б.з.д 200 жылдары Пергтік Апполлоний еңгізген.

«Функция» терминін 1692 жылы неміс математигі Готфрид Лейбниц еңгізді. Ол функцияны графикпен байланыстырды. 1718жылы швейцар математигі Иоганн Бернулли «Функция айнымалылар мен сандардан құрастырылады» - деп тұжырымдаған. Осы көзқарас орыс математигі Н.И.Лобачевскийдің, неміс математигі П,Дирихленің және т.б. ғалымдардың еңбектерінде одан ары дамытылды.



ІV. «Ақылдасып пішкен тон келте болмас». Топпен жұмыс.

Постер құру. Қорғау.



1топ. y= a(x-m)2+n функциясының графигін

қалай салуға болады ?



2топ. y= (x+1)2-4 және y= x2+2х-3 функцияларының графигін салу жолдарының

екі тәсілін салыстырып, Венн диаграмма толтырыңдар.



3топ. y= аx2+вх +с функциясының графигін салу алгоритмін қолданып y= x2 - 4х +3

функциясының графигін салыңдар



4топ. y= |x2 - 2х - 3| функциясының графигін салыңдар

Постер қорғау

V. Сергіту сәті

VІ. «Білімді мыңды жығар» (Өздік жұмыс: деңгейлік тапсырмалар)

А. 1) y= x2 + 4

2) y= (x-3)2 функцияларының графигін салыңдар



В. Графигі бойынша формуланы жазыңдар:



С. Мақалдағы сандар арқылы квадрат үшмүше құрыңдар:

1. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

2. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса,төбедегі келеді.

3. Білгенің бір тоғыз, білмейтінің тоқсан тоғыз.



Жауаптары:

А.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет