Сабақтың ортасы 28 минут
2 минут
8 минут
8 минут
10 минут
|
Жаңа сөздермен жұмыс
Оқулықтың 116-бетінде берілген ескі,тұрғын сөздерінің мағынасы мен айтылуын меңгерту жұмыстары жүргізіледі: мұғалім жаңа сөздерді дауыстап оқиды, оқушылар мұғалім соңынан қайталайды. 116-беттегі суретті сөздікпен жұмыс жүргізіледі.
1-тапсырма (116-беттегі 1-тапсырма). Мәтінді тыңдап, сұрақтарды қалпына келтіру
Оқушылар үнтаспадан мәтінді тыңдайды. Әрі қарай:
Әр топ мұғалім бөліп берген 1 сұрақты қалпына келтіріп жазады да, сұрақты келесі топқа қояды.
Келесі топ өздеріне берілген сұраққа жауап береді де, өз сұрағын 3-топқа қояды.
3-топ өздеріне қойылған сұраққа жауап береді де, өз сұрағын 1-топқа қояды.
Сұрақтар мен жауаптарды бағалау «Жасыл, сары, қызыл фишкалар» арқылы жүргізіледі, яғни топтар бір-біріне тек сұрақ қойып қана қоймай, әр топтың сұрақтары мен жауаптарын да бағалайды. Мұндағы: «жасыл» - «өте жақсы», «сары» - «жақсы», «қызыл» - «орташа».
2-тапсырма (117-беттегі 2-тапсырма). Берілген суреттерді тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша орналастырып, мазмұндау
Оқушылар назары оқулықтағы суреттерге (117-бет, 2-тапсырма) аударылады. Тапсырманы орындау жолы түсіндіріледі. Оқушылар топтарда суреттерді мәтін мазмұнына сәйкес реттейді де, мазмұнын топта 1 рет айтып шығады. Осы дайындыққа 4 минут, әр топтың мазмұндауына 1 минут, жалпы бағалауға 1 минут берілетіні ескертіледі. Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы орындалады.
3-тапсырма. «Құпия хаттар» ойыны
(оқулықтың 117-бетіндегі 5-тапсырманы сәл өзгертіп, мына жолмен жүзеге асыру ұсынылады:)
Барлық топтарға бірдей Көктөбенің, «Шығыс күнтізбесі» субұрқақғының, «Бәйтерек» кешенінің, «Президент» саябағының, Райымбек батыр кесенесінің суреттері конверттерге салынып беріледі.
Әр топтың мүшелері суреттерді партаға жайып қарайды да, 1 ғимаратты таңдайды, бірақ басқа топтарға қай ғимаратты таңдағанын білдірмейді. Сол ғимаратты ватманға сипаттап жазады да, конвертке салып, келесі топқа береді. Келесі топ 1-топтың мәтінін оқып, мәтінге сәйкес суретті жапсырады да, 3-топқа жібереді. 3-топ хаттағы сурет жапсырылған мәтінді оқып, дұрыстығын талқылайды және тақтаға іліп, 1-топтың мәтінін, 2-топтың суретті дұрыс/бұрыс тапқандығын бағалайды. Барлық топтардың жұмыстары осылайша бір-біріне алмаса отырып, қорғалады әрі бағаланады.
Дескриптор:
Иллюстрациялар бойынша сипаттау мәтінін каллиграфиялық ережелерге сәйкес құрастырып жазды.
Мәтінге сәйкес суретті дұрыс анықтады.
|
оқулық
№4 слайд
//
оқулық + үнтаспа
//
үлестірмелі қағаздар
+
жасыл/ сары/ қызыл фишкалар
№5 слайд
//
суреттер
№6 слайд
+
ватман, түрлі-түсті қарындаштар, маркерлер
+
әр топқа 5 суреттен үлестіру
|