Мұғалім оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, ортаға «миналарды» тастайды (Құрылысшы не істейді? Мұғалім не істейді? т.с.с. сұрақтар жеке-жеке жазылған қағаздарды жұмырлап жерге тастайды). 1 оқушыны ортаға шығарып, көзін орамалмен байлайды. Аяғымен қай «минаға» тисе, сол сұраққа жауап береді.
Мұғалім оқушыларға оқулықтағы 6-тапсырмада берілген сөздерді жеке-жеке А4 форматты қағазға жазып, таратады. Тақта алдында тұрған оқушылар сөздерді тіркестіру үшін шеңбер бойымен тұрып, бір-бірінің сөздерін оқиды және жұптарын анықтайды.
Жұптасқан оқушылар өз сөздерін тіркестіріп, сөйлем құрастырады.
Сәулетшіге қатысты сөздері бар жұптар «Сәулетшілер» тобына, құрылысшыға қатысты сөздері бар жұптар «Құрылысшылар» тобына бірігеді және «Құрылысшы» / «Сәулетші» тақырыбына шағын мәтін құрып айтады. Мысалы: Әкем – құрылысшы. Ол үй жасайды. «Апорт» сауда үйін құрылысшылар жасады.